Сапалық көрсеткіштер

Сапалық көрсеткіштер орындалған жұмыс және қолданылған жұмыстың

Сапасын сипаттайды.

1Техника пайдаланушылық көрсеткіштер

1.1Тасымалдаудың орташа ұзақтығы

1т жүкті немесе 1жолаушыны тасымалдаудың орташа ұзақтығы әр түрлі көлік түрінің көліктік байланысын сипаттайды.

Lор=P/Q

1.2.Жылдамдықтар (адымды(ходовая))техникалық текшелік (участковая),бағдарлық,пайдаланушылық,крейсерлік және жеткізу жылдамдығы және қатынас жылдамдығы.

Техникалық жылдамдық-екпіндеу және тежеуді ескеретін қозғалыстағы бір сағаттық жүріс кезінде анықталады. Техникалық жылдамдық жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасында және техникалық паспортында корсетіледі.

Vтех=Lжалпы/Tқозғ ,км/сағ

Пайдалану жылдамдығы-пайдалану кезіндегі 1 сағат ішіндегі жүрісті анықтайды.(тиеп-түсірулер кезіндегі тұрып қалулар ескеріледі).

Vпайд=Lжалпы/Tн=Lжалпы/Tқозғ*Tт-т,км/сағ

Vт>Vн

Tн-нарядтағы уақыт,

Tт-т-тиеп-түсірудегі уақыт

Жеткізу жылдамдығы барлық тұрып қалуларды ескеріп тиеу және түсіру пунктерінің арасындағы жүктің 1 сағат ішінде орын ауыстыруы.

Vжет=Lжалпы/Tжет;км/сағ

Vт>Vпайд>Vжеткізу

Жеткізу уақыты жүкті қабылдау уақытынан қабылдаушы алғанға дейінгі уақыт аралығы.

Tжет=Tб.с+Tқоз+Tбос+Tа.ә

Жалпы жүріс(пробег)жүкпен орындалатын қозғалыстан,жүксіз қозғалыстан және 0-дік қозғалыстан тұрады.

0-дік қозғалыс-жылжымалы құрамның тұрақ орнынан жүкті бірінші тиеу немесе жолаушыларды отырғызуға жүрген жүрісі.

Lжалпы=Lөнімді+Lөнімсіз,(км)

Lжалпы=Lжүк+Lбос+Lнөл,(км)

Барып қайту уақыты,айналым уақыты

Tб.қ= Tқоз+Tт.т

Tайналым= Tб.қ1+ Tб.қ2+.....+ Tб.қn

Жүрісті қолдану еселігі(B)-жылжымалы құрамның жүрісін қолдану денгейін сипаттайды,яғни,жүктің қай жағы жүктелген екенін көрсетеді.

АК: Bжүк= Lжүк/ Lжалпы

ТК: Bбос= Lбос/ Lжалпы

ӨЗК: Bбос= Lбос/ Lжалпы

Тәулік ішіндегі көлік құралы жұмысының орташа уақыты(нарядтағы уақыт)

Tн=Tқоз+Tт.т

Нарядтағы уақытқа түскі тамақтану уақыты кірмейді.

Темір жол,өзен көлігі,құбыр көлігі,теңіз көлігі үшін нарядтағы уақыт 24сағат,ал автомобиль көлігінде кәсіпорынның жұмыс уақытына байланысты.

Жүк көтергіштік(qn) – көлік құралының техникалық сипаттамасында жазылады және өндіруші заводпен анықталады.

АК:3т-25т

ТК:40т-90т

Өзен көлігі:1мың.т-40мың.т

Әуе көлігі: 40-90т

Теңіз көлігі: «детвитсудна» деген ұғым қолданылады.

Д=q+qсу қоры+qжанармай+qазық-түлік+qэкипаж салмағы

q-қайықтың номиналды жүк көтергіштігі (т).

Жүккөтергіштікті қолдану еселігі γ –Жылжымалы құрам көтерімділігін қолдану деңгейін құрайды.Оның 2түрлі еселігі болады:

1)статикалық γ(с)=Qф/Qв

2)динамикалық γ(д)=Рф/Рв=Σ(Qф*l)/Σ(Qв*l),Рв=Σq*lр

Мұнда:

Qф-шынайы тасымалданған жүк салмағы

Qв-жылжымалы құрамның жүк көтерімділігін толық қолданғанда тасымалдануы мүмкін жүк саны.

Тәуліктік жүріс-тәулік ішінде жүрген жол Lтәу=Le1+Le2 +….Len

Есеп: автомобиль гараждан сағат 600 де шықты,әрі қарай ол 3км қашықтықтағы жанар-жағармай құю станциясына 30км сағатпен жылжыды.Сол жердеол 20мин тұрып, кейін бағдар бойынша 5сағ жұмыс жасады. Тиеп-түсіру кезінде 2сағ тұрды, тамақтануға 1сағ жоғалтты.Т/к:нарядтағы уақытты,гаражға оралған уақытты-?

Тқоз=3/30=0,1+5=5,1

Тт-т=2+0,33=2,33

Тн=2,33+5,1=7,43≈7сағ.26мин

Тор=6+7,26+1=14,26

Lтәулік=Le1*Ze

Ze(ездка)

Lтәу=Vпайдан

Портты қолдану еселігі-жылжымалы құрамның линияға шығуын сипаттайды.

αв =АЖк/АШк

АЖк-жұмыстағы автокүндер

АШк-шаруашылықтағы автокүндер

1автомобиль үшин αвкк

1күн үшін αв =ЖА/ША

ЖА-жұмыстағы автомобиль

ША-шаруашылықтағы автомобиль

Есеп: Егер кәсіпорында 400 автомобиль тіркелген болса оның линияға 280шыққан болса автомобильдің 1ші қазандағы линияға шығуын анықтау керек.

αв=280/400=0,7

Техникалық дайындық еселігі-αтд*(αтт)

Техникалық ақаусыз жылжымалы құрамның тасымалдауға дайындық деңгейін анықтайды.

Автопарк үшін: αтг=АДтгдх; αтд=АЖтдк/АШк

1автомобиль үшін: αтдтдш

1күн үшін: αтдтдш

Есеп: 1автомобильдің жылдық техникалық дайындық еселігін анықтау қажет.Егер ол 15күн двигательмен 10күн беріліс қорабының жөнделуімен, 15күн жол көлік оқиғасымен, 8күн жүргізушінің болмауынан, 10күн мейрамнан, 10күн шиналардың болмауынан тұрып калса

Σ68

365-68=297/365=0,8

Есеп:автомобильдің 1күндегі линияға шығу және техникалық дайындық еселігін анықтау қаже.Егер кәсіпорында 300авт тіркелсе, оның 10ы двигательмен,5еуі беріліс қорабымен жөндеуде тұрса, 10 автомобильдің жүргізушілері демалыста, 2 автомобильдің жүргізушілерінің жүргізуге рұқсаты жоқ, 3автомобиль техникалық байкаудан өтпеген, 3 жүргізуші оқуда.

αв, αтд ?

αв =ЖА/ША=300-33=267/300=0,89

αтдтдш=300-15=285/300=0,95

Жылжымалы құрамның өнімділігі-уакыт бірлігінде орындалған тасымал немесе көліктік жұмыс көлемі.Ол жыл бойында (тәулік бойында)т,ткм,жол км өлшенеді.

WTсағат=qн* γс/LE; т/сағ

WTтәулік= qн* γсн/te= WTсағат* Тн; т/тәулік

Wткмсағат=qн* γ*lгр/ te; ткм/сағ

Wткмтәулік= qс* γс* lгр * Тн /te= Wткмсағат* Тн; ткм/тәулік

WTжыл= WTтәулікк* αв,т/тәулік

Wткмжыл= Wткмтәулікк* αв,ткм/тәулік

Техника экономикалық көрсеткіштер

Барлық көлік түрінде көлік жұмысының (сапасының) экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер қолданылады.

4 тақырып.Ағымдағы шығындарды есептеу әдісі. Тасымалдың өзіндік құны. (4апта)

1)Тасымалдың өзіндік құны –өнім бірлігінің бағасы болып табылады.

Sпайдапайда/Q (тг/п)

S1ткмпайда/Р (тг/ткм); S1жолпайда/ Q (тг/жол)

S1жолкмпайда/Q/

2)Еңбек өнімділігі- тасымалдаумен тікелей немесе жанама байланысты 1көлік жұмысшысына келетін т мен жолаушы мен анықталады.

3)Пайда-табыс пен шығындардың айырмасы.

4)Фонд қайтарымы-негізгі өндірістік қорлардың 1теңгеге келетін табыс көлемі.

ҚҚ=Табыс/негізгі өндірістік қорлар құны (ФО=Д/стОПФ)

5.Тиімділік (рентабельность)-1тг шығынға қанша табыс келетінін көрсетеді.

R=ΣП/ΣСпайда

Есеп: Автопарк жұмысшысының еңбек өнімділігін анықтау қажет,егер жолаушы айналымы 15млн.жолкм 1жолаушының орташа тасымалдау 2,5км кәсіпорын жұмысшылардың жылдық орташа саны 2236млн адам. тасымалдау тарифі 25тг.

Пжол.км=15000000/236=65217,3

Пжол=(15000000/2,5)/236=25423,7

Р=Q*lср= Q*Р/lср=15000000/2,5=6000000

Птг=Т/N=25*6000000/236=635593,22

Т= Q*тариф(25тг)=25*60000000=150000000

Есеп: Тасымалдаутиімділігін анықтау қажет.Егер табыс 150 млн.тг,ал шығын 130млн.тг

R=ΣПр/ΣСпайда=20/130*100=15,38

Ағымдағы шығындарды есептеудің әдістері.

Наши рекомендации