Емдік сауықтыру орындары және түрлері
Курорттарда санаторлық-курорттық ұйымдар – курорттардың, емдік-сауықтыру орындарының территорияларында да, олардан тыс жерлерде де орналасуы мүмкін, емдік және сауықтыру жұмыстарын табиғи емдік факторларды пайдалану арқылы жүргізетін әр түрлі меншік және ведомстволық қатыстылық формасындағы кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлар – санаторийлар, емдеу пансионаттары, курорттық емханалар, емдік жағажайлар, минерал сулардың галереялары мен бюветтері, ванналық ғимараттар, радонмен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, солярийлер, аэрарийлер және емдік жүзуге арналған бассейндер. Климаттық емдеу курорттарында сауықтыру демалысына арналған демалыс үйлері, пансионаттар, СПА-отельдер мен турбазалар бар. Оларда ағзаның функционалдық жағдайын түзету, жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру және шынықтыру үшін климаттың әр түрлі элементтерін қолданады.
Барлық санаторлық-курорттық мекемелердің емдік-профилактикалық жұмыстарын ұйымдық-әдістемілік тұрғыдан қамтамасыз етуді, олардың меншік формасына қарамастан, санаторлық-курорттық көмек көрсету құқығына лицензия беретін Мемлекеттік денсаулық бақылау жүзеге асырады.
Курорттағы емдік-профилактикалық мекемелердің негізгі типі - санаторий (лат. sanare - «айықтыру, сауықтыру») – табиғи емдік физикалық факторларды жасанды факторлармен, емдік дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен және басқа жолдармен үйлестіре отырып қолдану арқылы арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында емдеуге, алдын алуға және медициналық сауықтыруға арналған емдік-профилактикалық мекеме. Аурулар асқынып кеткен кезде, сондай-ақ физикалық факторлардың әсерін күшейту және науқастарға контрасттық табиғи зонаға көшудің әсер етуінің алдын алу үшін санаторийдегі дәрі-дәрмекпен емдеу және төсекте жату режимі қолданылуы мүмкін.
Табиғи физикалық факторлардың болуына, оларды емдік қолдану жағдайларына және кадрлардың біліктілігіне қарай әрбір санаторий белгілі бір аурумен ауыратын, осы санаторийге жолдама алған науқастарға медициналық бейімделген. Санаторийлердің көпшілігі мынадай аурулармен ауыратын сырқаттарды емдеуге мамандандырылған:
қан айналымы жүйесі;
тыныс алу органдары (соның ішінде туберкулез емес сипаттағы);
ас қорыту және зат алмасу органдары;
жүйке жүйесі;
сүйек-бұлшық ет жүйесі;
несеп-жыныстық органдар;
әйелдердің жыныстық органдары;
тері және қан.
Халықтың ауыру құрылымын ескерсек, әр түрлі бейіндегі санаторийлердің үлес салмағы бірдей емес: олардың жартысынан астамы жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге арналған.
23.02.1995 жылғы №26 – Ф3 «Табиғи емдік ресурстар, емдік-сауықтыру орындары мен курорттар жайлы» федералды заңға сәйкес курортпен байланысты негізгі түсініктер айқындалады.
Курорт – табиғи емдік ресурстары мен оларды пайдалану үшін салынған ғимараттарды және инфрақұралым объектілерін біріктіретін емдік-сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын арнайы табиғи аумақ. Курорт мемлекеттің меншігі болып табылады.
Курорттық орын – табиғи емдік факторлары (климат, минералды су көздері, емдік балшық және т.б.) бар, денсаулықты жақсартуға, емдеуге, аурудың алдын алуға жағымды әсер ететін орын. Табиғи емдік факторлардың негізінде курорттық орын мемлекеттік және жергілікті мағынадағы орын болып бөлінеді.
Курорт болып қалыптасу үшін келесі факторлар қажет:
Курорттың қалыпты жұмыс істеуін және оның дамуын қамтамасыз ететін табиғи емдік факторлардың жай күйі;
Курорттық факторларды қолдану үшін техникалық құралдардың болуы (ванналық ғимарат, бассейндер, балшықпен емдеу орны, жағажайлар т.б.)
Емдеуге және тұрақтауға арналған арнайы маманданған орын (санаторий, демалыс үйлері)
Ауру адамдарға медициналық қызмет көрсететін емдік-сауықтыру орындарының болуы;
Сауықтыру мақсатындағы спорттық орындардың және алаңдардың бар болуы;
Қоғамдық пайдалану орындарының, тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, мәдени –танымдық орындар және т.б. болуы;
Курорт территориясының барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы;
Ыңғайлы байланыс және көлік жолдарының болуы;
Жалпыкурорттық режимді сақтау қажеттілігі;
Кез – келген курорттың мамандануын курорттық факторлар – емдеу мен сауықтыру мақсатындағы табиғи-емдік факторлар анықтайды. Негізгі курорттық факторларға: ландшафттық-климаттық жағдай, емдік балшықтар мен минералды су көздері жатады. Бір ғана табиғи емдік факторға негізделген курорттар өте сирек кездеседі. Көбінесе барлық курорттық факторлар бір арнайы курортқа біріктіріледі.
Табиғи – емдік факторларды есепке ала отырып барлық курортарды
6 үлкен топқа топтастыруға болады.
Бальнеобалшықтық курорттар – негізгі емдеу факторлары минералды су көздері мен балшықтар болып келетін курорттар. Бір уақытта барлық курорттық факторлары бар курорттар да кездеседі.
Мысалы, Ресейдегі осындай курорттарға: Бакиров, Үлкен Тараскуль, Гай, Ессентуки, Карачи, Старая Руса және т.б. жатады.
Бальнеоклиматтық курорттар – бұл курорттарда негізгі емдік факторлар климат пен табиғи минералды сулар болып келеді.
Мысалы: Аршан, Вешенский, Кисловодск, Сочи, Ямаровка, Дара – сун және т.б.
Бальнеологиялық курорттар – мұнда емдік фактор ретінде тек минаралды су көздері қолданылады.
Мысалы: Дарасун, Ессентуки, Железноводск (көмірқышқылды сулармен