Медициналык-биологиялык зерттеулерде колданылатын олшеу межелеринин(шкалалар)негизги типтери

Медициналық-биологиялық деректерге статистикалық талдау жүргізу үшін қолданылатын айырмашылықтарды талдау, байланыстарды талдау, өміршеңдікті талдау сияқты статистикалық әдістердің параметрлік және параметрлік емес түрлері жете сипатталды. Әрбір статистикалық критерийдің қолданылу аясы, оларды дұрыс қолданбаған жағдайда жіберілетін негізгі қателіктер көрсетілді. Әрбір тақырыптың соңында биологиялық статистиканың қолданбалы бағытын бейнелейтін медициналық басылымдардан алынған мысалдарға статистикалық талдау жасалынып көрсетілді және өз бетімен жұмыс істеуге арналған жаттығулармен қамтылды.

4. Статистикалық жиынтық

Статистикалық жиынтық - нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі. Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Статистикалық жиынтық – бұл: біріншілік статистикалық берілгендер және статистикалық көрсеткіште.Негізгі ұғымдар: 1)Статистикалық жиынтық - нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі. Жиынтық бірлігі – нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі. 2)Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін. 3)Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі. 3)Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі. 4)Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі. 5)Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы. 6)Статистикалық заңдылық – жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т. 7)Статистикалық бақылау – бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі

5. Бас және таңдама жиынтық

Таңдама жиынтық немесе жай таңдама деп кездейсоқ таңдап алынған обьектілер жиынын айтады. Таңдамалы жиынтық - бас жиынтықтың кішірейтілген үлгісі; кімге болмасын социологтың тарататын сауалнамалары, респондент деп аталатын, яғни жалпы әлеуметтік зерттеу объектісі ретіндегі тұлғалар. Бас жиынтық деп ішінен таңдама жүргізілетін обьектілер жиынын айтады. Жиынтық көлемі деп осы жиынтықтың обьектілер санын айтады. Бас жиынтық — берілген шарттарды қанағаттандыратын элементтер жиынтығы. Бұл жиынтық (популяция) белгілі параметрлермен сипатталады. Мысалы, зерттелетін бас жиынтық Алматы қаласының барлық ересек тұрғындары болса, оны сипаттайтын параметрлер — жынысы, жасы, табыс деңгейі және т.б. Бас жиынтық параметрлерін бағалауда – бағалау дәлдігі түсінігі енгізіледі. Бағалау дәлдігі дегеніміз – зерттеу нәтижелерінің қателік деңгейі. Ол сенімділік интервалының мөлшерімен анықталады. Егер миллиондаған доллар мен көптеген жұмыс орындарының тағдыры зерттеу қорытындыларына байланысты болса, бағалау дәлдігі өте жоғары болуға тиіс. Практикада таңдаманың түрлі әдістері қолданылады. Бұл әдістерді 2 түрге топтауға болады.

І. Бас жиынтықты бөлшектеп бөлуді қажет етпейтін таңдама, оған: а) жай кездейсоқ қайталанымсыз таңдама; б) жай кездейсоқ қайталанбалы таңдама;

ІІ. Бас жиынтық бөлшектеп бөлінетін таңдама, оған: а) типтік таңдама; ә) механикалық таңдама; б) сериялық таңдама жатады. Жай кездейсоқ таңдама деп барлық бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден алатын таңдаманы атайды. Егер алынған карточкаларды бумаға қайтармаса, онда таңдама жай кездейсоқ қайталанымсыз болады. Типтік таңдама деп, обьектілер бас жиынтықтың барлығынан емес, оның әрбір «типтікң бөлігінен алынатын таңдаманы атайды. Механикалық таңдама деп бас жиынтық таңдамаға қанша обьект қажет болса, сонша топқа бөлінетін таңдаманы атайды, әрбір топтан бір обьект алынады. Сериялық таңдама деп бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден емес, жаппай зерттеуге ұшырайтын обьектілер «серияларменң таңдап алатын таңдаманы атайды. Біртекті обьектілердің жиынтығын оларды сипаттайтын сапалық және сандық белгісі бойынша зерттеу керек болсын. Мысалы, бір партия құралдар бар болса, олардың сапалық белгісі ретінде стандарттылығы сандық белгісі ретінде-құралдың өлшемі қарастырылады. Кей кезде жиынның әр обьектісін қажет белгісіне қатысты зерттеп, жаппай зерттеу жүргізеді. Алайда, практикада мұндай жаппай зерттеу салыстырмалы түрде сирек қолданылады.

Наши рекомендации