Гидравликалық бөліктің түйіндері

Гидравликалық және клапан қорабы, коллектор құймадан немесе нығыздамадан (поковкадан) жасалады. Олар ішкі қысымға ұшырайды және оларға әсер етуші максималь кернеу қалың қабырғалы цилиндрлерге арналған Ляме формуласы бойынша анықталады:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru (13.50)

Мұнда Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - рауалылық пен жегідені ескере максималь ішкі Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru және минималь сыртқы Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru диаметрлер қатынасы.

Ағушылық шегі σт және уақытша кернеуі σв бойынша беріктік қорлары:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.51)

мұнда кз – дайындама типін ескеретін коэффициент, (құма – кз=1,2; нығыздама – кз=1,0). Сораптың қарқындық желісінде қысым лүпілі 5-7%-дан аспайды, сондықтан көрсетілген бөлшектер төзімділікке есептелмейді.

Егер сорапты бөлшектерінің қызмет мерзімі ішінде жинақтық іске қосу 1000-нан аспаса, онда олар МЕСТ 25859-83 бойынша кіші циклді беріктікке есептелуі мүмкін.

Цилиндр төлкесі, жүктемелеудің лүпілдеуші циклі кезінде жұмыс істейді, сондықтан олар жұқа қабырғалы цилиндр ыдыс сияқты есептеледі. Төлкедегі максималь кернеу:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.52)

мұнда Рі – диаметрі di төлке үшін максималь қысым; s – қабырғаның минималь қалыңдығы; с – ең үлкен рауалы тозу.

Ағушылық шегі бойынша төлкенің рауалы беріктік қоры [пт]=1,65; уақытша кедергісі бойынша - [пв]=2,4.

Төлкенің, 400-600 сағат құрайтын, шектеулі қызмет мерзімін ескеріп, ол кіші циклді жүктемелер кезінде беріктікке есептелуі мүмкін.

Шток тұрақтылыққа, иілгіштігі ескеріліп беріктікке, ал екі жақты әрекетті сораптар үшін төзімділікке есептеледі.

Штокқа өстік күшсалмақ сығуға Рс және созуға Рр (екі жақты әрекетті сораптар үшін), есептеу сұлбасына сәйкес (13.15-сурет), төмендегі формулалар бойынша анықталуы мүмкін:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.53)

мұнда Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - поршеньнің ауданы.

13.16-сурет. Штоктың есептік сұлбасы
Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru

Ұшы топсалы бекітілген штокты сығымдайтын сынбағалық күшсалмақ:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.54)

мұнда Е, І – материалдың серпімділік модулі және қимасының ең кіші инерция моменті; lр штоктың есептік ұзындығы; η=π2=9,87 – ұштары топсалы бекітілген штоктарға арналған коэффициент.

Тұрақтылық қоры коэффициенті:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.55)

мұнда [пу] =3,0-3,5 – болат өзектерге арналған тұрақтылық қорының рауалы қоры.

Ең қауіпті қимасын созатын максималь кернеу:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.56)

мұнда fmin – қиманың ең кіші ауданы.

Сығымдаулы өзекшелер үшін рауалы кернеу қарапайым сығымдауға рауалы кернеу [σ] және штоктың иілгіштігіне λ тәуелді 0,4-тен 1,0-ге дейін өзгеруі мүмкін, кернеу төмендеуі коэффициенті φ арқылы анықталады:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru . (13.57)

Штоктың иілгіштігі мына формуламен анықталады:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru ,

мұнда μ=1- топсалы тіректі шток ұзындығын келтіру коэффициенті;

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - шток қимасының еңкіші иенрция радиусы.

Шток иілгіштігі λ 100-110 кемболмауы керек. сапасы жоғарылатылған болаттар үшін λ=100 кезінде φ=0,43.

Екі жақты әрекетті сорап штогі ассиметриялық цикл бойынша өзгеретін күшсалмаққа сыналады және агрессивтік орта әрекетіне ұшырайды.

Төзімділігі бойынша беріктік қоры коэффициенті:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.59)

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru мұнда Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - симметриялық цикл кезінде материалдың ауадағытөзімділік шегі; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - агрессивтік орта әсерінен төзімділік шегінің тқмендеуін ескеретін коэффициент; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - циклдің орташа кернеуі; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - цикл амплитудасы; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - кернеулер шоғырлануын, өлшемдерін, беттің сапасын ескеретін коэффициент; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - цикл ассиметриясы коэффициенті (сораптар үшін Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru етіп анықтауыштардан таңдалған).

Төзімділігі бойынша беріктік қоры коэффициенті 1,2-ден кем болмауы керек.

13.17-сурет. Бұрғылау сорабының клапаны: 1-қақпақ; 2-тығыздаушы элемент; 3-гайка; 4-ершік; 5-бағыттаушы қабырға
Клапан қақпағы шеттерімен еркінтірелген және лүпілдік цикл бойынша әрекет ететін, таралған күшсалмақпен біркелкі жүктемеленген, платина ретінде есептеледі. Максималь кернеуі:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.60)

Мұнда Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - шетімен еркін тірелген платинаға арналған коэффициент; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru -қақпақ қабырғасының диаметрі мен қалыңдығы.

Қолданыстағы сораптарда, қақпағы ершікпен бағытауыш және қабырға жиектерімен және маңдайымен өзара әрекеттесетін, жалпақ-конустық тіректік бетті клапандар қолданылады. Бқл тек қақпақ қалыңдығын ғана маңызды азайтып қоймай, сонымен қатар пайда болатын кернеулер мен деформацияны да азайтады.

Төзімділікке беріктік қоры коэффициенті:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru . (13.61)

Бекітуші бөлшектер. Шпилькалар, болттар және гайкалар қатайту күшсалмағына сүйене есептеледі. Клапан қақпақшалары мен цилиндрлер радиаль резеңке сақиналармен нығыздалатынын ескере, қақпақша шпилькаларын қатайтудың жинақтың күші жұмысшы сұйықтың қысым күшінен 10-15% артық етіп таңдалады. Шпильканы созу кернеуі:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.62)

мұнда Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru - сәйкесінше қақпақша ауданы мен бұранданың ішкі диаметрімен алынған шпилька қимасының ауданы, п – шпилькалар саны, тз=1,10-1,15 – қатайту коэффициенті.

Бекітуші бөлшектердің беріктік қорын материалының ағушылық шегі бойынша 2,2-2,5 аралығынан таңдайды.

Жетектік бөлік

Сырғыма (крейцкопф) бұлғаққа түсетін күштің вертикаль құраушысын қабылдайды (13.5-сурет), сырғанау тіректеріндегі түйісу қысымына есептеледі.

Бұлғаққа түсетін максималь күш:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru . (13.63)

Сырғыма бағыттаушыларына берілетін вертикаль құраушысы N.

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru . (13.64)

Сырғыманың тіректік бетіндегі түйісу қысымы:

Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru , (13.65)

мұнда b, l – сырғыма жапсырмаларының ені мен ұзындығы; Гидравликалық бөліктің түйіндері - student2.ru МПа – рауалы түйісу қысымы.

Сырғыма саусағы кесілуге, иілуге және түйісу беріктігіне есептеледі. Түйісу қысымы 12 МПа-дан артық болмауы керек.

Бұлғақ, шток сияқты, өстік күшсалмаққа беріктігіне және тұрақтылыққа тексеріледі. Тұрақтылық қоры коэффициенті 7-ден кемболмауы керек.

Бұрғылау сораптарының түптік білігі эксцентрик түрінде жасалған және бұлғақ жағынан уақыт бойынша өзгеретін күшсалмақтар және тісті беріліс жағынан реакциялар әсер ететін, екі тіректі арқалық сияқты. Білік қимасына оның айналу бұрышына тәуелді өзгереиін кесуші күш, июші және бұраушы моменттер әсер етеді. Білік беріктікке, төзімділікке және қаттылыққа есептеледі.

Наши рекомендации