Екпе ормандарға топырақ өңдеу
Топырақты дұрыс өңдеу оның физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, су, ауа, оттегі мен көмірқышқыл газымен қамтамасыз етуді жоғарылатады. Сонымен қатар топырақ өңдеу арамшөптерді жоюға бағытталған. Арамшөптер екпе ормандардың ылғал мен топырақтың қоректік заттары үшін күресте басты бәсекелесі болып табылады.
Екпе ормандарды құру кезінде жас өсімдіктер (сеппелер, тікпелер) қолданылады. Олардың тамыр жүйесі қалыптасқан, басты мәселе топырақ өңдеу тереңдігіне байланысты. Әрбір орман өсетін аймақта топырақ өңдеу кезінде мынаны ескеру керек:
· өсу орыны жағдайларының типі,
· екпе ормандар алаңшасының жағдайы мен шығу тегі,
· екпе орманға қолданылатын ағаш түрінің биоэкологиялық қасиеті.
Сонымен ылғалы шамадан артық аймақтатопырақ өңдеу жұмысы жағдай құруға бағытталуы керек, жақсы дренаж (кәріз) жасауға, топырақтың аэрациясын жоғарылатып, оны жылумен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта екпе ормандарға топырақ дайындау барысында микрожоғарылату алаңша түрінде құрылады, жүйек немесе төмпешіктің биіктігі 30-45см етіп ылғал ағып кететіндей жасалады.
Қалыпты ылғалдылықты аймақта (орманды дала) топырақ өңдеу жұмысы топырақ бетін тегістеуге бағытталады, сонымен бірге мүмкін қарықтап жыртуды микротөмендетуге құрылады.
Ылғалы жеткіліксіз аймақта (дала, жартылай шөлейт және шөлді аймақ) екпе ормандарға топырақ өңдеу жұмысы ылғалды жинақтау мен сақтауға бағытталады. Бұл ауылшаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын түрлі топырақ өңдеу жүйелерін қолдану арқылы іске асырылады.
Топырақ өңдеу түрін таңдау тәсілі келесі факторларға байланысты:
· климаттық жағдайға;
· екпе орман алаңшасының бедері жағдайына (тың және тыңайған жер, кеспе ағаш, өртең, ашық жер және т.б.);
· арамшөптердің түрлік құрамына;
· екпелерді отырғызу мезгіліне және т.б.
Сондықтан екпе орман алаңшасының әрбір учаскесіне, олардың спецификалық ерекшелігіне байланысты, мейілінше эффективті топырақ өңдеу жүйесін қолдану керек.
Топырақ өңдеудің екпе орман алаңшасының категориясына байланыстылығы:
«а» категориясы – бос жер, ашық жер, тегіс учаскелі жердің топырағын жаппай өңдеуге болады.Құмдауытты топырақтарды жаппай өңдеу жел эрозиясына әкен соқтырады;
«б»категориясы – кеспе ағаш, өртең, түбірлер саны 600 дана/га дейінгі жерлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап өңдейді, таулы жерлерде – жолақтап немесе террасалап жүргізіледі;
«в» категориясы – түбірлер саны 600 дана/га көп жерлерде топырақ өңдеу алаңшалап немесе қарықтап жүргізіледі;
«г» категориясы – табиғи жаңаруы әлсіз кеспе ағаштар, өскіндерді сақтау үшін топырақ алаңшалап өңделеді.
Топырақты дайындауға пайдалану техникасы болуы мүмкін:
· механикалық – топырақты қопсыту;
· химиялық – топырақты қопсытпай, гербицидтермен өңдеу;
· өртеу – механика қолданбай, арамшөптерді жағу арқылы;
· құрама (комбинирлі) – механикалық және химиялықты қосып.
Топырақты жаппай өңдеу.
Өсу орны жағдайына, топырақтың механикалық құрамына және шымдану дәрежесіне байланысты топырақ өңдеудің сүдігер, көктемгі жырту, қара және ерте пар жүйелері қолданылады.
Сүдігер өңдеу жүйесі жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған топырақтарға қолданылады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде, егер ол жерлер тамыр сабақты және тамыр атпалы арамшөптерден тазартылған болса. Ол келесі топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады:
· күзде топырақты дискілі құралдармен тереңдігі 10-12см сыдыра жырту;
· сыдыра жыртудан 12-15 күннен кейін топырақты тереңдігі 30см кем емес тереңдікте сүдігер жырту;
· ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
· ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.
Көктемгі жырту жүйесі сүдігер өңдеу жүйесі секілді жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған және ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде қолданылады. Ол ерте көктемде топырақ жыртумен бірге ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау арқылы жүргізіледі.
Қара пар жүйесі дала және жартылай шөлейт аймақтағы күшті шымданған орташа және ауыр сазды топырақтарда ылғал жинау және арамшөптермен күресу үшін қолданылады. Бұл жүйеде топырақ өңдеу келесі жұмыстардан тұрады:
1) дискілі құралдармен топырақты 10-12см тереңдікте күзгі сыдыра жырту;
2) 12-15 күннен соң топырақты 30 см жоғары тереңдікте сүдігер жырту;
3) ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
4) жаз бойы 3-4-мәрте қопсытумен (10-12см тереңдікте) бірге тырмалау;
5) күзде парды 30-35 см тереңдікте сыдыра жырту;
6) ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
7) ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.
Ерте пар жүйесі алдыңғы жүйелерден айырмашылығы көктемде топырақ жырту, 3-4-мәрте қопсытумен бірге тырмалау, күзде парды қайта жырту, ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалау және ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. Бұл айтылған әрбір топырақ өңдеу жұмысының мақсаты, топырақ өңдеудің қара пар жүйесімен бірдей. Бұл жүйе әлсіз шымдалған механикалық құрамы жеңіл және орташа сазды топырақтарда қолданылады.
Ауылшаруашылығына пайдаланылған жерлерді жаппай өңдеу. Екпе орман қорында бұрын ауылшаруашылық дақылдары себілген жерлер кездесуі мүмкін.
Егер екпе орман алаңшаларында топырақты жаппай өңдегенде, ол жерді арамшөптер басқан болса, барлық шаралар солармен күресуге бағытталады. Қазақстанда кең тараған тамырсабақты арамшөптерге – жатаған бидайық, жауқияқ, ақбаттауық; атпа тамырлы арамшөптерге – күлгін және сары қалуен (тікенқурай), егістік шырмауығы, сүттіген.
Топырақты терең өңдеу (плантажды). Екпе орман құру кезінде, әсіресе қуаңшылық жағдайда, топырақ өңдеуде арнайы терең жыртқыш (плантажды) соқаны пайдалану эффективті болады. Қазіргі заманғы плантажды соқалардың маркалары ППН-50, ППУ-50А. Олар топырақты терең жыртуға (тереңдігі 60см, алым ені 50см)мүмкіндік береді.
Учаскені жалпы экологиялық бағалау, жасанды орманды қайта жаңарту, өсу жағдайларының типін анықтау үшін ең ыңғайлысы Е.В.Алексеев - П.С.Погребняктың жіктеуі (кесте 1). Жіктеуде топырақтың негізгі екі қасиеті – топыраққұнарлылығы мен ылғалдылығыескеріледі. Бұл екі координаттар орман учаскесінің топырағының эдафикалық негізін құрып, топырақты жіктеуді жүйелейді.
Кесте 3 - Е.В.Алексеев – П.С.Погребняк бойынша өсу жағдайларының типін жіктеу сүлбесі
Гигротоптар | Трофотоптар | |||
А-борлар | В-суборлар | С-сугрудкалар | Д-грудылар | |
0 – өте құрғақ | А0 | В0 | С0 | Д0 |
1 – құрғақ | А1 | В1 | С1 | Д1 |
2–жаңа құрылымды | А2 | В2 | С2 | Д2 |
3 – ылғалды | А3 | В3 | С3 | Д3 |
4 – дымқыл | А4 | В4 | С4 | Д4 |
5 – сулы | А5 | В5 | С5 | Д5 |
Топырақты терең жырту кәдімгі және оңтүстіктің қара топырақтарында пайдалануға ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қоңыр топырақ типіндегі тығыз корбонатты горизонттан төмен жыртуға ұсынылады.
Топырақты жарым-жартылай өңдеу. Топырақты жарым-жартылай өңдеу алаңшаларда, ол жерлерде топырақты жаппай өңдеу мүмкін емес: кеспе ағаш, өртең, сирек орман, алаңшалар, жалпақ жапырақты жас жабайы шыбық және бұта өскен жерлер; тік беткейлер, құмды жерлерде, яғни, топырақты жаппай өңдеу жел эрозиясын тудыратын жерлерде қолданылады.
Екпе орман тәжірибесінде топырақты жарым-жартылай өңдеудің келесі түрлері ажыратылады: қарықтап жырту, әртүрлі ендегі жолақтап, террасалап, алаңшалап және шұқырлап.
Қарықтап жыртудың құрылымы екі қайырмалы соқамен іске асырылады: ПЛ-70, ПКЛ-70, ПЛП-135. Қарық ені 1,3-1,4м олардың арасының қашықтығы 4-6 м. Сеппелерді қарықтың үстіне отырғызады.
Сондықтан, Қазақстан жағдайында екпе ормандарға топырақты жарым-жартылай өңдеу кезінде жолақтап немесе алаңшалап әртүрлі мөлшерде жүргізіледі. Бұл үшін келесі талаптарды сақтау керек: екпе орман учаскесінің орман өсу жағдайы нашар, құрғақ топырақты және күшті шымды болған сайын, жолақтар ені кең және алаңшалар мөлшері үлкен болуы керек.
Еңістігі 200 жуық тік беткейлер екпе ормандарға топырақ өңдеу терраса жасайтын машина мен әмбебап бульдозер арқылы (баспалдақ құру) жүргізіледі. Терраса ені 3,5–4м, террасалар осінің арақашықтығы тік беткейдің еңістігіне байланысты болады. Мысалы, (20-300) беткейлерде 7 ден 9м арасында ауытқиды. Терраса керісінше бағытта 4-50 еңіс болу керек. Өйткені жауын және ағынды сулар ағып кетпей, жақсы сіңу үшін.
Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандары еңістігі 5-60 тан 20-250 болатын тік беткейлі учаскелерде топырақ өңдеу жарым-жартылай жолақтап немесе қарықтап жырту қолданылады. Еңістігі 100 беткейлерде жолақ енін 5-6м етіп, олардың арасына ені 2-5м болатын өңделмеген жер қалдыру ұсынылады. Еңістігі 10-150 беткейлерде А.Н.Протасов және П.А.Ган жолақ енін 2,5-5,5м қысқартуды ұсынады. Олардың арасына да осы мөлшер ұсынылады.
Топырақты алаңшалап дайындау, тек қана жолақтап және қарықтап өңдеу мүмкін болмаған жағдайда: кеспе ағаш, өртең, басты ағаш түрлердің табиғи жаңаруы сирек және қажетсіз ағаш түрлері мен бұталар өскен сирек ормандарда, сонымен бірге еңістігі 200 жоғары тік беткейлерде, күшті тастанған топырақтарда қолданылады. Егер басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ механикалық құрамы нашар және жеңіл топырақтарда алаңшалар мөлшерін 0,2х0,2м, ал олардың санын 1га 5-8мың дана арасында етіп жасау ұсынылады. Ал құнарлығы жеткілікті топырақтарда алаңшалар мөлшерін 2х2м үлкейтіп, ал олардың санын 600-800 дана/га қысқарту ұсынылады.