Кейсті құрастырудың әдістемесі

Кейс нақты жағдайды білдіреді, мысалы, автор тарапынан оны бағалауы және дұрыс біртекті шешімі болмайтын шынайы фактілер мен оқиғаны суреттеуді айтады. Оның баяндау стилі - ресми және академиялық. Сөзбен жеткізу мүмкіндігі болады. Кейс құрылымы - уақытша, сюжеттік, түсініктемелік.

Кейс түрлері:

- дәстүрлі «гарвардтық»;

- түрлендірілген;

- стратегиялық;

- тактикалық;

Дәстүрлі «гарвардтық» кейсі компаниямен тығыз байланыс нәтижесінде алынған, расталған ақпараттар жиынтығын көрсетеді. Онда мәселелері шынайы анықталмаса да, компанияның нақты проблемаларын тура көрсетіп береді. Ақпарат әр дәрежедегі менеджерлер тарапынан айтылады.

Кейске қаржылық ақпараттар қосылады, онда қосымша пайдалы ақпараттар болмайды, тура бағытталған сұрақтар да жоқ, дегенмен, оның көлемі едәуір үлкен.

Түрлендірілген кейсте компаниямен тығыз байланыс нәтижесінде алынған расталған ақпарат көрсетіледі; компанияның шынайы проблемасы нақты айтылады, сондай-ақ, оның мәселесі тура анықталады. Ақпарат әр дәрежедегі менеджерлер тарапынан білдіріледі.

Кейсте шамалы көлемде де үлкен деңгейдегі ақпараттарға, қосымша пайдалы ақпараттарға және оларда соларға бағытталған сұрақтар келтірілген.

Тактикалық кейстің негізгі мазмұны жеке қызмет аясының белгілі бір проблемаларына қатысты. Оның жалпы көлемі — 5-6 сөйлемнен 2 бетке дейін. Олардың құрамына мынандай қосымша ескертулер енеді: сұраққа жауап беру үшін қосалқы пәндерден білім мен қосымша ақпараттар қажет. Кейсте компания туралы қысқаша сипаттама, яғни, қызметтің (жарнама, технология, қызметкерлерді әзірлеу), бір элементтерінің толық жазбасы, сон-дай-ақ, мәселелерді талқыға салу үшін айқындау керек.

Осы жұмыстың басты мақсаты – студентті компанияның қызметіне білікті талдау жасауға үйрету.

Стратегиялық кейстің мақсаты - логиканы дамыту, негізделген шешім қабылдауға үйрету, белгісіз жағдайда талдау негізінде стратегияны әзірлеуге машықтандыру. Кейстің негізгі мазмұны әр түрлі қызмет аясына қатысты. Оиың жалпы көлемі — 2-ден 200 бетке дейін болады.

Кейс құрылымы:

1. Басталуы — іске қатысушының аты-жөні, компанияның жал­пы сипаттамасы, уақытша параметрі, қызметкерлердің атынан, проблемаларды әр түрлі көзқарас түрғысынан көрсету.

2. Негізгі бөлімі – тарихы, сыртқы ортасы, ішкі ортаның кеңейтілген жазбасы.

3. Қабылданатын шешімнің немесе проблемалардың тез шешілу сатысын белгілейтін қорытынды – сценарий.

4. Қосымша – тарихтың негізгі уақыты, құрылымды ұйымдастыру жобасы, қаржылық есеп берудің деректері, статистика, фотосуреттер.

Оқытушы осындай кейсті жазғанда, өтіп жатқан өзгерістерді ескеріп, әр түрлі сыртқы дерек көздерінен алынған ақпараттарды пайдалануы мүмкін. Пайдаланылған ақпараттар проблемалардың ерекшеліктеріне қатысты болып, қорытындыланған теориялық материалы болуы шарт.

Студенттерге қосымша ақпараттарды өз бетімен іздеу, оған сыни талдау жүргізу ұсынылады. Ақпараттар көзі мерзімді басылымдардағы мақалалар, мамандандырылған және бизнес-конференциядан, студенттердің жеке байланыстарының және бітірушілерден алынған деректер болып табылады.

Белсенді таратпа материалдар(БТМ) – тақырыпты творчествалық игеруге студенттің мотивациясын көтеру үшін сабақта таратылатын көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өзіндік жұмыс тапсырмалары).

Демонстрация(лат. demonstratio – көрсету) – әр түрлі көрнекіқұралдарды бүкіл топқа көрсету үшін әдістемелік тәсіл. Демонстрациялау объектісіне демонстрациялау сипатындағы көрнекі құралдар, оқытушы жүргізетін сынақтар, белгілі бір қызметтің орындалу жүрісі және т.б.

Дискуссия(nam.discussio – қарастыру, зерттеу) –1) топта шешімдерді қабылдау процесін интенсификациялау мақсатында бірлескен қызметтің ұйымдастыру әдісі; 2) ақиқатты ұжымдық ізденуге студенттерді белсенді тарту арқылы оқу процесінің тиімділігін және интенсивтілігін жоғарылатуға үйрететін әдіс; 3) мәселені қарастыру процесі, оны ұжымдық зерттеу тәсілі; оны шешу тәсілдері.

Тренинг – бұл өін өзі тану дағдыларын қалыптастырудың топтық әістерінің жиынтығы. Оның негізгі құралдары ретінде топтық дискуссия мен олардың әр түрлі модификациясы мен үйлесімінде ролдік ойындар. Тренингтер жеке тұлғаның жалпы коммуникативті дайындығын қалыптастыру мен жетілдіру мақсатында пайдаланылады.

Наши рекомендации