Туризм маркетингінің ерекшеліктері

Туризм маркетингі

Маркетинг - ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы орта мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне байланысты процестер. Соңғы 40 жылдың ішінде маркетинг түсінігі үлкен өзгеріске ұшырады. Бірінші кезде ол ондіріс пен мекемелердің өніміне бағытталған болатын. Мақсаты - кіріс, ал сатудағы табысы - тауарлар болды. Өнімнен тұтынушыларға бағытталған маркетингтің жаңа түсінігі 1960 жылдары Батыста пайда болған; максаты - баяғыдай кіріс, ал оған жету шеңбері кеңейіп, өнім, баға, тауарларды нарыққа шығарады. 1980 жылдарда Батыста стратегиялық маркетинг түсінігі пайда болған, сонан кейін эволюциялық маркетинг жалғасты. Маркетингтің стратегиялық концепциясы дегеніміз көзқарасты азық-түлік немесе тұтынушыдан сыртқы әлемге аудару. Тұтынушыны жан-жақты біліп қана қою жеткіліксіз. Жетістікке жету үшін тұтынушыны белгілі бір ортада тексеру керек, онда бәсекеде, мемлекеттік реттеуде экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және басқа да үлкен ортаның факторлары болуы шарт.
Маркетинг технологиясын, кағидаларын, концепцияларын туризмде 1971 жылы алғашқы қолданған танымал швейцарлық зерттеуші X. Криппендорф болды. Бұл ғалымның туристік маркетингке берген түсінігі мынадай: "Туристік маркетинг дегеніміз үнемі өзгерістер мен туристік мекеменің іс-әрекетінің координациясы, сондай-ақ туризм облысындағы жеке және мемлекеттік саясат. Бұндай өзгерістердің мақсаты - белгілі бір топтардың қажеттерін өтеу және оны өтей отырып, соған сәйкес табыс түсіру" .
Сонымен, маркетинг - бұл концепция, стратегия және мекеменің нарықтағы тактикалық тәртібі.

Маркетингтің мақсаты - нарықтың талабын және қажеттілігін дер кезінде білу, қоғамның және қоршаған ортаның талабына сай нарықта өзінің стратегиялық тәртібін орнату. Туристік маркетинг бағдарламасында бірінен кейін бірі келген келесідей кезендер қарастырылады:
— бірінші кезең: нарық зерттеулері мен талдауларының негізіне карай қысқа және ұзақ мерзімдік аспектілер белгіленеді, жекеменшіктік және бәсекелік туристік енімдерге ұсыпыс пен сұраныстар;
— екінші кезең: өзінің жеке ұсынысының ыңғайына сәйкес және туристік нарыққа шығу мүмкіндігіне қарай кешенді сауда саясатының мақсаты белгіленеді;
- үшінші кезең: алга қойылған мақсатқа жетудің әрекеттері белгіленеді.

Ол үшін:
а) ұсынылып отырған туристік өнімге тән кескінді өзі жасайды, оның басқалардан артықшылықтары дәлелденеді;
б) нарыққа дифференциация жүргізеді, рекреациялық қажетін өтеуге болатын тұтынушы топтарын жинайды — спорттық демалысқа бейімделген туристерді, ауруларын емдегісі келетін адамдар тобын және т. б.;
в) ұсыныстар топтастырылады, соған сәйкес туристердің уақытша болу кезіндегі барлық қажетін өтеп, күш-қуатын қалпына келтіретін кешен, туристік тауарлар мен қызметтер түрі ұсынылады;
г) туристік өнімді таратудың пайдалы түрін тандайды: ұйымдастырылмаған туристерге тікелей немесе турагенттер арқылы сатады;
-- төртінші кезең: тандау жұмыстарын жүргізіп, аралас өткізу құралдарын пайдаланады — өнімді безендіру, бағалау, сатуға көмектесу, тарату жолдары, жарнама, экскурсиялық қызмет көрсету және т. б.
Нарық зерттеулері арқылы ақпарат жинайды.Оны талдап нарықтың жағдайы туралы, оның келешек дамуы туралы қорытындылар жасайды.
Осылайша, бәсекелі ұсыныстарға1 талдау жасалынады. Оларды салыстырып қарағанда, "бағасы және сапасы" қай елде, қай жерде туристер үшін өте қолайлы соны анықтайды. Егер де талдау нақты көрсетілген ақша санына турист жанұясының бюджетінен саяхатқа деп бөлінген ақшаны алса, онда оның өзіне жоғарғы сапада қызмет көрсетіледі деуге болады, яғни оны жетістік деп атаймыз.
Туризм өзінің белгілі бір сипаттамасына байланысты шаруашылық іс-әрекеттердің басқа түрлерінен ерекшеленбейді. Бұл жерде қызметтер мен сауда жасау сондай-ақ тауарлармен сауда жасау ерекше орын алады. Мамандардың бағасы бойынша, туризмдегі қызметтер үлесі 75 %-і құрайды. Ал тауарлар үлесі 25% құрайды. Дәстүрлі өндірісте маркетинг түсінігі нақты мазмұнға ие. Туризмде іс-әрекет нәтижесі туристік өнімге негізделеді. Туристтік өнім дегеніміз – туристердің қандай да бір қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кез келген қызмет түрі. Ол туристердің ақы төлеуі арқылы орындалады. Туристік қызметтерге қонақүйлік, көліктік, экскурсиялық, аудармашылық, делдалдық т.б. қызметтер жатады. Тар мағынасында туристік өнім - туристік индустрияның нақты бір секторындағы қызметтер. Мысалы қонақ үй өнімі, тур-оператордың туристік өнімі, көліктік кәсіпорын өнімі т.б. Кең мағынасында туристік өнім – туристік жорықты (тур) жасайтын тауарлар мен қызметтер кешені. Негізгі туристік өнім бұл — кешенді қызмет көрсету. Яғни туристерге «пакетте» сатылатын қызметтердің 34 сапалы стандарты. Шетелдерде қызметтер пакетінен жасалған туристік жорықтарды «пэкидж» турлар деп атайды. Олар көптеген туристік фирмалардың іс-әрекетінің басты әрекеті – обьектісі болып табылады. «Пэкидж» турларға деген сұраныс деңгейі әрбір елдер бойынша әртүрлі. Мысалы, Бельгияда, Германияда, Ұлыбританияда, Данияда жақсы қолға алынған. Оның үлесі барлық саяхаттардың 38%-ін құрайды.

Туризмдегі маркетингтің негізгі функциялары
«Туристік маркетинг туристік кәсіпорынның іс-әрекеттерінің жүйелі түрде өзгерісі, сондай-ақ аймақтық, ұлттық, және халықаралық жоспар бойынша орындалатын туризм саласындағы жеке және мемлекеттік саясаттың өзгерісі болып табылады». Мұндай өзгерістердің негізгі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, соған сәйкес пайда түсіру мүмкіндіктерін есепке алу. ДТҰ туризмдегі маркетингтің негізгі 3 функциясын анықтайды.
1. Клиенттермен байланыс орнату
2. Даму
3. Бақылау
1. Клиенттермен байланыс орнатудың негізгі мақсаты – демалатын орындар мен ондағы сервис қызметі, көрнекті жерлермен пайда түсіру мүмкіндіктері клиенттердің талабына толық сәйкес келуі.
2. Даму – өтіс нарығы үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ете алатын жаңалықтардың жобасын жасаумен түсіндіріледі. Өз кезегінде мұндай жаңалықтар клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек.
3. Бақылау – қызметтердің нарыққа шығуы бойынша жасалатын нәтижесін талдауды қарастырады. Бұл нәтижелер туризм саласындағы мүмкіндіктерді толық пайдаланады. Д.К.Исмаев анықтамасы бойынша маркетинг әрбір тұтынушының жеке қажетіліктерін қанағаттандыруға бағытталған саудалық-өндірістік іс-әрекеттер жүйесі. Ал неміс специалисі В. Микер, П. Рот, А. Шранд анықтамасы бойынша Маркетинг бұл кәсіпорынның тиімді мақсаттарына жетуге бағытталған нарықты басқару болып табылады.
Туристік өнім ең алдымен жақсы тауар болуы қажет. Осыған байланысты туризмдегі маркетинг осындай мақсаттарға жетуге бағытталған туристік кәсіпорындардың іс-әрекеттерімен түсіндіріледі.
«Туризмдегі маркетинг» бұл нарықта сұраныспен қолданылатын ұсынылатын қызметтердің бір-бірімен үздіксіз келісуінің жүйесі. Және бұл қызметтерді туристік кәсіпорындар басқа бәсекелестеріне қарағанда, тиімді де қолайлы ұсына алатын қызметтер. Бұл жерде мыналарға баса назар аудару қажет:
1. Маркетинг бұл жеке әрекет емес, іс-әрекеттер басқаша сөзбен айтқанда туристік кәсіпорын іс-әрекеттерінің бұл кезектестігі қойылған мақсатқа жету үшін біріктірілуі керек.
2. Маркетинг тек қана жанама түрі емес. Сонымен қатар қызметтерді сату, және қызметтерді жасау, Бұл маркетинг концепциясына сәйкес, барлық функциялар мен іс-әрекеттерін біріктірілуі тиіс жүйесі. Бұл маркетингті коммерциялық жұмыстан ерекшелендіреді. Егер коммерциялық жұмыс сатуды жоғарылату үшін барлық құралдар мен күштерді пайдалануға негізделетін болса, Маркетингтің мақсаты – тұтынушының сұранысқа сәйкес өндіріс пен қызметтерді таратудың бір-бірімен тығыз байланысты процесі.
Маркетинг – бір іс-әрекетпен аяқталмайды. Бұл жаңа туристік өнімнің енуінің мерзімі, немесе жаңа бағаның енуі деп түсінбеуі керек. Нарық әрқашанда қозғалыста болады. Мысалы, әртүрлі факторлардың әсерінен тұтынушылардың сұранысы өзгереді, бәсекелестерге нарыққа жаңа қызметтерді енгізумен жұмыс істейді.

Туризм маркетингінің ерекшеліктері

Біздің көзқарасымыз бойынша, туризм маркетингінің тәжірибесіне айтарлықтай сай келетін М. Битнер мен Б. Бумс моделі. Ол маркетинг қызметін 4 «Р» кешені емес 7 «Р»-мен сипаттайлы. Ол қызмет, баға, өткізу мен жылжыту, персонал, физикалық орта және үдеріспен қамтамасыз етеді. Бұл турқызметке байланысты тауар ретінде қызмет: баға, өткізу, жылжыту, персонал, қызмет көрсету үдерісі мен физикалық орта.

Турқызмет — бұл туристердің қажеттілігін қанағаттандыратын және тұтынушылар жағынан оның төлемін қажет ететін кез келген қызмет. Қысқаша айтсақ, нақты туристік индустрия секторының қызметі, ашып айтсақ - бұл туристік сапарды құрастыратын тауарлар мен қызметтердің кешені. Тұтынушы турөнімді оны қолданбайынша көре алмайды, ал оны тұтыну белгілі бір орында жүреді.

Агенттермен жұмыс істеу - маркетингтің ең басты міндеттерінің бірі. Агенттік жүйеге турфирмамен келісімге отырған барлық турагенттіктер, кәсіпкерлер, жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар жатады. Ірі туристік компанияларда агенттерін тіркейтін арнайы база бар. Олар жаңа агенттерді оларға жеке кодты беру, олар туралы толық ақпаратты енгізу, ұйым атын, құқықтық формасын, орналасу мекенін, кеңселер саны мен қызметкерлер санын, фирмалармен жұмыс істеу ұзақтығын, қызмет бағытын, басқа компаниялармен байланысын тіркеп отырады.

Турөнімді сату үшін нақтыланған баға дайындалады, ал оған сұраныс кейінірек пайда болады. Турөнімді көтерме сатушы сатып алушылардың қалауын таба білу керек, себебі олар үшін саяхаттаудың бағытын, орналастыру құралдарын, көлік түрлерін және т.б. таңдайды. Осыдан кейін ғана ол турпакетті сатуға ұсынады.

Осы айтылған турөнім өндірісінің ерекшелігі мен оны өткізу мәселесіне сүйенсек маркетингтік шаралардағы басты фигура осы көтерме туристік компания саналады. Осы көтерме тур сатушы келер мезгілдегі саяхаттаудың бағытын, сатып алушылардың контингентін, ағымдағы экономикалық жағдайды, әлеуетті туристердің сатып алу қабілетін, жаңа сатып алушыларды өз жағына қызықтыру сияқты мәселелерді анықтайды.

Агенттік жүйе үшін турфирма семинарлар мен нұсқама беру (инструктаж) ұйымдастырады. Маркетинг бөлімі семинарды өткізу бойынша барлық жұмысты жүргізеді: жоспарлау, оның бағдарламасын құру, өткізу уақытын, тақырыбын, шақыру билетін тарату, материалдар дайындау, топтарды жинақтау.

Агенттерді ынталандыру мақсатында бонус жүйесі жасақталған. Саяхатқа кеткен әр турист белгілі бір ұпай есебіне (очкоға) саналады. Белгіленген ұпай есебінің сомасы агенттерге бонус жүйесіне сәйкес деңгейге (бірінші, екінші, үшінші) көтерілуге мүмкіндік береді. Осыңдай жағдайда үш комиссиялық сыйақы ұсынуға болады, яғни деңгейі қаншалықты жоғары болса, төленетін комиссиялық сыйақы да соншалықты жоғары мөлшерде төленеді.

Оперативті маркетинг тұрғысынан барлық сатылымдардың мониторингі агенттік жүйемен қатар, өзіндік сату орындары мен Интернет көздерін қамтиды. Сатылымды бақылау мақсатында апта, ай, тоқсан сайын жалпы санақ жүретін есеп беру бланкісін жасаған дұрыс.

Турөнімді жылжыту маңызды функция болып табылады. Туристік жобада ең көп деңгейде пайдалы жағына жету мақсатында туроператорлар жарнама, өткізуді ынталандыру мен РR құралдарын қолданып маршруттардың таралымы, ұсынылатын трансфер құралдары, орналасу құралары, уақыт өткізу мезеті, баға саясаты туралы ақпаратты таратады.

Осылайша маркетинг қызметінде маркетинг микс айнымалыларын, яғни тауар, баға, өткізу мен коммуникация, сонымен қатар қызмет көрсету үдерісін басқару басты орынды алады.

Турқызметті тиімді ұйымдастыруда жеке құрамға үлкен мән беріледі. Бұл туристік қызмет саласында қызметтер жеке құрам арқылы іске асып, көбінесе тұтынуылардың жеке байланыста болуымен түсіндіріледі. Сондықтан қызметкерлер турфирмалардың жетістіктерінің негізгі кілті болып табылады. Демек, маркетинг міндеті - тұтынушыларға ұсынатын қызметтері арқылы турфирманың қызметкерлерін ынталандыру, оқыту, дұрыс таңдау. Ф. Котлер бойынша, қызмет көрсету саласы қызметкерлердің мінсіз түрде мынадай қасиеттері болуы керек: сыпайылық, мейірімділік, шешім қабылдай білу, біліктілік.

Фирманың қоршаған ортасы оның сыртқы келбетін жасайды, мысалы, қызмет көрсететін бөлменің интерьері, оған жататындар дизайн, тазалық, жарықтандыру, жайлылық, т.б. Осындай қосымшалар қызмет туралы жақсы ойдың және қызмет сапасының қалыптасуына ықпал жасайды, яғни тұтынушы турқызметті психологиялық түрде сезініп, клиенттерді тартуға өз септігін тигізеді.

Қызметтерді қалыптастыру үдерісі, оның сапасын және сатылуын, тұтынушыға қызмет көрсету дәрежесі мен жылдамдығын сипаттайды. Осындай турқызметтегі маркетинг кешенінің элементтері тұтынушыға қызмет көрсету стандарттарын дайындауға негіз болып табылады. Сондықтан қызмет көрсетушілер ұзақ мерзімді жетістіктер мен бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатымен маркетинг кешенінің барлық компоненттерін ескере отырып, сол бойынша жоспар құрулары керек.

Қазіргі кезде туризм саласында негізгі мәнді маркетингтік зерттеулер алады. Олар ақпараттарды жинау және талдауға негізделеді, сонымен бірге турфирмалардың әлді, әлсіз, мүмкіндіктер мен қауіптерін анықтау мақсатымен жасалады. Туристік бизнестің табысты болуы үшін сәйкес келетіндей маркетингтік стратегияны жасау үшін де қолданылады.

Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру фирманың барлық кезеңдеріңде жасалуы тиіс - өнімді дайындау, оны ынталандырудан бастап сату мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін.

Бұл жерде зерттеудің екі түрі қолданылуы мүмкін:

- ағымдағы зерттеулер - туристік нарықта орын алған барлық тенденциялар мен өзгерістерді анықтау мақсатымен жүргізіледі;

- негізгі бір ғана мәселені анықтау мақсатымен жүргізілетін зерттеулер, онда туристік нарықтағы болатын өзгерістерді тексеру үшін қолданылады.

Туризм нарығында кешенді зерттеулердің пайда болуы жалпы жағдайды бағалау, онымен байланысты пайда болатын мәселелер мен қауіптерді, сонымен бірге нарық мүмкіндіктерін анықтау үшін фирма маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруы мүмкін. Одан басқа зерттеулерге ішкі факторлар, жарнамалық компанияның тиімділігі, нарық әлеуеті, бизнестің даму тенденциялары да қарастырылады.

Турфирмалар туризмнің қай түрімен айналысатынын және қазақстандық туристерді қандай мемлекеттерге жіберетіні туралы шешім қабылдайды. Турфирма басшылығы стратегиялық шешімдерді қабылдауда тұтынушылар сұранысын, нарық ерекшеліктерін және нарық мүмкіндіктерін ескерулері керек.

Турфирма нарықта нарықтық экономиканың бастапқы кезеңінде маркетинг кешенінің өткізу (сбыт) тұжырымдамасын қолданады. Олар нарықта тек сатуды ынталандыру шараларымен ғана шектеледі. Турфирманың нарықтағы қызметтерінің бірнеше аспектілер бойынша қарастыруға болады:

- турөнімдерді қалыптастыру және пакеттеу бойынша тур-оператор;

- дайын пакеттелген қызметтерді сатушы, яғни олардың табысты сатылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандық турфирмалардың қызметтерін маркетингтік талдау көрсеткендей, олар тек турқызметтердің сұранысын зерттеумен айналысады. Бәсекеге қабілетті дайын турқызмет пакеттерді қалыптастыру және оны өткізуін қамтамасыз ету үшін маркетинг кешенінің элементтерін кешенді түрде қолдану керек. Бұл кіру туризмін (въездной) ұйымдастырумен байланысты пайда болады, себебі бұл салада турфирмалар қай мемлекеттер және туризмнің қай түрін тұтынушының сұранысында екенін біледі.

Маркетингтің негізгі технологиялары сегменттеу және жайғасым болып табылады. Турөнімді жайғастыру дегеніміз маркетингтік зерттеулер негізінде бәсекеге қабілетті нарықта ұқсас, тиімді және дұрыс өнімді анықтау. Ол маркетинг коммуникациялары арқылы мақсатты аудандарға жеткізіледі. Жайғасым нарық-ты әр түрлі тиімділіктерге байланысты сегменттеуден басталады.

Сегменттеу тұтынушылардың көзқарастары бойынша турөнімдерде болуға тиіс сипаттамаларды көрсетеді, ал жайғасым оларды сендіреді, яғни тұтынушыға оған керекті өнім ұсынылып тұр деп иландырылады. Осы екі шешім турөнімді жоспарлау үдерісінің анықтаушылары болып табылады. Жоспарлау және турөнімді дайындау нарық мүмкіндіктерін талдау мен фирмада бар ресурстарды бағалауды қарастырады.

Нарық мүмкіндіктерін талдау нарықта өнімді жайғасым бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді: нарықтың мақсатты сегментін анықтау, турөнімді таңдау, оның ерекше сипаттамаларын анықтау.

Турөнімнің материалды еместігімен байланысты ұсыныстары дұрыс дайындалып, келесі ақпараттар болуы тиіс: клиентке саяхатқа дейін тұтынушының қандай қызмет алатынын, қандай нақты пайда және тиімділік болатынын көрсету керек; сонымен бірге қанша ақша сомасы жұмсалатынын нақты көрсету қажет; қанша уақыт жұмсалатыны және қандай физикалық күш-жігер қажет ететіндігі тиянақталуы тиіс.

Турөнімнің маркетингтік тұжырымдамасы фирманың операциялық қызметімен тығыз байланысты. Оны дайындау стратегиялық шешім қабылдаумен, ресурстарды бөлумен жүргізіледі. Талдау негізінде фирманың даму стратегиясын жүзеге асыруға керекті ресурстар бағалады. Турфирма материалды-техникалық базасының және құрал-жабдықтардың болуы, ақпараттық және коммуникативтік мүмкіндікте және керекті еңбек ресурстарының бар болуы анықталады.

Стратегиялық бағалау негізінде турөнімнің операциялық тұжырымдамасы дайындалады: туристік ғимарат аумағындағы өтімділік қабілеттілігі, керекті делдалдар мен турөнімді орындауға керекті құрылғылар анықталады.

Қызмет саласындағы маркетингтің негізгі міндеттерінің бірі қызмет көрсетуді жоғары дәрежеде қамтамасыз ету, клиенттердің қайтадан келуі үшін онымен жағымды қарым-қатынастар орнату керек. Тұтынушы күтімдерінен жоғары қызмет көрсетіліп, оларды қанағаттандыру - қызмет сапасын қалыптастырудың негізі. Тұтынушыда бұрын болған тәжірибеге негізделеді. Егер тұтынушы көңілінен турөнім шығатын болса, онда ол қызмет кешені сиякты жоғары бағаланады.

Маркетинг тұжырымдамасы құрамдастарының бірі - тұтынушының тура және кері байланыста болуы. Ол маркетинг үдерісінің кезеңділігін қамтамасыз етеді, яғни ол бастапқы кезең, са-ып алу үдерісі және тұтыну үдерісі.

Турөнімдегі маркетинг үдерісінің бастапқы кезеңінің негізгі мақсаты - әлеуетті тұтынушыға әсер ету және ақпараттық жарнама материалдары арқылы туристік қызметтерге қызығушылық тудыру.

Маркетинг циклінің келесі кезеңі сатып алу үдерісі болып табылады. Ол екі кезеңнен тұрады: сатып алу туралы шешім қабылдау және сатып алу. Бұл кезеңде әлеуетті клиент турфирманың қызметкерлерімен байланыс орнатады. Турфирма қызметкерлері тұтынушыға сенімділік туғыза білу керек, сонымен бірге оны сендіріп, мамандандырылған кеңес бере білуі тиіс.

Жасалған талдау бойынша Қазақстанның туризм саласында маркетингтің дамуы өзінің ерекшеліктері мен кезеңдерін көрсетті.

Туризм маркетинг кешенінің элементтерін қолдану ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда оның үш кезеңін атап кетуге болады.

Егер маркетингтің дамуының бастапқы кезеңі туристік қызметтің шығу туризміне туроператорлардың және турагенттіктердің функцияларын атқаратын турфирманың дамуына бағытталса, ал қазіргі кезде турқызметтер ассортименті және турагенттер желісінің функциялары ұлғайып, ақпараттық турлар мен көрмелерді ұйымдастырудың көмегімен жарнамалық қызмет етеді (11-кесте).

11-кестеде көрсетілгендей, туризм саласындағы маркетингтің дамуының бірінші кезеңі келесі көрсеткіштермен сипатталады: тауар саясатында үлкен дәрежеде шығу туризмі алады, негізгі мемлекеттер - Қытай, Пакистан, Германия, Польша. Бағалар шығындар әдісі негізінде құрылады. Бұл кезеңде маркетингтің баға стратегиясы қолданылады. Өткізу туроператорлар және турагенттіктер арқылы жүзеге асырылды. Дәстүрлі баспа жарнамасы, оның ішінде буклеттер мен каталогтар пайдаланылады. Турфирмалардың негізгі қызметкерлерінің маманданған дағдылары жоқ.

Екінші кезеңде оң дамулар көрінуде: фирмалар терең баға саясатын қолданады, бағаны орнатқанда сұраныс пен бәсекелестерді ескеруде, турөнімдерде тек өткізуге бағытталған турагенттер пайда болуда, онлайн маркетингі белсенді қолданылуда. Интернет,


теледидардағы жарнама, туризм саласындағы мамандарға талаптар күшейтіледі.

Үшінші кезеңде туристік ұйымдарда маркетингтік қызметтің белсенді кезеңі деп сипаттауға болады. Қазіргі кезеңді ішкі және кіру туристік қызметтер ассортиментінің ұлғаюы байқалады. Мұндай елдерге - Түркия, Қытай, Германия, ОАЭ, Египет, Ұлыбритания жатады.

Турфирмалар маркетингтік баға стратегияларының әр түрін қолданады, турагенттік желілері құрылуда, өткізуді ұйымдастыруда технологиялардың жаңалықтары қолданысқа енді.

Турқызметтерді нарыққа өткізу тек жарнамамен шектелмейді, себебі турфирмалар халықаралық туристік көрмелерге қатысу, маманданған баспада жарнаманы қолдану, делдалдарды және қызметкерлерді, түтынушыларды ынталандыру құралдарын қолдана бастады. Турқызметтерге бағаларды қалыптастыру субъективті, сонымен бірге объективті факторлармен анықталады. Кейде басқа ұйымдардан алынатын қызметтерге шығындардың 75%-ы жетеді. Бағалар шығындармен салынған маржаға (заложенная маржа) негізделіп немесе бәсекелестермен салыстыру негізінде белгіленеді. Бұл кезеңге сай кадрларды дайындау болып табылады. Республикамыздың 27 жоғары оқу орындарында «туризм» мамандығы бойынша мамандар дайындалады. Қазіргі кезде қазақстандық мамандардың шетелде дәрежелерін көтеруге үлкен көңіл бөлініп отыр.

Осылайша, туризмдегі маркетинг - бұл сала дамуының негізгі талабы. Ол мәселелерді шешуге және ішкі немесе Халықаралық туризмнің қызметіне қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Маркетинг тұжырымдамасын ұлттық туризмнің дамуында қолданылуы, туризмге тиімді болатын мемлекеттің, ауданның имиджін қалыптастыруда мүмкіндік бар және өте қажет болып табылады. Дегенмен алдыға қойылған міндеттердің дұрыс шешімі Қазақстандағы ұлттық туристік нарыққа қызығушьшық көрсететін және имидждің қалыптасуына жауап беретін туристік ұйымдардың тек мемлекеттік және жергілікті органдардың күштерін біріктіру жолымен жүзеге асырылады.

Наши рекомендации