Р тауардың пайдалылығы болады
Тауар нарықта біреу еңбек шығындарын бағалағандықтан сатылмайды, берілген тауардың сатып алушы үшін белгілі бір тиімділігі, пайдалылығы болғандықтан сатылады.
Зат неғұрлым адам үшін пайдалы болса,соғұрлым ол оны жоғары бағалайды, оның бағасы да жоғары болады.
Зат пайдалылығының өлшеуіші– оның шекті пайдалылығы.
Игіліктің құндылығытұрақты қажеттілікті қанағаттандыратын, шекті дана пайдалылығымен анықталады.
Баға – бұл тауар, қызмет құнының ақша түріндегі сипаты.
Нақты баға - мәміле жасалатын нақты баға.
Белгіленген баға - биржалық келісімдер бойынша белгілі уақыт кесіндісіндегі орташа баға
(биржалық күн)
Сатып алушы бағасы - сатып алушы белгіленген уақытта тауар немесе құнды қағазға төлеуге дайын
болатын ең жоғарғы баға.
Сатушы бағасы – сатушы белгіленген уақытта тауарды немесе құнды қағазды сатуға дайын болатын
ең төменгі баға;
Демпинг бағасы - тауарды сату бағасының жасанды түрде төмендетілуі, нарықтан бәсекелесті
ығыстыру үшін және өз сатылымдар көлемін ұлғайту үшін пайдаланылады.
Келісімді баға (еркін)- өнімді өндіруші мен тұтынушы арасындағы келісім арқылы белгіленген баға.
Келісім-шарт бағасы - келісім-шартта бекітілген баға. Келісім-шарт бағалары нақты мәміле
бағалары болып табылады, сондықтан олар нарықтағы бағалар туралы ең сенімді ақпаратты береді.
Көтерме баға - өнімнің топтамаланып сатылатын бағасы.
Дара баға - өнімнің халыққа сатылатын бағасы.
Тепе-теңдік баға - сатушыға да, сатып алушыға да қолайлы болатын баға.
Ең төменгі баға - минимум баға.
Ең жоғарғы баға - максимум баға.
Ақпараттық,
Ынталандырушы,
Үлестіруші,
Шектеуші.
Ақшаның бірнеше анықтамасы бар.
Ақша– бұл жалпыға ортақ балама қызметін атқаратын ерекше тауар.
Ақша– бұл айырбастың өте өтімді заты.
Өтімділік – белгілі бір актив түрінің айырбас затына айналу жеңілдігі. Айналым заттары ролін ақша
орындағандықтан, ол активтердің ең өтімді түрі болып табылады.
Ақша жүйесі – бұләр елде тарихи түрде қалыптасқан және мемлекет заңымен бекітілген ақша айналымын ұйымдастыру түрі.
Баға мөлшері (барлық тауарлар бағасының баламасы болып табылады)
Айналым құралы (айырбас жүргізгенде делдал қызметін атқарады)
Қазына жасау құралы (байлық қоры болып табылады)
Төлем құралы (қарыз міндеттемесін өтеуді қамтамасыз етеді)
Дүниежүзілік ақша (халықаралық төлем құралы ретінде және жалпыға ортақ сатып алу құралы
ретінде пайдаланады)
Ақша массасы – бұл айналым және жинақтау қызметін атқаратын, қолма-қол ақшалы және қолма-қол ақшасыз түрдегі барлық қаражаттар жиынтығы.
Ақша агрегаттары (ақша массасының көрсеткіші).
М1 = қолма-қол ақша және чек салымдары.
М2 = М1 + чектік емес жинақтау салымдары және аздаған мерзімдік салымдар.
М3 = М2 + ірі мерзімдік салымдар.
|
(ақшаның қолдан қолға өту жылдамдығы).
V – ақша айналымының жылдамдығы,
P – бағалар деңгейі,
Y – өндірілген өнім мөлшері (нақты ЖҰӨ),
М – ақша мөлшері.
|
Ақшаның мөлшерлік теориясы – экономикадағы ақша мөлшерін мыналар белгілейді деп айтады:
- тауарға деген бағалар деңгейі,
- ақша массасының өсу қарқыны инфляция қарқынын детерминенттейді.
Ақша құндылығы оған деген ұсыныс пен сұраныстың сәйкестендірілуімен анықталады. Берілген сұраныс деңгейінде ақшаның нақты құндылығы оның сатып алу қабілеттілігімен анықталады.
Ақшаның сатып алу қабілеттілігі – бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер мөлшері. Баға өскенде ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмендейді.
Ақша тапшылығы тауар массасы айналымының бәсеңдеуіне және баспабас өсуіне әкеліп соқтырады.
Ақшаның шамадан тыс көбеюі ақша құнсыздануына әкеліп соқтырады.