Бақылау сұрақтары. 1. Ел экономикасына және кәсіпорын іс-әрекетіне шикізаттың және отын-энергетикалық ресурстардың рөлі
1. Ел экономикасына және кәсіпорын іс-әрекетіне шикізаттың және отын-энергетикалық ресурстардың рөлі қандай?
2. Кейінгі жылдары отын-энергетикалық ресурстарының кейбір түрлерін алу мен өндірудің үрдісі қалай, оған қандай факторлар әсер етеді?
3. Материал мен отынның түсінігі және саралануы, олардың мәні.
4. Өндірістің минералды – шикізаттық базасы және пайдалы қазба дегеніміз не?
5. Пайдалы қазба кен орнының қорларын қалай сараланады және оны экономикалық бағалау.
6. Отын-энергетикалық ресурс дегеніміз не, оның мәні мен құрылымы.
7. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануды талдау көрсеткіштері және әдістері.
8. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару мәселелері
9. Өндіріс тиімділігін көтеруді және қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары
10. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану
Тақырып 5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
5.1 Еңбек ресурстары және жұмысбастылық мәселесі
5.2 Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс
5.3 Кәсіпорынның персоналын жоспарлау
5.4 Еңбек ресурстарын пайдалану
5.5 Еңбек өнімділігі
Еңбек ресурстары және жұмысбастылық мәселесі
Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі.
Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады.
Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн.
Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы: АҚШ-та «мамандарды басқару» пәні 200-ге жуық ЖОО-да оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар.
Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.
Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:
· натуралды немесе табиғи (жер, т.б.);
· материалды (капитал);
Адам ресурстары (еңбек).
Еңбек ресурстары дегеніміз - еңбек ету үшін қажетті білімі мен ақыл-ой қабілеті бар, физикалық дамыған халықтың бір бөлігі.
Еңбек ресурстарына жататындар:
А) еңбекке жарамды жастағы халық: еркектер мен әйелдер 16-63 жас аралығындағылар. Жұмыс істемейтін I және II топтағы еңбек және соғыс мүгедектері мен еңбекке жарамды жастағы, бірақ жеңілдетілген жағдайлармен қарттығы бойынша зейнетақы алатын жұмыс істемейтіндер еңбек ресурстарын құрамына кірмейді.
Б) қоғамдық өндіріспен айналысатын еңбекке жарамды жастағылардан үлкендер мен кішілер.
Еңбек потенциалы еңбек ресурстарына қарағанда кең мағынаны қамтиды. Себебі мұнда жасы бойынша еңбек ресурстарының қатарынан шығып кеткен бірақ, қоғамдық қатысатындар да кіреді.
Еңбек потенциалы - бұл жеке адамның, әр түрлі жұмыскерлер тобының, бүкіл еңбекке жарамды халықтың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы бойынша санын, сапасын және еңбекке қабілеттілік өлшемдерін анықтайтын интегралды сипаттамасы.
Еңбек потенциалының сандық және сапалық сипаттамалары болады.
Сандық сипаттамасы келесілерді анықтайды:
· еңбек ресурстарының саны;
· бір жұмыскердің бір жылдағы орта есеп пен алғандағы жұмыс істеген уақытының мөлшері;
Еңбектің интенсивтігі (қажетті персоналдар саны).
Сапалық сипаттамасы:
· физикалық құраушысы (адамның бойы, салмағы, дене өлшемі және т.б.); денсаулығы;
· интеллегтуалдылығы (ақыл-ой, медерлік, өз дегенін орындау қабілеті, талант);
· әлеуметтік (өмір сүру деңгейі, әлеуметтік ортасы, материалды, рухани қажеттілік;
Мамандығы (білім деңгейі, тәжірибесі, кәсібі).
Сандық, сапалық сипаттамаларын бірге қарастыра отырып, қоғамдық өндірістің еңбек ресурстарымен қаншалықты дәрежеде қамтамасыздандырылғанын, ҒТП-ң талаптарына сәйкестілігін анықтауға болады.
Еңбек ресурстарының саны республика экономикасында пайдаланылуы мүмкін жанды еңбектің потенциалды шамасын сипаттайды. Адамды қоғамның еңбек ресурсы қатарына жатқызудың басты критериилері ретінде оның жасы мен денсаулық жағдайы (физикалық, саналы және психикалық) әрекет етеді.