Кабельдерді каналдар,галерия,эстакада арқылы тарату.
Кабельді ғимарат деп кабельдерді, кабельдік муфталарды және басқа да аппараттардан тұратын және май толтырылған кабельдердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін аппараттар жиынтығын айтамыз. Кабельдік ғимараттарға мыналар жатады: кабельді туннельдер, каналдар, қораптар, блоктар, шахталар, этаждар, екі қабатты едендер, кабельді эстакадалар, галереялар, камералар, қоректендіруші пунктер.
Эстакадалар, каналдар мен камералардан басқалары табиғи немесе жасанды желдетумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кабельді туннельдер мен коолекторларды жер асты коммуникациялары көп, үлкен металургиялық, машина жасау өндірістерінде салу жөн. Әдетте кабельді туннельдерді кабельдердің саны 20-дан 100-ге дейін жеткен уақытта қолданады.
Тікбұрышты қималы кабельдік туннельдер біржақты және екіжақты төсеу үшін қолданылады. Олардың жасалуы өтпелі және жартылай өтпелі болып келеді. Кабельдердің саны көп болған жағдайда тікбұрышты қималы туннельдер мен коллекторлар үш қабырғалы болуы мүмкүн. Кабельдердің екі жақты орналасуы кезінде контрольдік кабельді күштік кабельге қарама-қарсы етіп орналастырған жөн.Конструкцияның бір жақты орналасуы кезінде контрольдік кабельді күштік кабельдің астына немесе олардың арасын көлденең бөгетпен бөлу қажет.
1кВ-қа дейінгі күштік кабельдерді 1кВ-тан жоғары кабельдердің астында орналастыру немесе көлденең бөгетпен бөлу қажет. Кабельді туннельдерде броньделмеген кабельдерді қолдану өрт қауіпсіздігі бойынша рұқсат етілмейді.
Туннельдік төсеудің артықшылықтары өндіріс ғимараттарының территориясының үнемделуі, кабельдерді кезек-кезек төсеу мүмкіндігі, жөндеу жұмыстарының ауа райы мен жыл мезгіліне қарамастан оңайлығы. Кемшіліктерінің бірі туннельдерді салуға кететін шығындар.
Кабельдердің үлкен саны кезінде экономикалық жағынан дұрыс шешімдердің бірі болып кабельдік эстакадалар (38-сурет) және галереялар (39-сурет) болып саналады. Эстакадаларды кабельдердің саны 15-20 болған кезде, ал кабель саны одан көп болса, онда галереялар қолданылады. Галерея мен эстакадалар конструкциясын күн қызуынан сақтайтындай етіп таңдаймыз.
38 сурет – Екі жақты төсеуге арналған эстакада. . 39-Сурет – Екі жақты төсеуге арналған кабельді галерея. | Біржақты төсемі бар эстакадалар ғимараттардың жанбайтын қабырғаларына қосылып салынуы мүмкін. Кейбір кезде галереялар мен эстакадаларды кезек-кезек қолдану дұрыс шешім болып табылады. Кабельдерді әртүрлі конструкциялармен және канал түбімен жүргізеді, канал ішіндегі кабельдер саны әртүрлі болуы мүмкін, кабель саны олардың маркалары мен қималарына байланысты. Максималды көлемдегі каналдарда 50-60 күштік кабельді салуға болады. Одан көп кабель жүргізу қажет болған жағдайда қосарланған немесе үш қабырғалы каналдар қолданылады. Канал ішіндегі төсеу әдісі кабельдерді ауыстыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне кабельдерді төсеу кезінде механикалық бүлінулерден жақсы қорғаныс қамтамасыз етіледі. Кабельді каналдарды балқыған металл, үлкен температуралы сұйықтықтар төгілу қаупі бар жерлерге салу рұқсат етілмейді. |
б) в) 40 сурет - Кабельді каналдардың конструкциясы. | а–электр қондырғыларының территориясы; б–өндіріс орнының территориясында; в – ғимараттарда. |
Каналдарда кабельдерді өткізу үшін, сыртында қабықшасы бар және өртке төзімді кабельдерді таңдайды. Кернеу мен қималарға байланысты кабельдердің конструкцияларда орналасуы туннельдерде сияқты.