Азақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
- Театр өнері
- Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққ аөріс ашты.Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында - Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді. 1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі - “Амангелді” картинасын жасап шығарды. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Ауыл зергерлерінің сақина, сырға, алқа, белдік, білезік, жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды. Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметке бөленетін. Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін. Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де белгілі болды. Тіпті шетелдерге де әйгілі болды.1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары,ұлтық киімдер болған. Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.
Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М.Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.
Күләш Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.
XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде–кем. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. А. Жұбановтың "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Ұмытпа", "Ақ Шолпан" сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған "Абай" сиютасы өз алдына бір төбе. . А. Жұбановтың композитор ретінде бағындырған биіктерінің бірі – опера жанры. Л. Хамидимен бірігіп жазған "Абай" операсы – қазақ жазба әдебиетінің кемеңгері Абайдың тереңдігімен, асқақтығымен ұштасып жатқан туынды. Абайдың туған халқына деген сүйіспеншілігі опера музыкасында терең, табиғи үндестік тапқан. .
ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды.
1926 жылы 13 қаңтарда – Қызылордада тұңғыш қазақ тетры ашылды. Қазақ театр өнерінің алғашқы режиссері Ж.Шанин. Халық өнерінің қайнар көзінен бастау алған сол дара тұлғалардың бірі –Серәлі Қожамқұлов. Өзінің ұзақ жылғы сахналас дос-әріптестері – Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков секілді мұның да өнерпаздық жолы қазақ ауылындағы ойын-сауықтан басталып, әрі қарай оның сиқырлы құпияларын тану кезеңдерімен ұласады.1926-1932 жылдардың аралығында С.Қожамқұлов театрда бас режиссерлік, ал Қ.Жандарбеков қатардағы режиссерлік қызметті қоса атқарып келген. Ескі қазақ ауылының әлеуметтік тірлік-тынысын бейнелейтін шағын пьесаларды сахнаға қою С.Қожамқұловқа ешқандай қиындық тудырмаған. С.Қожамқұлов қойған Б.Майлиннің “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Көзілдірік”, “Қалпе”, “Талтаңбайдың тәртібі” сияқты сахналық туындылар – қазақ театрының алғашқы кезеңдегі табыстары десек, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Бәйбіше – тоқал”, Ө.Оспановтың “Зарлық”, “Сеңсең бөрік”, т.б. пьесалар Серағаңның байлам-шешімдерімен сахнаға шықты. Ал тәжірибелі кәсіби режиссер 1936 жылы қойған “Ревизордың” аса табысты болып, театр тарихынан көрнекті орын алған спектакльдегі Земляника рөлінде С.Қожамқұлов үлкен мектептен өткендей болған. Қазақ театрының сахнасына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы 1940 жылы қойылды. Сонан бері қарай пьеса төрт-бес мәрте қайта қойылып, талай режиссерлердің қолынан өтті. Солардың барлығының да Қарабай рөлін Қожамқұловқа жүктеуінің өзі ол жасаған сахналық бейненің көркемдік мазмұнына байланысты болса керек. Қазақ театрының шығармашылық ізденістерінде тарихи-фольклорлық шығармалардың орны ерекше. М.Әуезовтің “Айман – Шолпан”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра” пьесалары қосылады.
ҚАСТЕЕВ Әбілхан (1904—1973) — қазақ кескіндемешісі және акварельшісі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Жаркент (қазіргі Алматы облысы) қаласының жанындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Н. Хлудовтың көркем студиясында оқыды. (Н. Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы көркем студияны жалғастырды. Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері Ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов»портреті. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы. 1917/1918 жылдары туылған, қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері .
СИДОРКИН Евгений Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: "Ақсақал" (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары "Көңілді алдағыштар" (1959), М. Әуезовтің "Абай жолы" (1960) романына иллюстрациялы сериялар, "Қазақ эпосы" (1962), "Қазақтың ұлттық ойындары" (1964) , "Сәкен Сейфуллинді оқи отырып" (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған.
ИСМАИЛОВА Гульфайрус Мансұрқызы . 1944 жылы (кезінде Врубелмен оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына ғана емес, форма мен түсті шығармашылық және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге үйреткен көркемсурет профессоры А. М. Черкасск көркемсурет училищесінің А класына оқуға түседі. Оның көп шығармаларына тән нәрсе - әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда "Захар Беркут" ( А. П. Довженко атындағы студия), "Рустам и Сухраб" ("Тәжікфильм") эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады. Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы берілген болатын.
Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды.Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты жетістіктерге қол жеткізді.
ХХғасырдың басында қазақ өнерінің қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын алды.Қазақтың музыка,театр,би өнерлері жан-жақты дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық кітапханалар,клуб мекемелері желісі кеңейе түсті.Қазақ халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.