Сметалық нормалар жүйесі

Элементтік сметалық нормалар әртүрлі құрылыс конструкциялар мен

түрлеріне бағаларды өңдеуге арналған бастапқы сметалық мөлшерлер болып табылады. Олар өзінің құрамында еңбек шығындар мен жұмысшылардың еңбекақы, құрылыс машиналарды пайдаланудың шығындар және де материалдық ресурстар шығындар көрсеткіштерін дифференция түрінде көрсетеді. Элементтік сметалық нормалар құрамында көрсетілген ресурстар қажеттілігін мыналар негізінде анықтау қажет: еңбек шығындары бойынша құрылыс, жинақтау, жөндеу – құрылыс жұмыстарына бірлік нормалар мен бағалар негізінде; құрылыс машиналарды пайдалану бойынша өндірістік нормалар негізінде.

Құрылыстағы баға құраудың нормативтік базасы өзімен бірге өлшеуіштері, қолданылуы, ірілендіру дәрежесі және бағытталуы бойынша ажыратылатын нормалар мен бағалардың, сметалық нормативтердің күрделі жүйесін көрсетеді.

Бір мөлшерлік бірлікпен (жұмыс көлемі, конструктивтік элемент,

технологиялық операциялар және т.б) келетін ресурстардың мүмкіндігінше

етілген максималды мөлшері-норманы білдіреді.

Жұмысшылардың жалақысын анықтайтын сметалық шығындарының нормалары; Материалдық ресурстардың сметалық құнын анықтау үшін нормалар мен нормативтер;

Құрылыс машиналар жұмысының сметалық құнын анықтау үшін белгіленген нормативтер;

Сметалық нормалар мен нормативтердің басқа да түрлері.

Сметаны құрастыру бойынша әдістемелік құжаттар

Сметалық құжаттар ҚМжЕ ҚР 1.02-01-2001 «Кәсіпорындардың, ғимараттардың және имараттардың құрылысына арналған жобалау-смета құжаттамасының жасалу, келісілу, бекітілу тәртібі және құрамы жөніндегі нұсқауға» сәйкес жасалады.

Осы нұсқау төмендегі тапсырыс берушілердің қолданылуы үшін арналған:

мемлекеттік басқару және тексеру органдары, басқа да құқықтық және

физикалық адамдарға (соның ішінде шетелдік)-ҚР территориясындағы

архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс объектілері.

Объектілердің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттарды өңдеу, ереже бойынша мекемелер, ғимараттар мен үймереттер құрылысына бекітілген инвестиция негіздеулеріне, басқа да жобалық құжаттарға (эскизді жоба, бизнес-жоспар, құрылыстың детальдық жоспарының жобасы т.с.с) негізделе отырып жасалады.

Жобалық-сметалық құжаттар ережеге сай мынадай екі деңгейлерде өңделеді: ретіне сай бекітілетін жоба; бекітілетін жобаға негізделіп өңделетін жұмыстық құжат.

Жобаның бас жобалаушысы, ереже бойынша, жобалық сметалық құжаттардың келесі деңгейлерін өңдейді, құрылысы біткен объектіні қабылдауға қатысады және авторлық қадағалау жүргізеді.

Бекітілген жобаға қосымшалар мен өзгерістерді қызығушы ұйымдар немесе мемлекеттік мекемелердің келісімі арқылы бас жобалаушы ендіреді.

Егер де тапсырыс берушіге берілетін сметалық-жоба құжатарының құрамы туралы арнайы ережелер келісімде (контрактіде) көрсетілмесе, оның құрамына технологиялық процестердің, технологиялық конструкциялар мен құрылғылардың, жабдықтардың есебі кірмейді.

Жобалық-сметалық құжаттың тапсырыс берушісі мен бас жобалаушы өз кезегінде уақтылы жобалық-сметалық құжаттарына жаңа нормативтік құжаттамалардың енуіне байланысты қажетті өзгерістер ендіреді.

Жобалық-сметалық құжаттарды өңдеу процесінде құрылыс объектісін

жобалау кезіндегі патенттер құқықтық қорғау және қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес орындалады.

Орытынды

Осы рефератта құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс туралы мәліметтер жинастырылған. Реферат құрылыс өніміне баға түзудің өзгешеліктері, құрылыс өнімінің бағасы, құрылыстың ағымды баға деңгейін анықтау, құрылыс жұмыстарының біріңғай бірлік бағалары, құрылыс өніміне баға түзудің өзгешеліктері, материалдар мен бұйымдардың, конструкциялардың сметалық шығындары, еңбек ақы деңгейі, жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының сметалық шығындарын анықтауға нормалық негіз, құрылыстың сметалық нормативтік базасы, құрылыста баға құрудың және сметалық нормалаудың негізгі есептері, негізгі түсініктер және сметалық нормаларға қойылатын талаптар, сметалық нормалар жүйесі және сметаны құрастыру бойынша әдістемелік құжаттар деген тараулардан тұрады.

Ғимараттардың, имараттардың немесе олардың кешенінің құрылысын

орындауға жұмыстардың құны және көлемі есептелетін, жұмыстардың

сипаттамалары көрсетілетін құжат смета деп аталынады.

Смета жасалынады:

Жұмыстардың көлемі мен сипаттамаларын, бұйымдар мен жабдықтардың санын анықтау бөлігінде – сызбалар, спецификациялар және басқа жобалау материалдар бойынша;

Құны бөлігінде – сметалық нормалар бойынша.

Смета құжаттамасы «Кәсіпорындардың, ғимараттардың және

имсрсттардың құрылысына арналған жобалау – смета құжаттамасының

жасалу, келісілу, бекітілу тәртібі және құрамы жөніндегі нұсқауға» (ҚР

ҚН иЕ 1.02-01-2001) сәйкес жасалады.

Наши рекомендации