Оршаған ортаны корғауға арналған шығыстарды қалыптастыру

Барлық деңгейдегі бюджеттер шығыстарының маңызды баптары болып коршаған ортаны қорғауды қаржыландыру табылады, себебі қоршаған ортаның экологиялык ахуалы тұрақты түрде колдау қажеттілігін талап етеді. Өнімнің жаңа түрлерін, әсіресе химиялық және биологиялық өнімдерді өндіру, урбанизацияның дамуы, қалалар мен қала тұрғындардың өсуі табиғатқа өте зор әсер етеді және оның нәтижесі халық өмірінің шарттарына ыкпалын тигізеді. Сондықтан, осы салада қажетті шаралар жүргізуді бюджеттік қаржыландырудың рөлі өте маңызды да және жылдан жылға артуда.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет құралдары арқылы келесі бағыттар бойы іске асырылады:

• Республикалық мәні бар айрыкша қорғалынатын табиғи аумақтарды үстау;

• мемлекеттік табиғи-корықтық қорларды орнына кайта келтіру;

• қоршаған ортаның мемлекеттік мориторингі;

• республикалық деңгейде табиғи сактаулық шаралар;

• гидрометеорологиялык мониторинг;

• экологиялы қауіпті объектілерге мемлекеттік экологиялы сарапшылық жүргізу.

Жергілікті бюджет құралдары аркылы осы салаға арналған шығыстар келесі бағыттар бойынша қаржыландырылады:

• жергілікті мәні бар айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарды ұстау мен корғау;

• экологиялык бақылауды қамтамасыз ету;

• табиғи сақтаулық шаралар жүргізу;

• республикалык бюджеттен қаржыландырылатыннан басқа мемлекеттік экологиялы сарапшылықты қамтамасыз ету;

• айуандар әлемін қорғау.

Ел экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілік өз алды ұзак мерзімді жобаларды бюджеттік қаржыландыруын та-лап етеді. Мұндай жобалар ресурс сақтықтаушы технологиялар шгізу, залалды заттарды шығаруын азайту, шаруашылықтық іс-әрекет нәтижелерінен жер, орман және су ресурстарын қорғауды қарастырады.

Тұжырымдама

Әрбір елдің экономикасы мемлекеттік қолдаусыз болуы мүмкін емес, себебі қоғамның белгілі бір мұқтаждары тек мемлекет арқылы қаржыландырылады. Мұндай мемлекеттік қолдау экономиканың шикізат емес бағыттағы бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызмет өндіруші салаларына бюджеттік ақша қаражаттарын бөлу арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану саласындағы бюджеттік саясаты қазіргі кезеңде минералды-шикізат ресурстарын пайдалануының тиімділігін жоғарлату мақсатпен оларды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталады. Осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халық тұрмысының сапасын жақсартуына әсер етуі тиіс.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қазіргі кезеңде іске асырылып жатқан мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты қандай?

2. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттерінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығындар қандай бағыттар бойы карастырылады?

3. Республикалық бюджеттің «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі» атты функционалдың топта белгіленген шығыстар Бюджеттік кодекске сәйкес қандай бағыттар бойынша қарастырылады?

4. Ауыл шаруашылығы аумағындағы республикалык бюджеттің шығыстар құрамы қандай бағьтттар бойынша калыптасады?

5. Республикалық бюджет құралдары арқылы ауыл шаруашылығын қаржыландыру қандай бюджеттік бағдарламалар бойы іске асырылады?

Әдебиеттер тізімі:

1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

Наши рекомендации