Азақстанның валюта нарығының құрылымы
Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша қаржы рыногының неғұрлым маңызды бөлігі болып табылады. Бұл оның көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасындағы құқықтық және экономикалық қарым-қатынас орнатылатын механизм.
Бұл жүйе келісідей негізде мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді:
· Сатып алу-сату кезінде банк клиентпен тікелей қарым-қатынасқа түсетін бөлшек сауда мәмілелері.
· Валюталық брокер арқылы екі банк бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін банкаралық көтерме сауда мәмілелері мұндай қарым-қатынас барысында банкаралық рынок құрылады.
Ұлттық валюталық жүйе ұлттық заңдармен анықталатын еліміздің валюталық қатынастарын ұйымдастыру формасын білдіреді. Оны келесідей негізгі элементтер сипаттайды:
· ұлттық валюталық бірлік;
· ресми алтын-валюта резервтерінің қоры;
· валюта тепе-теңдігі және валюталық бағамды қалыптастыру механизмі;
· валютаның айналымға түсу шарттары, валюталық шектеулердің болу-болмауы;
· еліміздің сыртқы есеп айырысу тәртібі;
· ұлттық валюталық рынок және алтын рыногының режімі еліміздің валюталық қатынастарын реттейтін ұлттық мекеме статусы.
Валюталық рыноктың негізгі қатысушылары - банктер, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкіметтік агенттіктер, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Олардың барлығында валюталық рынокта ашық позицияны хеджерлеу қажеттігін, қаражаттарды әлемнің түрлі аудандарына инвестициялауға деген қажеттілік және сатып алу қабілетін бір елден екінші елге беруді қоса алғанда алуан түрлі қажеттіліктері бар
Валюталық рынокта оның қатысушылары келесідей негізгі қызметтерді атқарады: ақша аударымдары, хеджерлеу, клиринг және несие. Неғұрлым қарапайым операция – ақша аударымдары. Хеджерлеу кезінде валюталық рыноктың қатысушылар потенциалдық шығындардың валюталық тәуекелі деп аталатын тәуекел жағдайында валюталық позициядан қорғануға тырысады. Оның мәні мынада, мәселен теңге бағамы долларға шаққанда өсуі мүмкін және бұл жағдайда сатып алынған тауардың долларлық құны өседі. Бұл жағдайда ол теңге сатып ала отырып хеджерлеу жүргізе алады. Теңгені осылай форвардтық сатып алу тауардың долларлық құнын бекітеді және валюта бағамы өзгерген жағдайда қорғанысты қамтамасыз етеді.
Валюталық рынок халықаралық төлемдерді жүргізу кезінде клиринг механизмін қамтамасыз етеді. Бұл механизм банк басқа қаржы орталықтарында орналасқан банк-корреспонденттерде сақтайтын шетел валютасындағы депозиттер айналымы арқылы әрекет етеді.
Валюта рыногында банктер төмендегідей маңызды құралдарды пайдаланады:
· Шетел валютасы.
· Құйма алтын.
· мерзімсіз салымдағы қаражаттар телеграфтық немесе электронды аударым (талап етілмелі депозиттер);
· банктік вексельдер;
· коммерциялық тратталар.
· асыл бағалы тастар.
Әртүрлі валюта жіктелімінің негізгі сипаттамасы келесідей көрінеді:
Кез келген мемлекетте “валюта” ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былай жіктелінеді:
· Ұлттық валюта – аталмыш мемлекеттің ақша бірлігі
· Шетелдің – шет мемлекеттердің ақша бірлігі
· Резервтік – кез келген мемлекеттің халықаралық төлемдік резервтік қаражат мәртебесі бар ұлттық валюта.
Төлем қаражаты ретінде ұлттық валютаның қабілеттілігі жылдам және онымен өзара қайтымдылықты немесе айырбасталымды құрайтын валютаның басқа барлық түрілеріне минималды шығынмен айырбасталынады . Сондықтан барлық валютаның жіктелім категориясын төмендегідей топтарға бөлуге болады:
· еркін айырбасталымды
· ішінара айырбасталымды
· айырбасталынбайтын (тұйық)
Еркін валюталық айырбас резиденттер үшін де, резидент еместер үшін де кез келген операция түрлері бойынша валюталық мәміле жасасқанда еркін айырбасталымды валютаны белгілеген кездегі заңмен белгіленген шеңбер аясында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюталық мәміле бойынша сандық шектеу орын алатын елдердің валюасы жатады.
Валюталық операцияны жүзеге асыру және бір елдің валютасының басқа елдің валютасынан пропорционалды тәуелділігін анықтау валюта рыногына қатысушылар арасында валюта айырбасынсыз мүмкін емес. Аталмыш механизм валюта баға белгіленімін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Валюталық баға белгілену – бұл айырбасқа ұсынылған, елдер арасындағы ақша бірліктерінің арақатынасы негізінде белгіленген валюта бағамын анықтау. Аталмыш арақатынас валюта рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үздіксіз өзгеріп тұрады.
Валюта бағамының режімі бойынша валюталар былай жіктелінеді:
· валюталық тепе-теңдік арқылы тіркелген бағам
· өзгермелі бағам
Тіркелінген бағам анықтамасының классикалық нұсқасы “тіркеу” сөзінен шыққан, яғни әртүрлі елдердің ұлттық валюталарының ресми белгіленген арақатынасы көрсетілген. Өзгермелі бағамға келсек, ол валюталық биржалардағы сауда барысында қалыптастырылады және аталмыш валютаға деген сұраныс пен ұсынысты көрсетеді. Валюталық рынок ақша қаражаттарының тұрақты қызмет ететін және қажетті аккумуляторы болып табылады.