Суреттемені қай автор хабарлама (информация) жанрлары тобына жатқызады?
A)М. Барманқұлов;
Ә)Т. Қожакеев;
Б)Е. Прохоров;
В)Е. Журбина;
Г)Б. Стрельцов.
76. Бірінші абзацы тырнақша ашудан басталатын лид:
A)Баяндаушы;
Ә)Цитата;
Б)Контраст;
В)Сұрақ;
Г)Қаламбур;
Дэвид Рендалл лидті қаншаға бөледі?
A)Бес;
Ә)Он;
Б)Сегіз;
В)Он төрт;
Г)Он бес;
78. М. Булгаковтың "Мастер и Маргарита" романында Мастердің шығармасына мін тағатын әдебиет сыншысы:
A)С. Әшімбаев;
Ә)О. Латунский;
Б)Ю. Кузнецов;
В)М. Қаратаев;
Г)К. Чуковский.
79. Газет репортажы мен телевизия репортажының басты айырмашылығы:
A)Газет репортажы оқиғаны синхронды береді, телерепортажда оқиға мен берілу арасында интервал болады;
Ә)Газет репортажына ауызекі тіл тән, телерепортаж әдеби тілге ден қояды;
Б) Газет репортажын өңдеуге уақыт бар, ал телерепортажда суырыпсалмалық қасиет, сөйлеу тілі басым;
В)Газет репортажында журналист эмоциясы көзге ұрып тұрады, ал телерепортажда ол мүлде жоқ;
Г)Газет репортажы тек жағымды оқиғаларға құрылса, телерепортаждың дені келеңсіз жайттарға арналады.
80. Профессор Т. Қожакеевтің айтуынша, жанр дегеніміз:
A)Композициялық құрылымы бірегей, сюжетті әдеби-публицистикалық шығарма;
Ә)Кейіпкерлердің қоғамдық кеңістікте өмір сүру формасы;
Б)Публицистикалық шығармаларды топтастыру әдісі;
В)Газет-журнал материалдарының, телевизия және радио хабарларының өмір сүру, көріну формасы;
Г)Баспасөз материалдарының ара жігін ажырату әдісі.
81. Жазушы Фазиль Искандердің «Звезда козлотура» повесінде ауызға алынбаған газет жанры:
A)Ақпарат;
Ә)Түсіндірме;
Б)Эссе;
В)Очерк;
Г)Фельетон.
82. Корреспонденцияға тән қасиеттер:
A)Көбінесе тарихи тақырыптарды қарастырады, ретроспективалық талдаулар жасайды, ойды жинақтап қана қояды, оны қорытындыламайды;
Ә) Бүгінгі күн тақырыбына араласады, негізгі объекті - адам және оның ісі;
Б)Негізінен келер шақтағы мәселелерді қарастырғаны ләзім, сондықтан болжаулар, пайымдаулар басым келеді;
В) Бүгінгі күн тақырыбына оқта-текте барады, объекті біреу ғана -эстетика мен этика мәселелері. Арналы ой, өзекті түйін сол тақырыптар айналасына ғана топтастырылады;
Г) Өткен-кеткен күндерден, тарихи құжаттардан дерек алмағаны, тек бүгінгі күннің мысаламен шектелгені жөн. Сүйекті композициясы болмайды, проблема бойынша келелі ой айтуды жоғары жаққа қалдырады.
83. Дайджест форма жағынан қай жанрға жақын:
A)Очеркке;
Ә)Корреспонденцияға;
Б)Сұхбатқа;
В)Баспасөзге шолуға;
Г)Түсіндірмеге.
Абай туралы мәлімет революциядан бұрынғы қай орыс газетінде кездеседі?
A)Омские ведомости;
Ә)Семипалатинские областные ведомости;
Б)Семиреченские областные ведомости;
В)Санкт-Петербургские ведомости;
Г)Московские ведомости.
Мазмұн ауқымы жағынан шолулар (обозрение) қалай жіктеледі?
A)Маңызды шолу, оперативті шолу;
Ә)Жалпы шолу, тақырыптық шолу;
Б)Экономикалық шолу, бағдарламалық шолу;
В)Мәдени шолу, ғылыми шолу;
Г)Толық шолу, сегментті шолу.
86. “Плейбой” журналының фирмалық белгісі:
A)Кенгуру;
Ә)Үй қояны;
Б)Әтеш;
В)Жираф;
Г)Піл.
87. Мақсат-мазмұны, қамтуы, суреттеу объекті және жазылу сипаты жағынан баспасөзге шолудың жіктелуі:
A)Ақпараттық шолулар, топтама шолулар;
Ә)Шолу-мақала, шолу-рецензия, шолу-репортаж;
Б)Көлемді шолу, шағын шолу;
В)Аналитикалық шолу, стандартты шолу;
Г)Іскерлік шолу, бизнестік шолу.
Репортаж жазу ұшін ең алдымен не қажет?
A)Оқиға, тілші, оқырман;
Ә)Автокөлік, диктофон, репортерлік магнитофон;
Б)Қалам, қойын дәптер, телефон;
В)Компьютер, пейджер, калькулятор;
Г)Интернет жүйесі, электронды почта.
89. Л.Толстойдың "Анна Каренина" романында (сегізінші бөлім) фельетон жарияланған басылым:
A)Северная Пальмира;
Ә)Северный жук;
Б)Телескоп;
В)Отечественные записки;
Г)Северный телеграф.
90. Рецензияның жарнамалық сипаты:
A)Ол шығарманы тек баспагерлік бұйым тұрғысынан қарастырады;
Ә)Онда жарнамалық сипат мүлде болмайды;
Б)Ол шығарманы эстетикалық талаптар биігінен қарастырады;
В) Ол белгілі бір туындыны сөз ете отырып, оны насихаттайды,товарлық қасиеттерін де ашып көрсетеді;
Г)Ол шығарманың оқырмандарға берер әсерін сөз етумен шектеледі.