Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

Бакалавриат - Білім беру бағдарламасы

В050800- «Есеп және аудит» мамандығы

Экономикалық талдау» пәні бойынша

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау

Алматы, 2014

Құрастырушы:

э.ғ.к., аға оқытушы______________________________ Оралбаева Ж.З.

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін «Экономикалық талдау» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Практикалық, зертханалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № 1 «27» тамыз 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к.,доцент ____________________Нургазиева Л.А.

Кіріспе

Нарықтық экономика ұйымдардан кәсіпкерлікті дамыту, басқару мен шаруашылықтың тиімді нысандарын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу негізінде қызмет көрсетулер мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, өндірістің тиімділігін көтеруді талап етеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұйымның шаруашылық қызметін талдауға бағытталады. Оның көмегімен ұйымның даму тактикасы мен стратегиясы өңделеді, басқарушылық шешімдер мен жоспарлар негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін жоғарылататын резервтер анықталады, ұйым, оның қызметкерлері мен бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бағалауға болады.

«Экономикалық талдау» курсының мақсаты – ұйымдардың қызметінің нәтижелерін зерттеу, резервтер мен жетіспеушіліктерді ары қарай анықтау үшін олардың ауытқуына әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ өндіріс және өткізу көлемдерін көбейту мен жаңартуға бағытталған, олардың жұмыстарының тиімділігі мен тұрақтылығын көтеретін әдістерді өңдеуде болып табылады.

Курсты зерттеу нәтижесінде студент экономикалық талдаудың мазмұны жайлы, оның мақсаты мен атқаратын қызметтері туралы ойы болуы керек, басқарушылық және қаржылық талдау әдістерін меңгеру, қаржылық жоспарларды жүзеге асырудың жолдары мен бағыттарын білуі, ұйым қызметіне стратегиялық және болжалдық жоспарлауларды жүргізе білуі, ұйымның қаржылық жағдайына кешенді талдау жүргізе білуі қажет.

Теориялық материалдар экономикалық талдаудың түрлі тәжірибелік есептері шығарылатын тәжірибелік сабақта бекітіледі.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:

- дәріс (лекция) оқу;

- практикалық сабақтар жүргізу;

- ОБСӨЖ;

- СӨЖ.

Пәнді оқытудың мақсаты: басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде экономикалық талдау әдістерін қолдану бойынша студенттерге тәжірибелік дағды мен теориялық білімдерді меңгерту.

Аталмыш пәнді оқытудың міндеттері:

- экономикалық талдаудың мәні мен мазмұнын, жүргізу тізбектілігін, ұйым қызметін басқарудағы қаржылық талдаудың рөлін ашу;

- экономикалық талдау әдістемесін оқыту;

- сенімді аналитикалық ақпаратты қалыптастыру;

- кешенді экономикалық талдауды бизнес-жоспарды негіздеу әдісі ретінде қолдану;

- басқару шешімдерін негіздеу және қабылдау кезінде экономикалық талдаудың, соның ішінде басқарушылық және қаржылық талдаудың негізгі әдістерін қолдану.

Алдыңғы деректемелер: «Статистика», «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі».

Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Практикалық сабақтар «Экономикалық талдау» пәнінен барлық тақырыптар бойынша тапсырмалар орындауды талап етеді. Практикалық сабақтардың басты мақсаты– дәріс сабақтары барысында алған теориялық білімді толықтыру, нақтылау, талқыға салу арқылы тереңдету және әр түрлі тапсырмаларды орындау көмегімен нақтылай тәжірибелік дағдыларға үйрету.

Қойылып отырған мақсатқа сәйкес, практикалық сабақтарды өткізу міндеттерін орындау төмендегідей нысанда жүзеге асырылады:

- ауызша сұралым;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- іскерлік ойындар өткізу;

- дискуссиялар мен пікірталас (дебаты);

- интеллектуалды жарыстар өткізу.

Практикалық тапсырмаларды орындау, практикалық сабақтарды өткізу барысында белсенділік таныту, тақырыпқа сәйкес есептер шығару Силлабусқа сәйкес тиісінше баллдармен бағаланады. Практикалық сабақтарға дайындалуға қажетті әдебиеттер тізімі осы әдістемелік нұсқаудың соңында берілген.

Наши рекомендации