Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі 2 страница
Азаматтық одан шыққан және оны жоғалтқан жағдайда тоқтатылады. Азаматтықты жоғалту келесі жағдайда жүргізіледі: жеке адамның шет елде мемлекеттік үкімет органы мен басқару органына қызметке тұрған жағдайында; егер де азаматтық әдейі жалған ақпарат пен құжаттар тапсыру нәтижесінде алынған болса; ҚР мемлекет аралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; егер де жеке адам ҚР тыс жерде тұрақты тұрса және консулдік есепке себепсіз 5 жыл шамасында есепке тұрмаса.
ҚР Президентінің азаматтыққа қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу мен азаматтықты қорғау мәселелерін шешуге ерекше құқығы бар.
Конституциялық құқық пен бостандықты мазмұнына қарамастан мына топтарға бөлуге болады: 1) жеке басының құқығы мен бостандығы; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.
Әр адамға жеке бас құқығы туғанда беріледі және азаматтықпен байланысты болмайды. Оған өмір сүруге құқық сияқты құқық жатады (ҚР Конституциясының 15-бабы), жеке бас бостандығына (16-бап), қадір-қасиетіне қол сұқпау (17- бап), жеке басқа қол сұқпау (18- бап), ар-ұят бостандығы (22-бап) және басқалар.
Әлеуметтік-экономикалық құқық адамға жақсы өмір мен әлеуметтік қорғауға құқық береді. Бұл құқық еңбек бостандығына (24-бап), жеке меншік құқығына (26-бап), демалуға құқық (24-бап), зейнеттік қамтамасыз ету (28-бап) және басқалар. Мәдени құқықтарға тегін орта білім беру (30-бап), шығармашылық бостандық (20-бап).
Саяси құқықтарға бостандық бірлестігі құқығы (32-бап), мемлекет істерін басқаруға қатысу (33-бап), сайлау және сайлану (33-бап), сөз бостандығы (20-бап).
Жеке адамның конституциялық міндеттері республика Конституциясы және заңнамасымен белгіленген құқықтық талап түрінде бекітілген міндетті тәртіп пен іс-шара түрлерін орындау. Олар ҚР Конституциясының 34,35, 36, 37 және 38-баптарында айтылған. Мысалы, әрбір адамның Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауы.
Азамат пен адамның құқық пен бостандығына конституциялық құқық –ҚР Конституциясы мен заңнамасымен белгіленген мемлекет органдары мен оның лауазымды тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жеке адамның құқығы мен бостандығын нақты іске асыру мен қорғауды қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасауға бағытталған міндетінің жиынтығы. Жалпы, мемлекеттік және ерекше кепілдіктерге бөлінеді. Жалпы кепілдік – саяси , материалдық, рухани кепілдіктерге бөлінеді. Мемлекеттік кепілдеме – ҚР Конституциясы мен басқа нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген азамат пен адамның құқықтары мен бостандығын қорғауды тікелей қамтамасыз ететін саяси құрал мен жағдай жүйесі. Құқық пен бостандық кепілдігіне барлық мемлекет үкіметі органдары қатысады (Президент, Конституциялық Кеңес, Үкімет, Парламент, Прокуратура және т.б.). Құқық пен бостандықтың ерекше заңды кепілдігі ҚР Конституциясының 13,14 және 16- баптарында анықталған.
Құқықтық қабілеттілік және қабілетсіздік құқықтық мәртебе элементі ретінде – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде және оның заңды құқығы мен міндеттері барын мойындау.
Шет ел азаматтары ҚР заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы бойынша республика азаматтарына теңестірілген. Бұл 12-баптың 4-тармағында көрсетілген – шет елдер азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының құқық пен бостандықтарын пайдаланады, сонымен қатар егер Конституциямен, заңдармен және халықаралық шарттармен көрсетілмесе, біздің азаматтар үшін белгіленген міндеттерді орындайды. Сонымен қатар республикада заңды күші бар Президенттің 19.06.1995 жылғы «ҚР шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» Жарлығы әрекет етеді.
ҚР Конституциялық құрылымы - адамдардың қоғам мен мемлекеттегі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухни қатынастарын көрсететін қоғамдық қатынастарға негізделетін Конституция жүйесіне бекіту.
Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы егеменді, демократиялық, зиялы (зайырлы), құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланған. ҚР егемендігі басқа мемлекеттердің егемендігін бұзбай ішкі және сыртқы мәселелерді өзі шешуді көрсететін тәуелсіздігін көрсетеді. Егемендікті нормативтік қамтамасыз етуді 25.10.90 жылғы «Қаз ССР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация орындайды, 9 бап егемендіктің экономикалық негізін бекітеді: «егемендіктің негізін құрап, республиканың ерекше меншігіне ҚР аумағындағы жер мен қазба байлықтары, су, әуе кеңістігі, басқа табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, барлық экономикалық. ғылыми-техникалық потенциал – барлық ұлттық байлықтар жатады .
Сонымен қатар демократиялық саяси режим (түзім) ҚР заңнамаларына бекітіледі. Конституцияның 3-бабына сәйкес мемлекеттік үкіметтің жалғыз табыс көзі болып халық саналады. Ол өзінің үкімін тікелей және мемлекеттік органдар жүйесі арқылы Конституцияда белгіленген түрмен іске асырады. Демократизмнің басты құрамы халықтық басқару, үкімет бөлу, саяси плюрализм, ұлттық егемендік, жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады.
ҚР зайырлы мемлекет деп жариялау Республикада ресми мемлекеттік діннің болмауын, мемлекеттің барлық діндерге тең қарауын білдіреді. Дін мемлекеттен толық бөлінген, діни негізде саяси партиялар қызметтеріне жол берілмейді. Мемлекет діни бірлестіктердің қызметтеріне араласпайды, олардың дамуына кедергі жасамайды.
Әлеуметтік мемлекет – саяси ұйым, оның басты міндеттері адам өміріне лайықты жағдай құру, әлеуметтік теңдік принциптері құқығын бекіту болып табылады. Әлеуметтік қатынастар еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, демалыс, зейнетақылық қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді қамтиды.
Құқықтық мемлекет лауазымды адамдар мен азаматардың мемлекеттік органдар үшін міндетті құқықтық құсқамалары белгілерімен сипатталады; мемлекет пен тұлғалардың өзара жауапкершіліктері; заңның басымдылығы; үкімет бөлу принциптерін іске асыру; заң басымдылықтары; сот үкіметтерінің тәуелсіздігі және басқалар.
ҚР Конституциясы басқарудың республикалық нысанын белгілейді. Мемлекет басында бүкіл халық сайлаған Президент тұрады. Ол Қазақстан халқының аты мен барлық мемлекет атынан сөйлеуге құқылы.
ҚР мемлекеттік құрылым түрінде біртұтас мемлекет болып табылады. ҚР біртұтас мемлекет ретінде бір азаматтық, бір заңдылық, бір мемлекеттік аппарат құрылымы, әкімшілік-аумақтық қоныстың сатылы жүйесі барымен сипатталады.
Конституция республика қызметтерінің негізін құрайтын прннциптерді белгілейді: қоғамдық келісім; саяси тұрақтылық; барлық халық пайдасы үшін экономикалық дамыту; қазақстандық патриотизм; мемлекеттік өмірдегі ең маңызды мәселелерді референдум немесе Парламентте дауыс беруді қоса алғанда шешу.
ҚР конституциясына сәйкес Үкіметтің жалғыз көзі болып халық табылады, халық өз үкіметін мемлекеттік органмен іске асыруды табыстайды.
Мемлекеттік органдар – белгіленген заңнама тәртібімен құрылған, мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттіленген мемлекеттік мекемелер.
Конституциялық принциптерге сәйкес ҚР мемлекеттік үкіметке бөліну заңдылық, атқарушы және сот тармағы жүйесінде мемлекеттік үкімет органдары түрлерге бөлінеді.
Мемлекеттік үкімет органдары жүйесінде басты рөл Президенттікі. Ұйымдастыруға қатысты ол өзерікті, мемлекеттік үкімет тармақтарының біреуіне де кірмейді, олар арасындағы арбитр болып табылады. Оның құқықтық мәртебесі Конституция нормаларымен және ҚР заңдарымен анықталады. «ҚР Президенті туралы» 26.12.1995 жылғы Конституциялық заңға сәйкес - мемлекет басшысы Президент ҚР ел іші мен халықаралық қатынастарға таныстыратын жоғары лауазымды адам.
Заңнама Президентке кандидат адамға келесі талаптарды қояды: туғаннан азамматтығының болуын, жасы – 40 жас емес, республикада тұрақты 15 жылдан аз тұрмаған, мемлекеттік тілді еркін сөйлейтін. Президент уәкілеттілігі 7 жыл. Бір адам екі мезгілден көп қатарынан Президент бола алмайды.
Президенттің конституциялық қызметтері ҚР Конституциясының 40 бабында құрылған:
Мемлекетің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыру;
- Президент – азамат пен адамның құқығы мен бостандығының, Конституцияның халық пен мемлекеттік үкімет бірлігінің бейнесі мен кепілдігі;
- Мемлекеттік үкіметтің барлық тармағының келісілген қызметін және халық алдындағы үкімет органдарының жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл қызметтердің дамуы мен нақтылануы Конституция мен басқа заңнама актілерде бар.
ҚР жоғарғы атқарушы органы болып Үкімет табылады. Бұл мемлекеттің атқарушы үкіметі жүйесін басқаратын алқалық орган. Үкімет мемлекеттік басқару мәселелерінің Конституцияға, 18.12.1995 жылғы «ҚР Үкімет туралы» конституциялық заң мен басқа заңнамаға сәйкес болуын шешеді .
Үкіметті ҚР Президенті құрамында Премьер-министр, оның орынбасарлары, басқа лауазымды министрлар бар құраммен құрады. Премьер-министрді Президент Парламенттің екі Палатасының келісімімен тағайындайды. Өзі тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзімінде Премьер-Министр Президентке Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы ұсыныс енгізеді.
Үкіметтің кең түрдегі өкілеттілігі бар, оның ішінде:
- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оның қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі мен оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
- республикалық бюджеттің жобасы мен оның орындалуына есеп беруді әзірлейді;
- Мәжіліске заң жобалары мен оларды орындауды қамтамасыз етуді енгізеді;
- Мемлекетік меншіктілікті басқаруды ұйымдастырады;
- Республиканың ішкі саясаты мен басқа қызметтерін өткізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;
Үкімет ҚР Конституциясының, заңдардың, Президент актілерінің, басқа нормативтік құқықтық актілердің негізінде және орындалуы үшін нормативтік және жеке қаулылар шығарады. Премьер-министр жеке актілер болып табылатын және құрамында норма құқығы жоқ өкім шығарады.Үкімет Қаулысы мен Премьер-Министрдың өкімінің барлық республика аумағында міндетті күштері бар.
Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып Парламент табылады. Оның құқықтық жағдайы Конституция нормаларымен, басқа заңнама актілермен анықталады, оның ішінде маңызды орын ҚР 16.10.1995 жылғы «ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға беріледі.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.
Парламент құзырына кіретіндер:
- палаталардың бірлескен отырысында іске асырылған құзырлылық;
- палаталардың бөлінген отырысында іске асырылған құзырлылық;
- Сенаттың ерекше құзырлылығы;
- Мәжілістің ереше құзырлылығы;
- Басқа палатаның қатысуынсыз өз еркімен шешілетін палаталар құзырлылығы.
- Парламент сессиясы палаталардың бірлескен және бөлінген отырыстары түрінде өтеді.
Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары заңдарды әзірлеу мен қабылдау болып табылады. Заңдылық үдеріс келесі кезеңдерде болады: 1) заң жобасын енгізу (заңдылық бастама Мәжілісте іске асырылады); 2) заң жобасын Мәжілісте қарау; 3) заң жобасын Сенатта Мәжіліс депутаттарының жалпы санынан көп дауыспен мақұлданғанын қарау, бұл жағдайда Сенаттың депуттарының жалпы санынан көп дауыс жинаған заң жобасы заңды болады; 4) Заңға Президенттің қол қоюы; 5) заңды ресми түрде жариялау.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар іске асырады. Олардың құқықтық жағдайлары ҚР Констиитуциясының 8 бөлімі мен ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы Заңымен анықталған.
Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттарды – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын азаматтар сайлайды. Депутаттар саны ҚР Орталық сайлау комиссиясымен анықталады. ҚР 20 жасқа толған азаматы депутат болып сайлана алады.
Мәслихаттардың жүйесі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан тұрады. Мәслихаттар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын, жергілікті жерлерде Конституцияның, заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті органдар арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар бірыңғай атқарушы органдар жүйесіне кіреді, атқарушы үкіметтің аумақтың даму мүддесі мен талаптарының үйлесуін жүргізуді қамтамасыз етеді. Атқарушы үкімет органдарының жүйесіне жергілікті жердегі әкімдер мен әкімдіктер, басқармалар, бөлімдер мен комиссиялар және басқа бөлімшелер мен қызметтер кіреді.
Облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдерін лауазымдарына Премьер-Министрдың ұсынуы бойынша республика Президенті сайлайды.
Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері лауазымдарына ҚР Президенті анықтаған тәртіппен сайланады немесе тағайындалады.
Сот үкіметінің органдары – бұл Жоғарғы сот пен жергілікті соттар кіретін ҚР сот жүйесінің құрам бөлігі. Арнаулы және төтенше соттардың мекемелеріне республикада тыйым салынған.
Жоғарғы сот ҚР барлық сот жүйесін басқарады және төменгі тұрған соттардың қызметтеріне соттық бақылау жасайды. Жоғарғы соттың төрағасы, сот алқасының төрағалары мен тұрақты судьялары болады. Жоғарғы соттың судьясы ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысына негізделген ҚР Президентінің ұсынуы бойынша сайланады.
Жоғарғы сот соттылыққа жататын сот істерін қарайды; республика соттарының құқықтық сотқа жіберудегі заңдылықтарды сақтауларына сот тәжірибесін зерттейді; сот тәжірибесінде заңнаманы қолдану мәселесі бойынша түсінік беретін нормативтік қаулыларды қабылдайды.
Облыстық судьялар мен соларға теңестірілген соттарды Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Төменгі тұрған соттардың судьяларын Президент білікті әділет алқасының ұсынысына негізделген Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Тұрақты судьяларды Парламент Сенаты сайлайды немесе лауазымдарына Президент тағайындайды.
Сайлау құқығы объективті мағынада – мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлауын өткізу барысында туындайын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективті мағынада – бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару сайлауларына, сайлауға (ынталы сайлау құқығы) және сайлануына (пассивті) азаматтың қатысу мүмкіндігіне мемлекеттік кепілдік.
Сайлау жүйесі – принциптер белгілейтін, солардың негізінде сайлаулар іске асырылатын заңды нормалардың жиынтығы. Ол ұйымдастырудың тәртібі мен сайлау өткізуді анықтайды, мемлекеттік үкімет органдарын құру мен жергілікті өзін-өзі басқару барысында туындаған қатынастарды реттейді.
Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері – бұл сайлау құқығының негізгі басы, онда қоғам мен мемлекет істерін басқаруға (ҚР Конституциясының 33 бабы) азаматтардың қатысу құқығын іске асыру негізі жатыр.ҚР сайлау құқығының негізгі принциптері: жалпылық, теңдік, тік және жанама сайлауға дауыс берудің құпиялығы. Бұл ҚР Конституциясы мен ҚР 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында бекітілген.
Жалпыға ортақ сайлау құқығы – ҚР анықталған жасқа жеткен, жынысына, ұлтына, шығу тегіне, дін ұстанымына және т.с.с қарамастан барлық азаматтары сайлауға және мемлекеттік үкіметтің сайлау органына сайлана алады. Жалпыға ортақ сайлау құқығы активті және пасссивті болып бөлінеді. Активті - ҚР 18 жасқа жеткен азаматтарының сайлауға қатысып дауыс беруге қатысу құқығы. Пассивті- Республика азаматтарының Президенттікке, Мәжіліс парламенті мен Мәслихат депутаттығына Конституцияда белгіленген шектеулермен сайлана алулары.
ҚР Парламентінде депутаттардың тікелей және жанама сайлаулары анықталған. Тікелей сайлау құқығының принциптері Президент, Парламент мәжілісі мен Мәслихаттың депутаттары, Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауларымен түсіндіріледі. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына сайлаушылар қатысады, яғни Мәслихат депуттары болып табылатын ҚР азаматтары.
Сайлау құқығына ҚР азаматтарының теңдігінің принципі, сайлаушылардың Президентті, республиканың Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын тең негізде сайлауға қатысуы және әрбір сайлаушы тек бір ғана тізімге енгізіледі, бұл сайлауда тек бір рет қана дауыс бере алады, бірде-бір сайлаушы басқа сайлаушылар алдында ешқандай артықшылыққа ие болмайды.
Құпия дауыс беру сайлаушының өз еркімен дауыс беруін бақылауды, сонымен қатар сайлаушы еркіне қысым жасау мүмкіндігін болдырмайды.
Сайлау жүйесі дауыс беру нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында мандаттарды бөлу тәсілімен түсіндіріледі. Бұл мағынада мажоритарлық және пропорционалдық жүйе көрінеді.
Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде (азаматтар сайлауға қатыспайды) іске асырылады. Сенатты республиканың тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында ҚР әр облыс, республикалық қалалар мен астаналарынан екі адамнан сайланған депутаттар құрайды. Сайлаулар сайлаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаты мен астаналардың барлық мәслихаттарынан сенім білдіретін сайланған депутаттар санынан 50% артығы қатысулары қажет. Дауыстарды санау мен дауыс беру қорытындысын анықтаған кезде сонымен бірге көпшілік дауыс берген мажоритарлық жүйе қолданылады.