Шалдай филиалының жалпы сипаттамасы
Кіріспе
Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады. Орман түсінігі көп қырлы түсінік. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т.б. құрастырады.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен ».
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т.б. өсімдіктер өседі.
Яғни, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы және биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта.
Орман шаруашылық өндірісінің дамуы орманды қалпына келтіруді әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Орманды қалпына келтіру процесі әлеуметтік-экономикалық, биологиялық, географиялық және т.б. әртүрлі факторлардың шиеленісуі жағдайында жүреді. Сондықтан да экологиялық-экономикалық процестердің өзара байланысында жүргізілетін зерттеулер қиынға түседі, өйткені бұл үлкен көлемдегі эксперименттік мәліметтер мен қолда бар ақпараттарды есепке алуды және қайта қарауды талап етеді.
Мен осы курстық жобамда Шалдай орман шарушылығына сипаттама беремін.Мұндағы орманшылықтың ұйымдастырылу сипаттамасын, орманшылық қызметінің және бөлімдерінің функцияларын, олардың қызметтерінің құрылымын қарастырамын. Курстық жобамды орындаған барысында еңбек шығынын және ат көлікті жоспарлау жұмыстарын, жұмысшылардың еңбек ақысын жоспарлау, материалдық шығындық жұмыстарын атқарамын.
Шалдай филиалының жалпы сипаттамасы
Мен қарастырып отырған МОТР « Ертіс орманының» Шалдай орман шаруашылығы Павлодар қаласынан 160 км жерде орналасқан Шалдай ауылында орналасқан.
Шалдай орман шаруашылығы – ландшафтық және биологиялық әралуандықты сақтау мен қалпына келтіруге, осы аумақтағы табиғи ресурстардың теңгермелі пайдаланылуын және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған қорғау режимі әртүрлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Шалдай орман шаруашылығы «Ертіс орманы» МОТР-ң жерлері облыс аумағының 4%-ын алады. Ормандардың көбісі Лебяжі және Шербақты аудандарында жатыр және олар онда негізгі қарағайлы орман түрінде келеді.
Орман құру жұмыстары резерваттың барлық территориясында қамтылған, ол « Қазақ орман құру қожалығы » республикалық мемлекеттік қазына қожалығының келісім шарты және « Орман және аң шаруашылық Комитетінің » 2003 жылғы 25 наурыздағы №2 бұйрығымен бекітілген.
Шалдай филиалының аймақтарында құндылығы аз жерлерде кәдімгі карағайдың орман екпелерін кұру кезінде кұндылығы төмен орман көшеттерінің ағаш шаруашылығы әдістерімен қайта құру сұр қандағаш, көктерек, қайың және т.б. ағаштар негізгі, қылқан және қатты жапырақты ағаштарды жапқан жағдайда ғана жүргізіледі.
Қайта құруға алдымен құндылығы төмен, орманның І тобындағы ағаш өсіру жағдайы бойынша ерекшеленген ағаштарды тағайындайды. Екінші кезекте орманның ІІ тобына жататын өскін және тамыр атпасынан пайда болған көшеттерді құрастырады. Соңғы кезекте орманның ІІІ тобында ағаштың өтімі жоғары болғанда қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
Құндылығы аз көшеттерді әдетте 4 тәсіл арқылы қайта құрады: жолшық, куртиналы-топтық, бір қалыпты және жаппай. Ол қайта құрылатын көшеттің құрамына, тығыздығына, шыққан жері мен жағдайына байланысты болады, ал ең бастысы – олардың түбіндегі, шаруашылық құнды тұқымдардың өсуі.
Қайта құрудың жолшық тәсілді 5...20-жылдық 6...7 м биіктіктегі өскін және тамыр атпасының ұсақжапырақты жас ағаштарға пайдаланылады. Мұндай кулисаларда ені 4...8 м құрайтын дәліздерді қазады. Содан барып кулисаларды бағыттап сейілтеді немесе толығымен шауып тастайды.
Жасыл желектердің жыл сайын өзініңкөлемін қысқарту себебінен орманды жан-жақты күтіп баптау, қалпына келтіру, өрттерден қорғаужәне т.б секілді шаралар қарқынды болып келеді. МОТР «Ертіс орманы» Павлодар облысының жалпы орман қоры 405,5 мың га жерді қамтиды. Оның орманмен жабылған жері 251,6 мың га жер, құнды қылқанды орман – 161,2 мың га және қалғаны:
- МОТР «Ертіс орманы» 277961 га;
- Баянауыл Ұлттық табиғи паркі 50,7 мың га;
- Ертіс жағалауы орманы және солтүстік шоқ орманы 127,6 га.
1 кесте - «Ертіс орманы» табиғи резерватының әкімшілік-шаруашылық құрылымы
№ п/п | Орманшылықтар | Әкімшілік ауданы | Аумағы,га | Орманшылықтармен резерваттардың конторалары орналасқан | |
Жалпы | Ұзақ мерзімдік | ||||
Шалдай филиалы Галкин Бауыртал Степное Сейтен Садыкащин Шошқалы Шалдай Заводское 1 Май Барлығы филиал бойынша Соның ішінде Бесқарағай филиалы | Шарбақты Шарбақты Шарбақты Шарбақты Лебяжі Шарбақты Шарбақты Шарбақты Лебяжі Шарбақты Лебяжі Лебяжі Шарбақты Лебяжі | - - - - - - - - - - - - - | Галкино Жаңаауыл Сугур Есильбай Садыкащин Бозалан Шалдай Шошқалы Солт Бозалан |
Орман қорының есебі бойынша жылдың табиғи резерват бойынша жалпы аудан 277961 га құрады, соның ішінде орманмен қамтылған аудан 148298 га (53.3%). Ал орманмен қамтылмаған аудан 75483 га (27.5%) құрайды. Резерваттың орман алаңы 2 орман шаруашылығы мекемесінен, 16 орманшылықтан, 38 орман шебері учаскесінен, 193 орман қарау аймағынан тұрады.
«Ертіс орманы» табиғи резерваты бойынша орманшылықтардың аудандары, орман шебері учаскесінің, орман қарау аймағының орташа аудандары 1 – кестеде келтірілген.
Облыстың мемлекеттік орман фонды 456,2мың, гектарға тең. Олар:қарағай орман жолағы -2779 мың, га; су жағалауындағы ормандар-43,4 мың,га; далалы шоқ ормандар-84,2 мың, га; баянаул ұлттық табиғи парктың тау ормандары-50,7 мың, га.
Облыстың негізгі аумағында ормандардың ерекше тобын, Шалдай және Бесқарағай мемлекеттік мекемеде бекітілген - Ертіс өңірінің ленталы қарағайы құрайды. Олар Алтай өлкесінен және Семей облысынан облыс шекарасына кірген. Бұл ормандар құмды дөңдердің шөгінділері жиналған жерлерде өседі. Павлодар, Баянауыл ленталық борларда 2 орман шарушылығы : Шалдай және Бесқарағай.
2 кесте – Орман қорының жалпы ауданын алқаптар санаты бойынша бөлу
Алқаптар аты | «Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан | Шалдай орман шаруашылығы | ||
Га | % | га | % | |
1.Резерваттың жалпы ауданы | ||||
2. Жалпы орман алқабы | 81.3 | 81.5 | ||
2.1Орман мен қамтылған жерлер | 53.4 | 56.2 | ||
Соның ішінде орман ағаштары | 10.2 | 11.1 | ||
2.2Жинақталған ағаштар | 0.8 | 0.7 | ||
2.3.Орман питомниктері | 0.03 | 0.02 | ||
2.4Орман мен қамтылмаған жерлер, барлығы | 27.1 | 24.6 | ||
Соның ішінде өртеңдер | 18.5 | 19.3 | ||
Ағашы кесілген жерлер | 0.6 | 0.2 | ||
Алаңқай жерлер | 7.9 | 5.1 | ||
Сирек ормандар | 0.1 | - | ||
3.Ормансыз алқап | 18.7 | 18.4 | ||
Соның ішінде жыртылған жерлер | 0.3 | 0.2 | ||
Шабындықтар | 8.1 | 8.7 | ||
Жайылымдар | Га | 6.1 % | га | 5.4 % |
Сулар | 0.2 | 0.2 | ||
Жолдар,квартал,жолақтары | 1.6 | 1.7 | ||
Елді мекендер | 0.2 | 0.3 | ||
Батпақтар | 0.2 | 0.1 | ||
Құмдар | 0.01 | 0.01 | ||
Басқа да алқаптар | 2.02 | 1.8 |
2-кестеден көріп отырғанымыздай, табиғи резерват бойынша ормансыз алқап жалпы резерват ауданының 18.7%-ын құрайды. Ормансыз алқаптың 8.1%-ын шабындықтар, 6.1%-ын жайылымдар, 1.6%-ын жолдар, квартал жолақтары және 2.02%-ын басқа да алқаптар алады. Өртеңді жерлердің басым бөлігі Шалдай орман шаруашылығы мекемесіне келеді және жалпы мекеме ауданының 19.3% құрайды.