СтуденттіҢ Өзіндік жҰмысыныҢ (сӨж) маҚсаты мен міндеттері
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
Бакалавриат - Білім беру бағдарламасы
В050800- «Есеп және аудит» мамандығы
Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәні бойынша
СӨЖ орындау және ОБСӨЖ жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау
Алматы, 2014
Құрастырушылар:
э.ғ.к., доцент Тулегенова Р.А.
э.ғ.к., аға оқытушы Оралбаева Ж.З.
СӨЖ орындау және ОБСӨЖ жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін «Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
СӨЖ орындау және ОБСӨЖ жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № 1 «27» тамыз 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к.,доцент ____________________Нургазиева Л.А.
КІРІСПЕ
«Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» курсын зерттеу теориялық және практикалық материалды түсінуге мүмкіндік береді және соның нәтижесінде басқа да профильді пәндерді зерттеуге көп көмегін тигізеді. Бұл ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет ерекшеліктеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есеп беруге септігін тигізеді.
Бұл пәнді оқытудың басты мақсаты сыртқы экономикалық қызметтер есебін жүргізу бойынша мәліметтер беру. Курсты зерттеу барысында студенттер есеп жүргізу және есеп берудің теорялық және әдістемелік білім жинақтайды.
Курс міндеттері:
- Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп тарауларын жүйелендіру және жинақтау;
- ҚР және басқа да мемлекеттердегі жаңа есеп жүргізу әдістерін қолдану
- ҚР-ғы ҚЕХС және ҚЕС негізінде сыртқы экономикалық қызмет есебі мен механизмдерін меңгеру.
Бұл пәнді меңгерген студенттер:
- Қазақстандандық және бірлескен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін жүргізуінің теориялық және практикалық негіздерін оқып үйренуі;
- ҚР-ғы сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің нормативтік-заң шығарушылық базасын дұрыс қолдануды үйренуі;
- Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі бойынша негізгі операцияларды есепте қалай көрсетуді үйренуі;
- Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп және есп берудің теориялық және практикалық аспектілер саласында тиіс білім жинақтауы қажет.
Теориялық материалдар тәжірибелік сабақта бекітіледі.
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:
- дәріс (лекция) оқу;
- практикалық сабақтар жүргізу;
- ОБСӨЖ;
- СӨЖ.
Алдыңғы деректемелер: «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі».
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ (СӨЖ) МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәні студенттердің дәріс және практика сабақтарында алған білімін тереңдете және бекіте түсетін өзіндік жұмыстарды орындауды көздейді.
Студенттердің өзіндік жұмысы – студенттердің ғылыми әдебиеттерді, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады.
СӨЖ басты мақсаты –студенттерді логикалық әрі кезекті түрде ойлауға, жеке дара жұмыс істеуге, талдауға және ой қорытындылауға үйрету. СӨЖ тапсырмаларын орындау студенттерге алған теориялық білімін дұрыс меңгеруге, оларды тәжірибеде қолдануға, негізгі мәселелерді шешуге, нақты сұрақ бойынша өз пікірін қалыптастырып, оны дәлелдей білуге көмектеседі.
Өзіндік жұмыс қандай да бір тапсырманы механикалық түрде орындауға ғана бағытталмауы тиіс, ол студенттердің шығармашылық қабілеттерінің дамуына, болып жатқан оқиғалардың дамуына талдау жасай білуіне ықпал етуі қажет. Бұндай тапсырмаларды орындау студентке дәріс және практикалық сабақта алған білімін толықтай меңгеруге, алынған дағдыларын бекітуге, яғни әрбір қаржы саласындағы маманға аса қажетті дербес ойлау қасиетін дамытуға мүмкіндік береді.
«Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәні бойынша өзіндік жұмыстың негізгі түрлері төмендегідей:
- дәріс материалдарын одан әрі зерттеу және бекіту;
- аудиториялық сабақтарға дайындалу мақсатында әдебиетпен, мерзімді басылымдардағы мақалалармен, интернет көздерімен дербес жұмыс істеу;
- ұсынылған жағдайлар бойынша кейстер құру;
- эссе, баяндама, реферат жазу;
- курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
- материалдарды кесте, схема түрінде жүйелеу;
- берілген тақырыптар бойынша презентация жасау;
- нақты ұйым мәліметтерін пайдалана отырып талдау жасау.
Өзіндік жұмыс, кез-келген оқу процесінің маңызды бөлігі бола отырып, студенттердің келесідей тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал етеді:
- жауапкершілік;
- міндеттілік;
- жаңа материалдарды дербес түрде іздеу және жүйелеу;
- тапсырмаларды жеке дара орындау мүмкіндігі;
- дербес ойлау, ой қорытыдылау.