Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі 5 страница

2) объективті жақтары – сыртқы іс-қимыл актісі, әрекет немесе әрекетсіздік, оның салдары, сондай-ақ әрекет пен оның салдары арасындағы себептік байланыс;

3) субъект – құқық бұзушылық жасағанға дейін 16-ға толған жеке, сондай-ақ заңды тұлға;

4) субъективті жақтары – заң бұзушының істеген қылмысына психологиялық қатынасы, әдейі немесе байқаусызда жасаған ісіне айыбы.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды алу; арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

Аталған сөгістің қайсыбірін қолдану бір жыл бойы тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білдіреді, тек бір жылдан кейін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әкімшілік сөгіс шараларынан басқа қайтадан құқық бұзушылықты ескерту мақсатында заңмен соттан тыс әкімшілік құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде көрініс табады. Олардың арасында әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары, әкімшілік – жолын кесуші және әкімшілік – қалпына келтіруші шаралар басым.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Алматы: Заңгер, 2004.

2. Жетпісбаев Б.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік. Оқу құралы, Алматы: Жеті жарғы, 2000.

3. ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі

5-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері. (3 сағат)

Жоспар

1. Жалпы ережелер.

2. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері.

3. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

4. міндеттемелік құқық негіздері.

5. Интеллектуалдық меншік құқығы.

6. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негізгі ережелері.

Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.

Азаматтық құқыққа азаматтық заңдар сәйкес келеді. ҚР азаматтық кодексі (ендігі жерде ҚР АК) жалпы бөлімнен (27.12.1994 ж.) және ерекше бөлімнен (01.06.1999 ж.) құралған. Жалпы бөлімде пән, әдіс, азаматтық құқық жүйесі, азаматтық құқықтар қатынастары, азаматтық құқықтар субъектілері және т.б. жалпы сұрақтар қаралады. Ерекше бөлімде нақты міндеттемелер (сатып алу-сату, тасымалдау, сыйлау және т.б.) сондай-ақ мұрагерлік мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және халықаралық жеке құқығы қаралады.

Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

ҚР АК 12 бабы – жеке тұлға бұл – ҚР азаматтары, өзге мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар екендігін анықтайды. Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін азаматтық құқық қабілеті және іс-әрекетке қабілеттілік болуы қажет.

Азаматтық құқық қабілеттілігі бұл – азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы).

Азаматтық іс-әрекетке қабілеттілік - өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзі үшін ие болу, жүзеге асыру, жасау және оларды орындау.

Іс-әрекеттің болуының құқықтық қабілеттіліктен өзгешелігі төмендегі қасиеттермен шартталған – жекелеген психикалық кәмелеттік меже, құқықтық нормаларды түсіну – бұл жас ерекшелікке және денсаулыққа тәуелді.

Заң іс-әректетке қабілеттілікті (18 жасқа жету), кәмелетке жетпегендердің іс-әрекетке қабілеттілігін (14 жастан 18жас аралығы), жас балалардың іс-әрекетке қабілеттілігін (ішінара іс-әрекетке қабілеттілікті, 14 жасқа дейін) жекелейді.

ҚР АК 26 бабы соттық тәртіпте тұлғаның іс-әрекетке қабілетсіздігінің негіздерін анықтайды. ҚР АК 27 бабы іс-әрекеттің шектелу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл тұлғалардың үстінен қорғаншылық қамқоршылық анықталады.

Заң азаматтардың кәсіпкерлікпен заңды тұлғалардың білімсіз шұғылдану құқығын мойындайды (заңмен қарастырылған жағдайлардан өзге)

Кәсіпкерлік бұл – меншік меншік нысанына бағынышты емес тауарға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза кіріс алуға бағытталған (жұмыс, қызмет ету) жеке меншікке негізделген (жеке кәсіпкерлік)немесе мемлекеттік кәсіпті шаруашылық құқығында жүргізуге (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген азаматтар мен заңды тұлғалардың ықыласты әрекеті. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атымен, тәуекелділігімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуі ашық жүргізіліп, жеке кәсіпкер ретінде есепке алумен тұжырымдалады (ҚР АК 19 бабы).

ҚР АК 33 бабы заңды тұлға ұғымын анықтайды. Ұйым - заңды тұлға бола алады. Ол жеке меншік құқығына, жедел басқаруға ие, шаруашылық түрінде жүргізілетін оқшау мүлікке ие және аталмыш мүлігімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүліктік құқыққа және міндеттемелерге ие болады, сотта талапкер және жауапкер бола алады, дербес балансқа немесе стетаға ие

Азаматтық заң заңды тұлғаларды келесі түрлерге бөледі:

1). Қызметтік мақсаты бойынша:

а) коммерциялық (қызметтің негізгі мақсаты пайда тауып, таза кірісті құрылтайшылардың арасында бөлісу); б) коммерциялық емес;

2). Жеке меншік нысаны бойынша:

а) мемлекеттік; б) мемлкеттік емес;

3). Ұйымдастырушылық нысаны бойынша:

а) коммерциялық мемлекеттік кәсіпкерлік нысанында, шаруашылық серіктестік нысанында, тұтыну кооператив нысанында, діни бірлестік нысанында қалыптаса алады.

4). Пайдаланылудағы мүлік құқығының көлеміне байланысты:

а) шаруашылық жүргізу құқығына немесе жедел басқаруға ие болушылар; б) жеке меншік құқығына ие болушылар.

Заңды тұлғаның азаматтық құқығы және іс-әрекетке қабілеттілігі бір мезгілде туындап тоқтатылады. Заңмен белгіленген түрде әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі оның туындауының негізі болып табылады (егер заңды тұлғаның жүзеге асырып отырған қызметі лицензиялауға жатса бұл қосымша алдын ала келісіледі). Жойылуы нәтижесінде тоқтатылады. Заңды тұлғаның бірынғай мемлееттік заңды тұлғалар тізілімінің шығарылған кезінен жойылу нәтижесінде тоқтатылады.

Мүліктік байлық және жеке мүліктік емес құқық азаматтық құқық қатынастарының объектісі болып табылады. Атап айтсақ бұл заңға сәйкес азаматтық айналымнан (ақша, зат, тауарлық белгілер, мүліктік құқық) алынып қоймаған кез келген мүлік.

Мүліктік емес байлық қатарына өмір, денсаулық, отбасылық және коммерциялық құпия т.б. жатады.

Азаматтық құқық қатынастарының мазмұның құрайтын азаматтық құқықтар мен міндеттемелер өмірлік жағдайлардан туындайды. Заң осы құқық пен міндеттемелердің туындайуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын осымен байланыстырады. Келісім азаматтық құқықта ең көп тараған заңды факт болып табылады.

Азаматтардың немесе заңды тұлғалардың азаматтық заң және міндеттемелерін анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекет келісім деп танылады (ҚР АК 147 бабы).

Келісімдерді бірнеше негіздемелер бойынша жіктеуге болады.

1. Келісімге қатысушылар санына байланысты

а) біржақты – жасалуы үшін бір жақтың ерікі жеткілікті (мысалы өсиет құруда). б) екі немесе көп жақты келісімдер – екі не одан көп жақтардың келісімін қажет етеді. Бұл келісімдер келісім-шарттар деп аталады.

2. Келісімнің туындаған кезіне орайластырыла пайда болған келісімдер.

а) нақты, қатысушының бірімен зат зат екіншісіне берілген кезінде жасалған болып есептеледі (мысалы сыйлау, сақтау). б) консуальдық – Келісім мен келісімнің жасалуын ғана талап ететін барлық келісімдер (сатып алу-сатыу.

3. Қызмет ету мезгілі бойынша:

а) мезгілсіз – олардакелісімнің жүзеге асырылу мерзімдері, уақыты көрсетілмеген. б) асығыстық. в) шартты – белгісіз бір оқиғаға беттестірілген, дегенімен сол оқиғаның болуы болмауы белгісіз құқық пен міндеттемелер.

Сол сияқты ақылы және ақысыз келісімдер болып жіктеледі.

Заң келісімдердің ауызша және жазбаша түрде жасалуын анықтайды. Заң кейбір келісім түрлерінің міндетті нотариалдық төлқұжатының екі жақтық белгілі бір құқықтық нәтижеге қол жеткізуі келісімнің жарамды екендігін танылуы үшін оның төмендегідей шарттарға сәйкестігі қажет.

1) Ол заңды болуы қажет. Заң талаптарына, құқықтық тәртіп негіздеріне, адамгершілікке сәйкес емес келісімжарамсыз болып табылады.

2) Ол іс-әрекетке жарамды тұлғалармен жасалуы керек

3) Келісімде өз еркін білдіру нақтылы келісімді жасаған тұлғаның еркіне сәйкес болуы қажет.

4) Келісімнің нысаны сақталуы қажет.

Жарамсыз келісімдер қажетсіз және талас тудыратын болып жіктеледі. Оның талас тудыратындығын соттық тәртіпте ғана тануға болады.

Меншіктің экономикалық қарым-қатынасы қоғамның материалдық негізін құрайды. Бұл қарым-қатынасты құқық нормаларымен реттейді. Меншік құқығы өз құрамына белгілі бір субъектілерге тиісілі материалдық байлықты реттеп қорғау құқық нормаларын енгізеді.Жиынтықта бұл нормалар кешенді құқықтық институтын немесе объективті мағынада меншік құқығын тудырады.

Субъектілік мағынада ҚР АК 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз мойындалған және заң актілерімен қорғалатын субъектінің өзіне тиісілі мүлікке өз қарауымен иелік етуі, қолдануы және өз ұйғаруымен пайдалануы.

Меншік иесі өз дүниесіне қарасты өз қарауымен кез келген әрекетті жүзеге асыра алады (кепілге беру, сату, жою). Меншік құқығы мезгілсіз.

Меншік иесінің үш тағандық құқықтық өкілеттілігі бар. Иелік ету құқығы – заңды түрде нақтылы мүлікке ие болу. Пайдалану құқығы – заңды түрде өз мүлікінен оның қажетті қасиеттерін пайдалану, алу, сол сияқты мүліктен табыс түсіру. Билік ету құқығызаңды түрде қамтамасыз етілген мүліктің заңды болашағын анықтау мүмкіндігі. Меншік иесі мүлкін өзі ұстауы және осы мақсаттағы шығындарды өзі өтеуі тиіс. Меншік иесінің мүлкі жоғалуы бүлінуі мүмкін.

Меншік құқығы және өзге де мүліктің заттық құқықтарын ажырату қажет. Меншік иесі өз мүлкімен пайдаланып, билік етеді. Өзге заттық құқықтық иесі – бөтен мүлікке ие. Заттық құқыққа : жерге иелік ету, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел билік ету құқықтары жатады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Ол бұл мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алып ҚР АК және өзге құқықтық актілермен белгіленген заңдылықтарға сәйкес иелік етуге, пайдалануға және билік етуге құқының болуы.

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары). Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн. Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады. Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары). Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады

Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық меншiк 2 түрге бөлінеді:

- өнертапқыштық құқығы, тауарлық белгі, тауардың шығатын жерінің атауы кіретін өнеркәсіптік меншік;

- әдебиетке, музыкаға, көркем, аудио-визуалды шығармалар енетін әдеби-көркем.Интеллектуалдық меншіктің екі түрі де мазмұнына қарай абсолютті құқыққа ие, тек қана құқық иесі туындыларын табыс табу мақсатында пайдалана алады, ал үшінші жақты тұлғалардың оның келісімінсіз мұндай құқығы жоқ. Парасат меншігі аясында нысандардың белгілі бір жүйесі пайда болды ( ҚР АК 961-бап): ғылыми жаңалық ашу, өнертабыс, әдеби және көркемтуындылар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және т.б.

Авторлық құқық – әдебиет пен өнер ғылымдарының шығармаларын тудырушыларға тиесілі жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтың жиынтығы. Авторлық құқықтың нысандары ҚР АК 972-бабында көрсетілген, бұл әдеби шығармалар, сценарийлық туындылар, хореография мен пантомима туындылары, ЭЕМ бағдарламалары және т.б.

Авторлық құқық автордың бүкіл өмірінің ішінде және өлгеннен кейінгі 50 жыл ішінде күшінде болады. Авторлық құқықтың пайда болуы шығарманың туу фактісімен ескерілген.

Отбасылық құқық – бұл некеден және отбасына тиісті затардан туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар саласы. Отбасылық құқықтың негізгі көзі «Неке және отбасы туралы»17.12.1998ж. ҚР заңы болып табылады. 3-бап неке-отбасылық заңнамамен реттелген қатынастарды белгілейді. Оларға мыналар жатады: некеге тұрудың шарттары мен тәртібі, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану; азаматтық құқық пен міндеттер, отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасына орналастыру тәртібі; азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі.

Неке ұғымы отбасылық құқықтағы негізгі түсініктердің бірі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 1-бабында некені ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы ретінде анықтайды. Некеге тұру тәртібі 13-баппен реттеледі. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.

Некені қию үшін арыз берген күннен бастап бір ай мерзім күту заңмен белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзім қысқаруы мүмкін.

Некеге тұрудың шарттары мыналар болып табылады: 1) еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі; 2) неке жасына жетуі. Заң еркектер мен әйелдер үшін бірдей неке жасын - он сегіз жасты белгілейді. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Некеге тұруға мынадай жағдайларда жол берілмейді: 1) басқа тіркелген некеде тұрғанда; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың арасында; 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың ; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған болса.

Некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері туындайды. Некелік заңнамамен реттелген жеке құқыққа ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдау еркі жатады. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық негізінде құруға міндетті. Ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.

Заң мүліктік құқықты егжей-тегжейлі реттейді. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Мұндай мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Наши рекомендации