Стратегия элементтері мен түрлері

Стратегиялық жоспарлау циклі келесі негізгі элементтерді құрады (3-сурет).

Ортаны талдау әдетте стратегиялық жоспардың бастапқы үдерісі болып табылады, себебі бұл фирманың миссиясы мен максаттарын анықтау үшін, сондай-ақ міндеттерді орындау үшін мүмкіндік беретін әрекет ету стратегияларын құру базасы болып табылады.

Стратегия элементтері мен түрлері - student2.ru

Стратегиялық баламаларды талдау
Стратегияны таңдау және қалыптастыру
Стратегияны жүзеге асыру және бағалау тәртібі
Стратегиялық жоспар құру

           
  Стратегия элементтері мен түрлері - student2.ru   Стратегия элементтері мен түрлері - student2.ru
    Стратегия элементтері мен түрлері - student2.ru
 

Сурет 1 - Стратегиялык жоспарлау циклінің негізгі элементтері

Миссия көп жагдайда ұйымның имиджін білдіреді. Ол сыртқы орта субъектілеріне ұйым дегеніміз не, оның өмір сүру философиясы неде және неге ұмтылатыны туралы жалпы мағлұмат береді.

Егер фирма жақсы нәтижелерге қол жеткізгісі келсе, онд нақты мақсаттар қоя білуі кажет. Кәсіпорында ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттар орын алады. Қысқа мерзімді мақсатгар ұзақ мерзімді максаттарды нақтылайды.

Стратегиялық жоспарлауда ең маңызды максаттар ретінде сату көлемінің өзгеру қаркыны мен ұйым пайдасының арақатынасы және сату көлемінің өзгеру карқыны мен жалпы сала бойынша пайданың аракатынасын білдіретін ұйымның өсімі саналады.

Стратегия - ұйымның әрекет ету аясына, ұйым ішіндегі өзара карым-қатынастар жүиесі мен қоршаған ортадағы ұйымның әрекетіне қатысты оның дамуының ұзақ мерзімді бағыты.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін даму стратегияларын жоспарлаудың әр түрлі әдістемелік тәсілдері бар. Солардың бірі «тауар-нарық бойынша мүмкіндіктер» матрицасы. Мұндай матрица өнім өткізу көлемін сақтау немесе арттыру үшін 4 баламалы стратегияларды пайдалануды карастырады. Олар:

- нарыкка ену;

- нарықтың дамуы;

- тауарды әзірлеу;

- диверсификация.

Нарыққа ену стратегиясы қазіргі кезде өндірістегі өнімдерді және өткізу нарықтарын ұйымдастыруды жетілдіруге бағьпталған. Бұл стратегияны шығындарды үнемдеу әдістері деп те атайды. Яғни, мұнда «қазіргі жасағанынды жаксарта түс» деген кағида сақталады. Мұндай стратегияны қолдану нарық кеңейе түскенде (өскенде) немесе қажетті өнімдермен әлі толыққанды қамтамасыз етілмеген жағдайда тиімді болып табылады.

Ал, нарықтың даму стратегиясы келесі жағдайларда тиімді болып саналады, егер:

- жергілікті фирма жаңа географиялық нарықтарға ену есебінен өзінің өткізу нарыктарын кеңейтуге ұмтылса;

- демографиялық факторлар мен өмір сүру стилінің өзгеруі нәтижесінде нарыкта жаңа сегменттер пайда болса; жоғары сапалы және жақсы танымал өнімдер үшін қолданудың жаңа аясы пайда болса.

Тауарлар әзірлеу стратегиясы фирманың бірқатар табысты пайдаланғанда гиімді болып табылады. Мұнда фирма өзінің өткізу нарыктары үшін жаңа немесе жаңартылған тауарлар әзірлейді.

Диверсификация стратегиясы фирма бір ғана ассортиментгік топтарға шектен тыс тәуелді болмас үшін пайдаланылады. Бұл стратегияны жүзеге асыру жаңа тауарлар шығарумен және жаңа нарықтарды игерумен байланысты болғандықтан айтарлыктай тәуекелді болып табылады.

Әр түрлі фирмалардың стратегияларды әзірлеу тәжірибесі көрсеткендей, аталған стратегиялардың бірін ғана таңдамастан, олардың әрқайсысы өз орнымен колданылады.

Стратегиялық басқару саласының маманы М.Портер фирманың нарықтағы әрекет ету стратегияларының 3 саласын бөліп карастырған. Бірінші сала өндіріс шығындарын төмендету бойынша көшбасшылық, оның нәтижесінде компания ұқсас өнімге төмен баға белгілеу есебінен нарыкта ауқымды үлеске ие болады. Осындай стратегия түрін жүзеге асыратын кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыру мен жабдықтау жоғары деңгейде болуы тиіс.

Екінші сала өнім өңдірісіне маманданумен байланысты. Осы стратегия түрін таңдаған кәсіпорындардың өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесі, сондай-ақ дамыған маркетинг жүйесі болуы мүмкін.

Үшінші сала кәсіпорын өз күштерін нарыктың белгілі бір таңдалған сегментіне шоғырландырумен байланысты. Осы аталған бәсекелік стратегияларды келесі түрде белгілеуге болады шыгындар бойынша басымдық (артықшылық); дифференциация (бөлшектеу); шоғырландыру (концентрация).

Барлық кәсіпорындар үшін біртұтас стратегиялар болмайтынын атап өту қажет. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы кәсіпорынның нарықтағы ұстанымына, оның әлеуеті мен даму серпініне, бәсекелестердің іс-әрекетіне, шығарылған өнім немесе көрсетілген қызмет ерекшеліктеріне, экономиканың жағдайын әлеуметтік ортаға және көптеген тағы басқа факторларға байланысты болады.

Стратегиялардың айтарлықтай кең жіктемесіне оның бір немесе бірнеше элементтерінің жағдайының өзгерісіне негізделген жіктемені жатқызуга болады. Мұндай элементтерге өнім, нарық, технология жатады. Осыған байланысты бұл жіктемеге кірет барлық эталонды сгратегияларды 4 топқа біріктіруге болады.

Стратегиялардың бірінші тобын шоғырландырылған өнім стратегиялары деп аталатын стратегиялар құрайды. Бұған өнім мен нарықтың өзгерісімен байланысты стратегиялар кіреді. Мұнда стратегияларға келесілерді жатқызамыз:

- нарықтагы ұстанымын күшейту стратегиясы, яғни, кәсіпорын өзінің белгілі бір өнімімен берілген нарықта жақсы ұстанымды жаулап алу үшін барлығын жасайды;

- нарықты дамыту стратегиясы, өндірілген өнім үшін жаңа нарыктарды іздеумен сипатталады;

- өнімді дамыту стратегиясы, яғни, жаңа өнімді өндіру және оны фирманың меңгерген нарықтарында өткізу арқылы өнім міндетін шешу болып табылады.

ТАҚЫРЫП 6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

Наши рекомендации