Сынып. Дүние жүзі тарихы. ? Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету

Сабақтың тақырыбы: §8. Қытай. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

? Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдардағы Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысына сипаттама беріп, жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аудару. Қазақ-қытай қатынастарында екі жақтың көзеген мақсатын анықтап, сауда байланыстарының екі ел үшін де тиімді болғанын көрсету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы Қытай мен Үндістан»картасы, «1779-1786 жылдарға дейінгі отарлық иеліктер».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

– Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?

– Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму деңгейі бірдей болды ма?

– Осман империясында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Халықтың жағдайы.

2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы.

3. Цин империясының мемлекеттік, саяси-әлеуметтік құрылысы.

4. Цин империясының жүргізген басқыншылық соғыстары.

5. Қазақ-қытай қатынастары.

6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Қытайдағы егіншілікпен сауданың дамуы.

Маңызды оқиғалар:

§ 1644 ж.- Маньчжурлар Пекинде өкімет билігін өз қолына алды.

§ 1644-1912 жж.-Қытайдың Цин империясы деп аталуы.

§ 1755-1757 жж. –Жоңғар хандығын бағындырды.

§ 1759 ж.-Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды.

§ ХҮІІІ ғ. бірінші жартысы-Қытайдың қазақ хандықтарымен байланыс жасау кезеңі.

§ 1757 ж. Еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салынды.

ІҮ. Сабақтың бекіту: «Мұны әркім білуі тиіс» ойын

1. Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?

2. Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?

3. Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?

4. Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?

5. Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?

6. ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?

7. Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§8

Сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §9. Жоңғар хандығы

Сабақтың мақсаты:

? ХҮІІ ғасырда Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстырып, хандықтың саяси-әлеуметтік жағдайына сипаттама беру. Жоңғарлардың жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аударып, Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясатының мазмұнын ашып көрсету. Қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербеастігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлтжанды жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

– Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?

– Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?

– Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?

– Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?

– Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?

– ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?

– Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Жоңғар хандығының құрылуы.

2. Жоңғар хандығының саяси-әлеуметтік дамуы.

3. Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары.

4. Жоңғар хандығының Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясаты.

5. Жоңғар хандығының күйреуі.

Маңызды оқиғалар:

§ 1635ж.- Жоңғар мемлекетінің негізі қаланды.

§ ХҮІІ ғ. 40-ж.- Жоңғарлардың қазақ хандығына шабуылы.

§ 1678 ж. –Шығыс Түркістанды бағындырды.

§ 1681-1684 жж.-Жоңғарлар қазақ жеріне екі үлкен жорық жасады.

§ 1755-1757 жж. – Жоңғар хандығының талқандалуы

ІҮ. Сабақтың бекіту: «Иә-жоқ» ойыны

1. ХҮІІ ғасырда Монғол жерінде қандай хандықтар өмір сүрді?

2. Жоңғар қандығы қай кезде, неліктен күшейді?

3. Қазақ-жоңғар соғыстарының салдары неге соқтырды?

4. Жоңғар хандығының жойылып кетуіне қандай оқиға себеп болды?

5. Цин империясы Жоңғар хандығының өмір сүруіннеліктен қаламады?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§9

Наши рекомендации