Азақстанның бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қайта сатумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар нырығының құрылымына алғашқы нарық және қайталамы нарық жатады. Алғашқы нарық бұл бағалы қағаздарды алғашқы шығару және орналастырумен бйаланасты шаралар жиынтығын қамтыса, ал қайталама нарық бұл оларды қайта сату немесе әрі қрай айналдыру қатынастырын сипаттайды.
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы ішінара бағалы қағаздар түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінеді:
- акциялар нарығы;
- облигациялар нарығы;
- опциондар нарығы;
- фьючерстер нарығы;
- депозиттік қолхаттар нарығы;
Бағалы қағаздар нарығының құралдары бұл бағалы қағаздар түрлері жатады. Біздің тәжірибемізде бағалы қағаздарды мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға немесекорпоративтік бағалы қағаздар деп бөледі.
Мемлекеттік бағалы қағзадарға МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ, МЕИКАМ, НСО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар мен валюталық ноталар жатады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенттеріне ҚР Ұлттық банкі, Үкімет және жергілікті басқару органдары жатады.
Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады.
Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар; ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестицялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады. Жай акция бойынша дивидент мөлшері белгіленбейді және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасын тікелей тәуелді болып табылады.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі түрге бөлінеді:
- Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.
Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.
Ипотекалық куәліктер – бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен қамтамасыз етілген, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік туынды бағалы қағаз.
Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.
Депозитарлық қолхат – депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.
Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.
Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:
1. АДР – американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.
2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.
Туынды бағалы қағаздар – құны базалық активтің құнына тәуелді болып келетін екінші реттегі бағалы қағаздар.
Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.
Фьючерс – мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.
Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.
Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда делдал ретінде бола отырып, банктер клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына маналар жатады:
- Эмитенттер;
- Инвесторлар;
- Брокерлер;
- Брокерлік конторалар;
- Дилерлер;
- Маклерлер;
- Қор биржасы;
- Мемлекеттік ұйымдар;
- Кәсіби қатысушылар.
ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- брокер қызметі,
- дилер қызметі;
- депозитарий қызметі;
- кастодиандық қызмет;
- тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;
- бағалы қағаздарды басқару.
Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.
Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.
Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.
Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.
Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.
Қазақстанда брокер-дилер қызметіне кешенді лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:
- 1-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;
- 2-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.
Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.