Лемдегі ең қауіпті спорт түрлері
Әлемдегі әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрі өзіндік ерекшеліктерге ие. Олардың ішінде тарихи діңгектен бастау алған қисынсыз, тіпті қауіпті болып келетін ойын түрлері бар. Ал қауіпті болса да, тоқтату дәстүрді жою деген сөз. Сондықтан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Ендеше әлемдегі ең қауіпті спорт түрлеріне назар аударайық.
Түйенің үстінен секіру (Йемен)
Жігіттер үш бірдей түйенің үстінен секіреді. Түйенің өркешімен бірге есептегендегі биіктігі орташа 170 см болады.
Тоқпақ лақтыру (Шотландия)
Шотландтықтар салмағы 15 келіден кем болмайтын тоқпақты 76 метрге дейін лақтыра алады.
Ағаш діңгегін лақтыру (Шотландия)
Бұл спорттық жарыста қолданылатын ағаш діңгектерінің ұзындығы 6 метр, ал салмағы 90 келі болады. Қатысушы алыптар осындай ағашты лақтырған кезде ол көкте бір айналып, бастапқыда жоғарыда болған басымен жерге түсуі тиіс.
Жанатын кокоспен футбол ойнау (Индонезия)
Ұлттық спорт түрінің атауы оның қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп тұр.
Онабашира (Жапония)
Мұны спорт емес, көбіне фестиваль деуге келеді. Ол алты жылда бір рет өткізіледі. Фестиваль үшін арнайы 200 жылдық қарағай кесіледі. Ұзынынан жатқызылған ағаштың үстіне еріктілер мініп, таудан төмен қарай сырғанайды. Әркез оның астында қалып, қанша адам мерт болатыны да белгілі. Дегенмен ұлттық құндылықтардың жойылмауы үшін фестиваль жалғасын табуда.
Ботаоши немесе ағашты құлату (Жапония)
Бұл ұлттық ойын түріне 75 адамнан тұратын екі команда қатысады. Олардың бірі тік тұрған ағашты құлатуы тиіс. Ал екіншісі бірінші командаға қарсылық көрсетуі керек. Нәтижеде нағыз төбелес орын алады. Ойынның ережелері бойынша қатысушылар қарсыласын ұрып-соғудан бөлек, тістей алады.
Флорентийлік кальчо (Италия)
Екі команда бір допқа таласады. Расында алаң ортасында төбелеседі. Бұл ұлттық спорт түрі туралы Карл V былай деген екен: "Кескілескен айқас үшін мұны спортқа жатқыза алмаймыз. Ал көлемді болмағаны үшін соғыс деп те айта алмаймыз".
Сумо (Жапония)
Жапонша күреске дене бітімі қоңыр аюдай келетін спортшылар қатысады. Олар бар өмірін салмақ қосу мен балет билеушісі сынды тепе-теңдікті сақтауды үйренуге жұмсайды.
Паку Джави немесе бұқалармен жарысу (Малайзия)
Бұл жарыс күрішті жинау науқаны аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Айта кетсек, дәл күріш егілген сулы мекенде нағыз жарыс өткізіледі екен. Қатысушылар екі бұқаға ағаш тақтайды жегіп алып, жарысады.
Тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
· Қауіпті спорт ойындарының денсаулыққа пайдасы бар ма?
· Біздің еліміздегі ұлттық ойындардың қай түрі қауіпті деп ойлайсыз?
Тапсырма. «Салауатты өмір салты» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар.
______________________________________________________________________________
БӨЖ тапсырмалары (ҮШ апта)
Зақ өмір сүрудің құпиясы. Газет, интернет материалдарынан ақпараттар әзірлеу.