Леуметтік инфрақұрылымның экономикалық рөлі және оның салаларында нарықтық қатынастардың дамуы.
Инфрақұрылым — (латынша инфра — төменгі, астыңғы, структура — құрылыс, орналасу) — экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым — жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым — тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым — тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылым — халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтікинфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді».Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) факторЖоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (ғылымды көп қажет ету факторы)..Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді. Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.
2.Фискалдық саясат қаржылық – бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары мен негізгі құралдары.
Қаржылық реттеудің екі нысаны бар – фискалдық саясат, яғни салық салу облысындағы саясат, және бюджеттік, яғни бюджет қаржыларын жұмсау облысындағы саясат. Қаржы саясатының негізінде мемлекеттік қаржылардың теоретикалық концепциялары жатыр.
Мемлекеттік шығындар тиімді сұранысқа жетудің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Бұл концепция тапшылықты қаржыландыру қағидасына негізделеді.
Қаржы саясатының бағыты елдің экономикалық жағдайына байланысты болады... Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын қаржы саясаты өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыларды ұйымдастыру мен қолдану бойынша мемлекеттің мақсатты бағытталған шаралар жиынтығын көрсетеді. Бюджеттің кірістері салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасады. Шығын бөлігі: қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға, экономика мен әлеуметтік саланы Салықтық санкциялар - салықтарды төлеуден бас тарту, салықтық төлемдердің мерзімін өткізіп жіберу, салықтық декларациясына жалған мәліметтер қосу және т.б. салық салу сферасындағы бұзушылықтардан алынатын ақшалай алымдар.
Мемлекеттік бюджеттің шығындары экономика дамуына шығындарды қосады және өндіріс көлемінің тұрақты өсуі мен оның тиімділігін жоғарлату үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттарын көрсетеді.Оларға:
- капиталдық салымдар
- егізгі қорларды жөндеу
- айналым құралдарының өсуі
- материалдық резервтерді құру жатады.
Капиталдық салымдарды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттарды қолдану басқа көздер есебінен жүзеге асыру мүмкін емес жалпы мемлекеттік мәні бар міндеттермен шектеледі. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың бюджеттік, қазыналық, алым-салықтың мақсатын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Ақша – несие саясаты – қаржылық әрекеттерге қарағанда жанама әдіске жақындау. Жеке алғанда, қаржы саясатын үкіметке тікелей бағынышты құрылым қаржы минстрлігі жүргізеді. Ол ақша – несие саясатын үкіметке тікелей бағынбайтын орталық Банк іске асырады.Монетарлық саясат нарық пен мемлекеттік реттеу әдістерімен қатар қолдану принциптеріне сайкескеледі. Дамыған елдердің экономикасында негізінен жанама реттеу әдістерін қолдану тиімді. Ал өтпелі экономика жағдайында тікелей реттеу әдісін қолдану өз нәтижесінде тез береді.
3. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етдудегі мемлекеттік шаралар.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Тікелей факторлар:
Ø Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
Ø Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
Ø Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
Ø Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
Ø Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанама факторлар:
— Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
— Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
—Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Экономикалық өсудің мақсаты қоғам болып табылады. Бұл адам дамуы үшін жағдай жасаумен, өмір сүру деңгейін арттырумен айқындалады. Адам ролі, оның мәні оның өндірістік күштердің факторы, өндірістік және басқа барлық қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен анықталадыЭкономикалық өсу халықтың барлық деңгейлерінің әлеуметтік жағдайына жағымды әсер етеді.. Экономикалық өсуді бағалау теориясы мен тәжірибесінде қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеуі маңызды орын алады
Билет пен 24 билет
1. ЭМР субьектілері, олардың әлеуметтік- экономикалық және шаруашылық мүдделері. Бұл мүдделерді бір арнаға бағыттау – оқып – уйренудің негізгі тапсырмалары.
Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар, иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін иеленушілер - бұл әлеуметтік топтар, олар бip-бірінен мынадай белгілермен ерекшеленеді: мүліктік, табыс, кызметі мен түрлері, мамандығы, салалық және аймақтық қызығушылығы. Бұл-жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұсақ және ipi кәсіпкерлер, басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әр қайсысының өз әлеуметтік-экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару билігі тетігін құрады. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш тармақтан құралған, олар: Президент, Үкімет, олардың сот органдары және Ұлттық банк. ЭМР өз қолдарына алатын федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет болды. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет пен арадағы тариф келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары және атқару биліктері өкілдерінен органдар құрылады. Экономика Министрлігі және кәсіпкерлердің салалық одақтарын жеке салаларын қолдау және дамыту жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады..
ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы қатынас мыналармен айқындалады:
- шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен;
- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылуының өсуімен;
- қалыпты төлемқабілетті баланспен;
- инфляция қарқынының төмендеуімен;
- халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен;
ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісін кейбір кемшіліктері болғанымен, ол, экономикалық мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және ғылыми әлемде,сондай-ақ мемлекеттік аппаратта болып саналады.
Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын "ойын ережелерін" белгілейді, жеке үкімет нарықтық субъектілерінің бipi болып шығады, яғни ұлттық мүддені қолдайтын белсенді мемлекет ретінде әрекет жасайды.
2. Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлекеттік шаралар
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң экономикалық саясатының басты мiндетi 2006 жылы елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен қатар экономикалық өсудiң жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етедi. Осыған байланысты экономикалық саясаттың алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да, Үкімет «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізгенде ең алдымен осы мәселені назарда ұстаған болатын.. Бұдан бөлек, макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-кредит және салық-бюджет саясатының және инфляцияның деңгейін жоспарлы 6-8 пайыз дәлізде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі. Ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау «Өнімділік-2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру» бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілетін болады. Ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау «Өнімділік-2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру» бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етіледі. «Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың 80 пайыз респонденті елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа өте жоғары баға береді. Economist Intelligence Unit-тің «2009-2010 жылдардағы саяси тұрақсыздық индексі» баяндамасына сай, Қазақстан әлемдегі саяси тұрақты 50 елдің тізіміне енеді», - деп хабарлайды EY компаниясы.Сонымен қатар, инвесторлар Қазақстанның инвестиция тартуына қызығушылық тудыратын фактор ретінде телекоммуникациялық инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде болуы, бәсекеге қабілетті салық салу жүйесі мен елдің тұрақты даму көрсеткішін атайды.
Ал кері әсерін тигізетін жағдай ретінде кәсіпкерлік ашудың қиындығы, транспорттық-тасымалдау инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымауын алға тартады.
Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, ықпал ету әдістері. Жөнсіз бәсекелестік түрлері және тұтынушылардың құқығын қорғау.
Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда. Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәсекелестiк.
Монополияның түрлерi. а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс. Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi дифференциялау.
Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылыми техникалық прогреспен обьетивті түрде байланысты. Оның іс - қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты
Әр алуан жаңалықтар енгізулі бәсекелік күресте аса күшті қару болып отыр.
Бәсекелеліктің түрлері
Ø Сала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып, ерекше шиеленіседі.
Ø Салааралық бәсеке күрес жойылмайды, өршеленеді. Мысалы, «тұтынушылардың доллары үшін» және капиталды пайда аз беретін саладан, оны көп жоғары беретін салада пайдалану үшін.
Ø Монополиялар «бөгде – аутсайдер» деп аталатын, яғни моноподық бірлестікке кірмеген кәсіпорындармен үнемі күресте болады. Күрестің айлалы, жауыздық әдістерге толы көптеген түрлерін қолдана отырып, «бөгделерді құртып жібереді»
Ø Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес тоқталмайды.
Ø Бәсеке ұлттық нарықта ғана емес әлемдік нарықта болады.
Ø Монополиялардың бірімен бірінің күресі әрдайым қауіпті сипатта болады. Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.
Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні - монополдық үстеме жоғары пайда түсіру.
Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:
а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.
б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.
в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.
г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.
д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, монополияға қарсы саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады..
Пен25 билет
1.Қ.Р-ғы монополияға қарсы реттеу оргондарының құрылымы. Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлері формаларын дамыту мен қолдау.Монополия Қазақстан нарығында жиі кездеседі ж.е тұрақты б.п табылады.Қаз-да табиғи монополияға жататындар: Халыққа комуналдық қызмет(сумен, газбен,электр энергиясымен,жылумен қамтамасыз ету),темір жол салу әуе жолы ж.е энергия өндіру обьектілері т.б.Табиғи монополияны реттеу негізінде мына шаралар қолданылады:1)өнімг белгіленген бағаны реттеу2) баға өндірісінің шектеулі коэффициентін бекіту, еркін баға тәртібін бекіту.ҚР-ның табиғи монополия лар туралы заңына сәйкес тибиғи монополия категорияларына мыналар жатады:1) мұнай ж.е мұнай өнімдерін тасымалдау магистральдары;2)газ тасымалдау;3) темір жол тасымалдары ;4)электр ж,е жылу энергиясын жеткізу бойыншы қызмет корсету;5)порттар,әуежайлар қызметтері ж.е т.б.
2.Қоғамның еңбек әлеуметі мен демографиялық жағдайы . Еңбек ресурстарының гендерлік ж.е интелектуалдық деңгейінің маңызы.Еңбек өнімділігі ж.е құрылымның 2 жақты сипаты бар:1)Еңбекке қабілеттілік ж.е жұмыс күші2) тұтыну күші не.се тұтыну ға қабілеттілік;Экон.да адамның еңбекке ж.еи тұтынуға қабілеттілігін қалыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экон.қ жүйеде адамның рөлін сипаттау үшін бірқатар ұғымдар пайдаланылады Яғни адам ресурстары,адам капиталы,экон.қ адам, жұмыс күші, еңбек ресурстары.Еңбек нарығы жұмыс күшіне с-с пен ұ-сты тудыратын экон,қ ерекше сала б.п табылады.Еңбек нарығының 2жакты сипаты бар:1)Еңбек нарығында с-сты қалыптастырытын жұмыс беруші 2)Еңбек нарығында Ұ-сты қалыптастыратын жұмысшы.
3.Экон.қ өсуді қамтамасыз етудегі мем.т іс-әрекетінің негізгі бағыттары экон.қ өсу үллілерін салыстыру.Экон.қ өсу- жалпы ұлттық өнім,жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жіө, макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.Экон.қ өсудің мақсаттары мынадай мәселелерді қарастырады:1) қолайлы инвестициялық ж.е кәсіпкерлік жағдайды қамтамасыз ететін базалық заңнамалар жасау;2)бюд. Жүйесінің тепе-теңдігіне ж.е оның қызметін тиімді арттыруға қол жеткізу;3)меме.к міндеттемелерді қолда бар ресурстар мен сәйкестендіру ж.е ресурстарды мем.ң базалық функцияларын орындауға шағырландыру;4)Қаз экон.сында прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;5)Қаз.да әлемдік экон.ға интегрциялау үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.
Билет пен 26 билет
1. Ұдайы өндіріс процесі мен экономикалық циклдігі, оның обьективті және субьективті себептері.
Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экономикалық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономикалық аспектілер үлкен маңызға ие. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (формаларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосымша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.
Кеңейтілген ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі.
2Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен обьектісі. Экономиканы Мемлекеттік реттеудегі негізгі объективті ұғымын, ең алдымен оның өзіне тән ғылыми қажеттілігінен анықтауға болады. Себебі білімнің әр-бір саласы "оның тәжірибемен дәлелденгенін бастапқы негізгі аксиомалары арқылы жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріндегі олардың тиімді паидалану мақсатында макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі:
- Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
- Екінші қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды.