Ауылшаруашылық өнімін өңдеу,және сақтау
Күкірт-сутегі(Н2 S) - түссіз, шіріген жұмыртқаның иісін береді. Ол негізінен жануарлардың қорытылмаған белоктарынан құралып шығады. Бұл да улы газ. Егер мал қорасының ауасында күкірт сутегі 0,015 % асып кетсе,мал уланады. Малдың ыстық пен суыққа да қалыпты күйде төзе бермейтіні белгілі. Ыстықта мал өзінің ыстығын сыртқа шығару үшін біраз энергия жұмсайды, терлейді. Ауаның температурасының ыстығы да, суығы да малға қолайлы емес. Суықта жылыну үшін де біраз күш жұмсайды. Сондықтан малға қолайлы болу үшін қораға жазда салқындық жасайтын, ал қыста жылылық жасайтын жағдай керек. Сиыр, жылқы, түйе малдары үшін қораның ауасы қыс айларында 8-12° С, ал төл үйлерінде 14-18° С, қой мен ешкі қораларында 3-8° С, қозы бөлмелерінде 12-15° С болуын қамтамасыз ету керек. Қораның ішіндегі ауа ылғалдығы 60-70 % мөлшерінде болуы тиіс. Қораның іші жарық болуы шарт. Мал үшін судың орны бөлек. Сусыз малдың тіршілігі нашарлайды. Мал денесінің 60-70 %-ы судан тұрады. Жемшөпке бір айға дейін шыдай алатын мал сусыз 4-8 күннен артық тіршілік ете алмайды. Сол мал ішетін су таза, ешқандай жат, улы заттары жоқ, мөлдір, жеткілікті болуы керек. Жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етудің өзі малды көп қауіпті жағдайлардан сақтайды. Мал басын аман сақтап, сапалы өнім өндіру үшін оларды қазіргі зоогигиеналық және малдөрігерлік-санитарлық талаптарға сай қора-жайлармен қамтамасыз ету керек. Мал фермалары тек қана мал өсірілетін орын емес, ол жерде сонымен бірге адамзат үшін тамаққа пайдаланылатын өнімдер мен өнеркәсіпке қажетті шикізаттар өндіріледі. Сондықтан мал қорасында, біріншіден, малдың қалыпты тіршілігіне барлық жағдай жасалуы тиіс, екіншіден, ол жерде жұмыс істейтін адамға да жоғары өнімді еңбек етуіне мүмкіндік болуы керек, үшіншіден, өндірілетін мал өнімдері малдәрігерлік-санитарлық талаптарға сай болуы шарт, төртіншіден, сыртқы қоршаған ортадан ешқандай инфекцияның басқа да қауіп-қатердің енуіне жол бермейтін болуы керек. Мал қорасы
Қораны мал түріне, жасына, шаруашылық бағыты мен пайдалану мақсатына байланысты салады. Қораның іші жылы, желдетуге және маддың жатып тұруына ыңғайлы болғаны жөн. Қора салардан бұрын желдің жиі тұратын бағытын анықтап, тұрғын үйдің ық жағанан, биіктеу, жер асты суы жақын емес жерден таңдаған дұрыс. Фермада салынатын тұрғын үй, қора, мал азығының орны, барлығында өрт сөндіруші орындармен келісіп, техникалық қауіпсіздікті толық сақтай отырып орналастыру керек.
Мал қорасының есігі күн түсетін жағында болғаны дүрыс. Күндіз, шуақты, жылы күндері малды сыртта ұстау үшін қоршаған ашық аула, оның ішін азықтық және су астауларымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету керек.
Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының басьм бөлігін азыққа жұмсалған қаржы шығыны құрайды. Малды дұрыс азықтандырмау алынатын өнімнің өзіндік құнын көбейтіп, кірісті азайтады. Азық түрлерін, олардан жұғымды азық мөлшерін жасау мал шаруашылығымен айналысатын адам-дардан біліктілікті қажет етеді.
Малға берілетін азық су мен құрғақ заттардан: көмірсу, май, протеин, минералды зат, дөруменнен тұрады. Құрғақ заттың қоректік құндылығы әр түрлі азық құрамында әрқалай.
Көмірсу. Малға күш-қуат береді. Бұлшық ет жұмысына, дене температурасының бір қалыпты болуына, өнім беруге (мысалы, сүт) аса қажет. Құрамында көміртегі, сутегі, оттегі бар.
Көмірсутегінің қарапайым түрі -қант. Онда глюкоза бар. Табиғатта глюкоза күн сөулесі, су, ауадағы көмірқышқылынан пайда болады. Өсімдік глюкозадан күрделі көмірсу, крахмал, целлюлоза жасап, бойына қор ретінде жинайды. Жас өсімдік целлюлозаны жасушаларын бекітіп, түзуге жұмсайды. Өсіп жеітлу барысында, жасушаларын қатайтатын затты (лигнин) бойына сіңіріп, қатая бастайды. Пісіп кеткен шөптің жасұнығы тым көп болғандықтан, жұғымдылығы кемиді Өйткені жасұнықтың көп бөлігі қорытылмайды.
Сиыр мен қойдың қарны жасұнықты қорытуға жақсы бейімделген. Ал шошқаның ас қорыту мүшесі оны қорыт-пайды. Бірақ ас қорыту жүйесі бір қалыпты жұмыс істеуі үшін, азықта аздаған жасұнық болуы шарт.
Малға, негізінен, өсімдік тектес азық беріледі. Сондықтан мал шаруашылығын қоректік заттармен қамтамасыз ету егін шаруашылығына тікелей байланысты.
Майлар. Көмірсуларға қарағанда, майдың қуаты екі есе көп. Бойдағы артық қуат мал денесінде май қорына айналады. Бұл май керек кезінде жұмсалады.
Кейбір азықтар (мысалы, қуырылған жүгері дәні) малдың денесінде жұмсақ май жиналуына әсер етеді. Құрамында жұмсақ май бар еттерді сақтау өте қиын. Сондықтан малды бордақылағаңда, мұндай азықтарды күнделікті беретін жемшөп құрамынан шығарып, оны қатты май беретін азық-пен (арпа) ауыстыру керек.
Күнделікті берілетін азықтың құрамында майдың шамадан тыс мол болуы малдың асқазан жұмысын бұзуы мүмкін. Сондықтан майдың қуаты молдығына қарамастан, малға, көп ретте, көмірсулы азықтар береді.
Ақуыздар (белоктар). Малдан ет алу үшін, ақуыз керек. Ол -ішкі ағзалардың, жүннің, терінің негізгі тірек көзі. Денедегі жараның жазылуына көмектеседі. Суттің түзілуіне де қажет. Май, көмірсу сияқты ақуыз көміртегі, сутегі жөне оттегіден тұрады. Бұлардан басқа оның құрамында азот, кейде күкірт, фосфор және темір кездеседі.
Ақуыздың бірнеше түрі болғанымен, олардың барлығы қарапайым аминқьшіқылдарының жиынтығынан тұрады. Мал үшін маңызды қызмет атқаратын 20-дан астам аминқышқылы бар. Көпшілігі малдың денесінде аминқышқылының бір түрінің екіншісіне айналуы нәтижесінде немесе азықтағы азоттан пайда болады. Азық қүрамында "ауыстыруға болмайтын" аминқышқылдары қаншалықты көп болса, ол соншалықты жоғары, биологиялық қүнды жемшөп деп есептеледі (мысалы, балық ұны). Аминқышқылдарының құрамын білмей-ақ өнеркәсіптік ақуыз қоспасын беріп, малдың биологиялық қажетін қатағаттандыруға болады.
Малды ақуызбен қамтамасыз етумен қатар, оның барынша жұғымды болуына да көңіл аудару керек. Көп мөлшерде қабылданған ақуыз қанға азоттың көп баруына және қуаттың мол бөлінуіне әсер етеді, ал бұл бүйрек пен бауырдың жұмысын қиындатады.
Минералдық заттар. Мал азығының құрамына ақуыз бен көмірсудан басқа минералдық, заттар кіреді. Олар ағзалардың бірқалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
Минералдық заттар мал денесіңде төмендегідей қызмет атқарады. Кальций мен фосфор — сүйек пен тістің өсіп, қалыптасуына, ағзадағы жұмсақ ұлпалардың жетілуі мен малдың өсіп-өнуіне; магний — жүйке жүйесінің қызметі мен сүйектердің қалыптасуына; темір —қанның пайда болуына; натрий мен калий—денедегі сұйықтардыңқышқылды сілтілігін реттеуге және ас қорытуға жәрдемдеседі. Мине-ралдық заттар мал салмағының, 3%-ін құрайды. Ол оның
салмағының 80%-і сүйектен (негізінен, кальций мен фос-фор) тұрады. Сондықтан жас малды минералдық заттармен толық қамтамасыз ету оның сүйегінің тез өсіп-қалыптасуына ықпал етеді. Минералдық заттарды сатып алумен қатар, оны шаруашылықтың өзінде сүйек ұны, тартылған бор және ас тұзының керекті арақатынасынан жасауға болады. Бұлардан басқа малға аздаған йод, марганец, кобальт, мыс, мырыш беріледі.
Дәрумендер(витаминдер). Бұлар — малдың өсуі мен ден-саулығы жақсы болуы үшін керек заттардың (аздаған мөлшер-де) түрлері.
А дәрумені. Жас шөптің сары бояуында көп болады. Сондықтан оны жеген малда бұл дөруменнің аздығынан болатын ауру белгісі сезілмейді. Ол жетіспесе, мал нашар өседі Көзінің көруі нашарлап, кейде соқыр болып қалады. Дене бітімінің қалыптасуы бұзылады. Аяғын шалып басады, кейде сал болып қалуы мүмкін.
А дәрумені майда еритін дәрумен тобына жатады. Ол бауырда жиналады. Негізгі көздері — балық майы мен сары май.
В дәрумені. Тұтас дәрумендер тобынан тұрады. Ауыл шаруашылық малдары бұл дәрумендер тобын өте сирек қажетсінеді. Ірі қара мен қойдың асқазан жүйесінде пайда болады. Ал шошқа өз қажетін жемдегі дәрумендермен қам-тамасыз етеді. В2 дәруменімен немесе рибофлавинмен азық-тандырса, жақсы нөтиже береді.
С дәрумені. Барлық малдың бойында бар. Сондықтан оның жетіспейтін белгілері сирек кездеседі.
Д дәрумені. Сүйектің дұрыс қалыптасып, өсуіне керек. Оның жетіспеуінен сүйек жіңішкеріп, қисаяды. Жас мал мешел ауруына шалдығады. Күннің көзінде көп болатын малдардың денесінде бұл дәрумен өздігінен пайда болады. Оны қыстыгүні қорада көп ұсталатын малдарға азыққа қосып берген дұрыс. Бұл дәрумен балық майында көп.
Е дәрумені. Көк шөпте және дәннің тұқымында кездеседі. Оның жетіспеуінен мал кәп зардап шекпейді Қыстыгүні бұл дәруменге жарымаған сиыр көктемде бұзаулағанда, төлінде осы дәруменнің жетіспейтіндігі байқалады. Е дәрумені жетіспесе, мал жылдам арықтайды. Азығына балық майы көп қосылса, Е дәруменінің жетіспеуі азаяды немесе мүлде жойылады.
Су. Мал денесіндегі сұйықтардың басым бөлігін су құрайды. Денедегі зат алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды шығаруда (мысалы, сұйық дәрет) маңызды қызмет атқарады.
Жаңа дакылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Оның химиялық құрамдары әдеттегі өсіріп жүрген мал азықтық дақылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витаминдер құрамы т. б.) көрсеткіштері олардан артық болады.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның көк балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуыңда. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытынатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген, немесе одан жоғары.
Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 15 ц дейін протеин жиналады.
Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлем мал азығына жетіспейтін белок проблемасын шешудің жолы болмақ. Және де түйіндеп айтатын бір мәселе, белок құрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай, ал оның ішінде өте аз кездесетін түрлерінің болуы.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің көк балаусасында басқа да қоректік заттар, гүл элементтері, витаминдер және микроэлементтер көптеп кездеседі. Вейрих таранында, майтамырда, аю балдырғанында, қатыранда және кейбір баска да өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттар: глюкозидтер, фломониод қосындылары, фитоэстрогендер, кумариндер, эфир майлары, гармондар, биогендік өсіру тездеткіштері кездеседі және оларды мал азықтандырғанда емдік профилактика ретінде пайдалануға болатыны аныкталды.
Жаңа мал азықтық дақылдардан дайындалған сүрлемді мал жақсы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері, күн түйнегі, мақсары ұқсас марал шөбі. Бұлардың құрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр, майтамыр сиякты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сүрлемге салуға болады. Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсімдіктерді жас кезінде басқа жақсы сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жаңа өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі басқа бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.
Жаңа мал азықгық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Көпшілік өсімдіктерді қиыр солтүстікте де және ыстық оңтүстік климатында да өсіруге болады. Қүрғақшылық аймақтарда өсіруге перспектавалыңқөсімдіктер — катыран, сида, таспашөп, біржылдық түйе жоңышқа, күнтүйнегі, забайкал тараны және т.б.
Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сияқты өсімдіктер өздерінің мезофилділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қаркынының, жақсы жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.
Ауылшаруашылық өнімін өңдеу,және сақтау
Тұқымтану негіздері. Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналға нәр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналалар пайдаланылады:
нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және тұқымдастар, мақта өсімдігі);
жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, сұлы, т.б., күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т.б.);
жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т.б.);
түйнектер (картоп, жер алмұрты).
Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құндық қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себелсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдалану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді. Көпжылдық тәжірибесіне сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал – мәтелдер құрастырған: "Не ексең, соны орасың", "Нашар тұқымнан мол өнім күтпе", т.б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытты да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында да тұқымның маңызы әрқашанда арта түседі.
Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы – олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтастұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы – нақты жағдайлада белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тұқымтану – тұқым туралы ілім ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үрдістерді, табиғи орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның себу сапасын анықтау әдістерін оқытады.
Тұқымтанудың өзіндік зерттеу объектісі бар, ол – тұқымдық материал; арнайы мақсаты тұқымдық материалдың сапасын жақсарту және зерттеу әдісі бар, ол – тұқымдық материалды бағалау әдісі. Сонымен тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалаудың, жоғарғы сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының құрамды бөлігі мен теориялық негізін құрайды. Ол ботаникамен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы және басқа көршілес агрохимиялық пәндермен тығыз байланысты.
Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым – басқа агротехникалық шаралармен қатар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды технологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы сортттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі күрт төмендеп кетеді.
Сонымен тұқым немесе тұқымдық жадығат (материал) – танаптарға сеуіп, жаңа өнім алуға арналған өсімдік мүшесі.
Тұқымның себу сапасы. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкіншке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінді, соның нәтижесінде егістіктерде кондицияға жеткізілмеген тұқымның үлесі көбейіп кетті. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 1991 жылы дәнді дақылдар егістігінің 74,0% және класты тұқымдармен себілген болса, 2001 жылы ол көрсеткіш 37,0% ғана болды. Бұл деген сөз күні бұрын асиық өнімі мен сапасын төмендетіп, оның бәсекелестік қабілетін азайту болып табылады.
Тұқым сапасының көрсеткіштерін, олардың егін өніміне әсерін жақсы білуге міндетті. Тұқымның себу сапасының көрсеткіштер мемлекеттік үлгі қалыппен (МҮҚ) мөлшерленетін (тұқымның тазалығы, лабораториялық өнгіштігі, тұқымның ылғалдылығы, арамшөптер және басқа мәдени өсімдіктер тұқымдарымен ласт ануы, т.б.) және мөлшерленбейтін (тұқымның өңу энергиясы, 1000 тұқымның масасы, тіршілекке қабілеттілігі, тұқымның өсу күші, т.б.) болып ажыратылады.
Тұқымның тазалығы – егістік жадығаттың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Өлі деп аталатын (сабан, топырақ кесектері, тас, т.б.) қоспалар тұқымдық жадығаттаең әуелі артық балласт болып табылады, әрі қарастырылып отыр дақылдар ған тұқымның тазалық көрсеткішін (пайызын) төмендетеді, әрі сақтау мүмкіндігін нашарлатады, ал тірі қоспалар (тіршілікке кабілетті арамшөп және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары) өсірілетін дақыл егістігін ластайды және осыған байланысты өнім мен оның сапасы төмендейді. Егістік жадығаттың массасын айтады. Көптеген дақылдардың үлгіге есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының саны да (дана) есепке алынады. Тұқымдық жадығатты тазалаудағы мақсат – мүмкіндігінше барлық қоспаларды аластату. Қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналар да мұны толық іске асыра алмайды. Сондықтан тұқымның себу сапасын мемлекеттік үлгі қалыптаумен (МҮҚ) аздаған мөлшерде қоспа рұқсат етіледі.Көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін (дәнді, бірқатар майлы, т.б. дақылдар) тұқымдық үлгіқалыптың 3-класы, ал мал азықтық шөптерге 2- класс белгіленген. Егер бірінші топ дақылдарына кластарына қарай 1-4 қоспалар қарастырылса, екінші топта ол көрсеткіш 10-12%. Негігі дақылдың тұқымдарына мыналар жатады:түсіне қарамай, қалыпты дамыған бүтін тұқымдар, шала толысқан, семген тұқымдар, соғылған және астық қоры зиянкестерімен залалданған тұқымдар, ұрығының бар – жоғына қарамай тұқымның жартысынан үлкен ьөлігі сақталған болса, шоқылған немесе тамыршалар мен өскін қабықшаны жарып шыққан, бірақ сыртқа шықпаған, т.б. Қоспалар – бөтен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктермен арамшөп тұқымдары, қара күйе қапшықтары, топырақ кесектері, тірі және өлі зиянкестер, т.б. және негізгі дақылдың кемсін тұқымдары (тиісті елеуіштен өткен ұсақ және семген тұқымдар, езілген, шіріген, жарты бөлінген көбі жоғалған, үгітілген және т.б.). Көптген ауыл шаруашылығы дақылдарына мемлекттік үлгі қалыппен (МҮҚ) басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдары 1 кг талданған үлгіге саны, ал мал азықтық шөптерге (пайыз) бойынша көрсетіледі.
Тұқымның өнгіштігі. Бұл – нгістік жадығаттың себуге жарамдылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскіндердің (өркендердің) пайызы мөлшерін атайды. Зертханалық өнгіштікті оңтайлы жағдайда белгілі бекітілген мерзімде зертханада анықтайды. Өнгіштікпен бірге тұқымның өну энергиясын (қуатын) белгілі бір мерзімдегі (3-4 тәуліктен санынкейін) қалыпты өскіндердің анықтайды. Өну энергиясы тұқымның танаптық жағдайда біркелкі және тегіс егін көгін беруін сипаттайды, мұның өзі өсімдіктің тірі қалуының кепілі болвп есептеледі. Мемлекеттік үлгі қалыптың шарттары бойыша көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнгіштігі бірінші класты тұқымда 95% болуы қажет. Мал азықтық шөптерде тұқым өнгіштігі бірінші класс үшін 87-85%, ал екінші класта 70-65%. Кондицияға жеткізілмеген тұқымдарды себуге рұқсат етілмейді, өйткені ондай тұқымдар селдір және тіршілікке қабілеті нашар егін көгін береді.
Тұқымның ылғалдылығы – сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықта тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарлайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп пайызбен көрсетілетін тұқымдағы судың мөлшерін айтады. Тұқым ылғалдылығын анықтағанда алынған үлгілерді белгіленген температура ережесінде арнаулы кептіргіш шкафтарда кептіреді. Жалпылама талдауда тұқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшегіш құрылымдарда анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі тәсілмен анықтайды.
Мемлекеттік үлгі қалыптар бойынша тұқымның кондициялық ылғалдылығы еліміздің аймақтарына, жекелеген дақылдарға мөлшерленеді. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында дәнді дақылдардың көпшілігінің тұқым ылғалдылығы 16-17%, жармалық(тары, қарақұмық) 15-16%, майлы дақылдарда 10-13% астық тұқымдас мал азықтық шөптерде 13%-дан жоғары болмауға тиіс. Еліміздің оңтүстік облыстары үшін бұл көрсеткіштер біршама төмен.
Тұқымның тіршілікке қабілеті - егістік жадығаттағы тірі тұқымның пайызбен алынған шамасын сипаттайды. Тұқымның тіршілікке кабілетін мына жағдайларда анықтайды: тұқым сапасын шұғыл түрде қажет болғанда және тұқымның төмен өнгіштігінің себептерін анықтағанда жүргізіледі. Бұл көрсеткіштіжаңа жинап алыған күздік дәнді дақылдардың тұқым сапасы бағаланғанда жиі қолданылады. Өйткені жинеп алынғаннан кейін пісіп – жетілуден өтпеген тұқымдыегістікке пайдалану қажеттілігі туындайды.
Тұқымның тіршілекке қабілетін бояғыштарды (тетразол, индигокармин, қышқыл фуксин) пайдаланып, ал жоңықа мен қызыл беденің тұқымдарының тіршілекке қабілетінбөрту тәсілмен анықтайды.
Тұқымның өсу күші (қуаты) – тұқым өскіндерінің белгілі бір құм немесе топырақ қабатын жарып шығу мүмкіншілігімен және жасыл өскіндердің массасымен сипатталады. Бұл – көрсеткіш егістік жадығаттың бірқатар сапа көрсеткіштері, әсіресе тұқымның өну энергиясы төмен болғанда, аурулармен залалданғанда және тұқымның зақымдануы мен олардың қалыпсыз өскіндері көп болғанда, тұқымдағы бағалаудың қосымша әдісі. Тұқымның өсу күші 10 тәулік дегенде беткі қабатқа шыққан сау өскіндердің саны мен жасыл өскіндердің 100 өскінге есептегендегі массасымен өлшенеді.