Ф. Франко режимінің күйреуі
1939 жөне 1970 жылдардағы режимнің арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен заңдарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуліктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия — Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен "Ұлттық қозғалыс" партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық құрылған үкіметтің Франко басшысы болды. 1969 жылы кортестің төтенше сессиясы мемлекет басшысының мирасқоры етіп, 1931 жылы революция кұлатқан король Альфонс ХІІІ-нің немересі, Хуан Карлосты тағайындауы да, ал 1973 жылы — адмирал Карреро Бланконың премьер-министр болуы да Франконың абсолюттік билігін шайқалта алмады.
Франкизм өзінің қарсыластарына қарсы саяси террорды қатаң рухани және идеологиялық террормен толықтырып отырды. "Коммунистерге қарсы крест жорығы" идеалына берілгендікті режим елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принципі деп есептеді. Режим өзінің қарсыластарының саяси және идеологиялық толық қарусыздануын талап етті. Испан қоғамына франкизм енгізген идеологиялық платформа Испанияда бір жарым ғасыр ішінде дүниеге келген әртүрлі реакциялық ағымдар, топтар, партиялардың идеологиялық және саяси доктриналарының қойыртпағы еді. Франкизмнің идеологиялық доктринасының мәнін зерттеуші Хуан Висенс былай сипаттайды: "авторитаризм, национализм, экзальтированное провозглашение единения перед лицом классовой борьбы, патерналистская элитарность, исконный, дособорный католицизм"/5/.
40-шы жылдардың соңында 50-шы жылдардың басында франкизмге қарсы экономикалық ұрандармен алғашқы жұмысшы бас көтерулері бой көтерді. Жұмысшылар жалақының аз болуына, кәсіпкерлердің жүгенсіздігіне, бағаның өсуіне қарсы шықты. Жұмысшылар 60 -шы жылдардың басына қарай франкистік режимнің негізіне қарсы талаптар қоя бастады: саяси тұтқындарға амнистия, ереуілдерге, жиналыстарға, тәуілсіз кәсіпорындар құру правосын беру, полициялық террорды тоқтатуды және т.б. талап етті. Жұмысшылардың жаппай бас көтерулері режимнің маңызды тіректерінің бірі "вертикальдық" синдикаттардың күйреуіне әкеп соқты.
70-ші жылдардың ортасында "вертикальдық" синдикаттар әскерсіз генералдарға айналды, өйткені еңбекшілердің көпшілігі 50-ші жылдардың аяғында қалыптасқан кәсіподақ қозғалысының жаңа типі — жұмысшы комиссиясын ашық қолдады. "Вертикальдық" синдикаттардың күйреуі франкизмнің халықтың басым көпшілігімен тіл табуға ұмтылысының толық іске аспағандығын көрсетеді. 50-ші жылдардың ортасында студент қауымы университеттің кәсіподағына /СЕУ/ радикалды реформа жүргізуді талап етті. Өкімет бұған жауап ретінде университеттерді жапты, студенттер арасында тазалау жүргізді, оку корпустары мен студенттік қалашық территорияларында митингілер және манифестациялар өткізуге тиым салды, осы жерлерге полиция мен азаматтық гвардияның үлкен бөлімдерін енгізді, бірақ бұл шаралар отқа май құйды. Режим мен студент қауымы арасында конфликт туды.
60-шы жылдардың аяғында әртүрлі оппозициялық акцияларға: жиналыстар, демонстрациялар, "дөнгелек столдарға" жөне басқаларға интеллигенция белсене қатысты. Испан интеллигенциясының жаңа ұрпағының басым көпшілігі франкизмге қарсы шықты. Олар адвокаттар, журналистер, дәрігерлер, сот қызметкерлері /6/. Өкіметтің интеллигенцияның әртүрлі топтарына жүргізген саяси репрессиялары олардың арасында режимнің ықпалының өсуіне кедергі келтірді.
Каталония мен Баск елінің ұлтшылдық қозғалысы оппозициялық қозғалыста маңызды роль атқарды, олар автономияны қалпына келтіру және ұлттық мәдениетті қорғау үшін табанда күрес жүргізді. Франкизм оларды " ұлттың бірлігіне" қастандық тудырушы ретінде қарап, аяусыз басты. Өкіметтің репрессиясы 60-шы жылдардың соңында радикалдык позициядағы баскі ұлтшылдық ұйымдарының күрестің террористік методтарына көшуіне әкеп соқты да Баск Елінде жағдайды одан сайын шиеленістіріп, режим дағдарысын тереңдете түсті.
Осылайша франкизм төменнен басталып, өсе түскен оппозицияны баса алмайтын жағдайға жетті. Ол "Ұлы Испания" негізінде сақтап қала алмады. 30-шы жылдары антиреспубликандық және антикоммунистік ту астында испан реакциясы таптық-әлеуметтік жағынан әртүрлі күштерді біріктірген болатын: финанс және жер олигархиясы, шіркеу мен әскерді басқарушылар, ірі өнеркәсіп иелері, қала мен селоның орта тобының едәуір бөлігі. Франкистік режим олардың мүддесін барынша қорғады. Олардың экономикалық позициясының нығаюына жағдай жасады. Франкизм тұсында қалыптасқан финанс олигархиясы негізінен қоғаммен мемлекетті үстем күшке айналды /7/.
Режим "бұрынғы" байларға ғана қолайлы жағдай тудырған жоқ, алып-сатар, коррупция негізінде байыған "жаңаларға" да жеңілдіктер жасады. Ап Испанияда 60-шы жылдардың ортасында "экономикалық аристократия" деп аталған 1377 "семья" болды. Режимнің билік басында болуы Франко семьясының баюына пайдаланылды. Франконың інісі Николас Франко "Рено", "Дизель", "Алюминио Иберико" сияқты компаниялардың әкімшілік кеңесінің құрамына енді, қарындасы Пилар биржа ойынында байып, өзінің капиталын фармацевт және металлөндеу өнеркәсібіне салды. Франко семьясының капиталы 41 банкіге салынған.
60-ші жне 70-ші жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық "бум" одан сайын "жаңа" буржуазияның позициясын нығайтты, сонымен қатар ол режим экономикасы саясатының біраз бөлігінің наразылығын өсірді. Соның қысымымен 50-шы жылдардың соңында режим "автаркия"* және экономиканы реттеу саясатынан бас тартуға мөжбүр болып, экономиканы "либерализациялауға" көшті, ол испан бизнесіне барынша қолайлы жағдай туғызды. Осындай жағдайда испан буржуазиясы реформа жүргізуге мен осы құрылымды жоюға ұмтылуы күшейді. Франкизм 60-шы жылдары орын алған жағдайдан мемлекеттік басқару системасына "Опус деи" /"Дело божье"/ діни сектасынан технократтар мен әлеуметтік және саяси салаларда либерализаторлық жаңалықтарды енгізу арқылы шығуға тырысты. Технократтар өздерін басқарушы ретінде жаман көрсеткен жоқ, сонымен қатар коррупция, қазына ұрлаушылықпен олар өздерін былғады, ал саяси "либерализация" жүзеге аспады. Сонымен бірге олардың іс-әрекеті испан буржуазиясының әртүрлі топтарының арасында қайшылықгар туғызды, екі ағымның пайда болуына ықпал етті: "эволюционисттер" және ультра, кейінірек "бункер". Өкіметтің тоталитарлық формасына 1936-1939 жылдары франкистік ту астында республикаға қарсы соғысқандардың балалары қарсы шықты. Оларды Испанияда "Режим балалары" деп атады. Олар "көше балаларымен" бірікті.
Испания басқарушы тобының франкизмге көзқарасына тағы бір жағдай әсер етті. Франкизм бірыңғай идеалық-саяси блокқа монархистердің, консерваторлардың, католиктердің, фашистік топтардың әртүрлі фракцияларын біріктірді. Осы блокқа әртүрлі күштердің енуі олардың ішінде үнемі қайшылықтар туғызып отырды. Алғашқы кезеңде режимнің негізгі саяси сүйеніші Испания фалангасы болатын. Осы партияның құжаттық программасы 26 баптан тұрды, ол франкистік мемлекеттің "фундаментальдық негізі" деп саналды. 40-шы жылдардың соңында фаланганың құрамы 1 миллион адамға жетті, соған қарамастан елдегі жетекші саяси күшке айнала алмады. Себебі, әрқашан әскер бақылауында әрекет етті, оның билігіне үнемі монархистер мен католиктер таласты. Герман және итальян фашизмнің күйреуі фаланганы Испаниядан тыс жердегі саяси және рухани қолдаудан айырды. Франко фаланга сүйенішінен бас тартуға мәжбүр болып, басқа реакциялық күшке, атап айтқанда католиктер мен монархистердің консервативтік топтарына арқа сүйеді. Фаланга 50-ші жылдардың ортасында шын мәнінде күйреді, біразы "Ұлттық қозғалыстың" бір бөліміне айналды. 60-шы жылдары "Ұлттық қозғалыста" бір-біріне қарсы топтар пайда болды. Фаланганың ультра оңшыл элементтері оны қайта тудыруға бірнеше рет ұмтылды. 1958 жылдың мамыр айында фаланга принциптері мемлекеттің негізгі принциптері деп жарияланды, бірақ олар бұрынғы позициясын қайтара алмады.
70-ші жылдардың ортасында франкизм өзінің тағы бір таянышынан — католиктік шіркеуден айырылды. Азамат соғысы жылдары жөне одан кейінгі жылдарда шіркеу "крусада" идеясын толық мойындаған-ды, режиммен оның репрессиялық саясатын қолдап, өзінің онымен тығыз байланыста екенін айқын көрсеткен. 1953 жылы Ватиканмен конкордат жасалынған, ол католиктік дінге ерекше құқықтар берген. Алайда, оппозициялық қозғалыстың өсуімен шіркеудің режимінен алшақтау процесі басталды. Шіркеудің "жаңарған" қанаты 60-шы жылдары франкизмнен ажырады. Бұл қанат режим саясатын ашық сынап, оппозицияның демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру талаптарын қолдады.70-ші жылдардың ортасында жаңа лептен режимнің маңызды тірегі әскер мен қоғамдық қауіпсіздік күштері де шет қала алмады.
Дегенмен франкистік режим үнемі дағдарыста болды деп айтуға болмайды. Режимнің ұзақ уақыт өмір сүруі жағдайдың өзгеруіне тез бейімделуі, әр түрлі топтармен тіл табысуы, олардың кейбір талаптарын орындауы. Франкизм өзі өмір сүрген жылдары әлеуметтік-экономикалық және саяси маневрдің үлкен төжірибесін жинақтады. 1945-1948 жылдары Испания халықаралық аренада оқшау қалды. Режим осы оқшауланудың көлеңкелі салдарын жою үшін бірқатар реформалар жүргізді: монархияны қалпына келтіру, кортестерді құру,"испандықгар хартиясын" өмірге енгізу. 1959-1960 жылдары экономикалық және саяси дағдарыс туғанда да франкизм күрт бетбұрыс жасап, "ашық экономикаға" көшті, "испандық экономикалық кереметке" жол ашты. 1960 жылдардың ортасында елде оппозициялық қозғалыс кең етек алғанда франкизм "либерализация", реформа эрасын жариялады. Осындай маневрлер елде режимге қарсы оқиғалардың алдын алып, дағдарыстық ситуацияны жойып жіберіп отырды. Режимнің біршама тұрақты болуына оппозициялық күштердің әртүрлі болуы, қимылдарының бір-бірімен үйлеспей жатуы да өсер етті. Оппозициялық партиялар мен топтардың іс-әрекеті көбінде петиция, жазбаша қарсылық, өтініш, үндеу жазумен шектелді. Олар ұсынған жолдар елдегі шиеленіскен мәселелерді шеше алмады. Осылардың барлығы франкизмге қарсы күресте бірыңғай бір платформада біріккен күшті құра алмады.
Франкистік режимді "ұлттық келісім" негізінде бейбіт жолмен жою идеясы испан қоғамының әртүрлі топтарының арасында кең қолдау тапты. Оның себебі: біріншіден жаңа азамат соғысының қауіптену (бұрынғы азамат соғысының қанды зорлығы, азабы, қырғыны естен шыққан жоқ, оны "жеңгендер" де "жеңілгендер" де ұмытқан жоқ) Оппозициялық күштердің жақындасуының алғашқы қадамы 1962 жылы маусымда Мюнхенде өткен буржуазиялық партиялар мен социалистер өкілдерінің мәжілісінде жасалды. Онда Испанияда диктатурадан демократияға өтудің бес шарты көрсетілді: елде демократиялық институтаттар қүру; адам құқына нақты кепілдік беру; үлттық топтардың қүқын тану; кәсіподақ бостандығын қамтамасыз ету; оппозиция құқылығы. Алайда, оппозициялық топтар мен партиялардың жақындасу процессі ұзаққа созылды. 1974 жылы маусымда Демократиялық Кеңес құрылды. Оған Испания Компартиясы, Социалистік Халық партиясы және басқа партиялардың топтары бірікті. Ұзамай Испания Социалистік жұмысшы партиясы инициативасымен басқа коалициялық оппозициялық күш - Демократиялық конвергенция платформасы, немесе Демократиялық келісім партиясы құрылды. 1976 жылдың наурызында осы екі оппозициялық блок - Демократиялық кординация құру арқылы бірікті. Олардың бірігіп жариялаған коммюникесінде елде демократиялық қоғам орнатуға қол жеткізу және саяси сипаттағы талаптары көрсетілген.
70-ші жылдардың басында франкизмнің маневр жасау мүмкіндігі тоқтады. Испанияда демократиялық Кеңес құрылғаннан кейінгі жағдай жөнінде 1974 жылы француздың "Юманите" газеті былай деп жазды: "Франкизмнен кейінгі кезең бұл гипотеза емес... Франкизмнің күйреуі диктатурада ұлттық оппозицияның өсуімен білінеді... социалистер, христиандар, либералдар, монархистер, дін қызметкерлері, өнеркәсіп иелері жұмысшылармен, коммунистермен бірге әрекет етуде. Аз уақыт қана бұрын бір-біріне қарсы тұрғандар бір мақсатта: Испанияда демократияны қалпына келтіру мақсатында бірікті/8/. Франкизмнің саяси және идеологиялық жүйе ретінде күні бітті. Одан басқарушы топ та, қалың көпшілік те бас тартты. Барлығы да өзгерістің қажет екенін түсінді. Осындай жағдайда 1975 жылы 20 қарашада 82 жастағы диктатор қайтыс болды. Оның жерлеуін ультра Мадридте және басқа қалаларда манифестациялар өткізумен атап өтті. Қырық жылдық режим тарихы аяқталды. Болашаққа сенген жаңа кезең басталды. 22 қараша 1975 жылы принц Хуан Карлос, Хуан Карлос I деген атпен Испания королі болып жарияланды. Ол өзінің такқа отыру рәсімінде сөйлеген сөзінде елде реформалар жүргізу қажет екендігінін түсінетінін атап өтті.