Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы.

Баспа жарнамасы – ол тек көріп , қабылдауға арналған жарнамалық каталогтық басылылымдар және жарнамалық сыйлықтық басылымдар.

Баспасөздегі жарнама –бұл хабарландыру және шолу жарнама жариялынымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материялдар.

Радио жарнама –негізгі түрлері: радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар,радиороликтер.

Тележарнама-жарнаманың ең қымбат түрі және бақасы әр кезде өсіп отырады. Ең танымал түрлері: телеролик ,телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телеқойылымдар.

Сыртқы жарнама – бұл көру арқылы қабылданатын қалың көпшілікке арналған жарнама.

Көліктегі жарнама – бұл автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер мен хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама – хабарды тұтынушы мекен жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.

Интернет арқылы жарнама – өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.

68. Өткізу арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей. Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):

Ақпараттық – маркетингтің зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.

Комуникациялық – жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.

Тауарды бейімдеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау.)

Байланыстарды орнату – мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.

Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа дHmmа шарттар туралы келіссөздер жүргізу.

Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.

Қаржыландыру – арананың қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.

Тәуекелге бару – өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.

Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.

Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.

69. Жарнама қызметін жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады:

Мақсатты аудиторияны таңдау, жарнама мақсатын анықтау, хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу, жарнама құралдарын таңдау, жарнама тиімділігін бағалау.

Жарнама мақсаты – мақсатты аудиторияға бағытталған ақпараттың нәтижесінде шешілуі тиіс нақты міндет.Жарнаманың мақсаттары тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады.

Жарнама стратегиясы – жарнама үндеуін жасау мен тарату құралдарын таңдауға қатысты жасалады. Жарнама стратегиясының мақсаты жарнама науқаның ары қарай жалғастыру арқылы марканың нарықтағы позициясын сақтау.

Жарнамалық хабар –хабарламалардың мазмұнын жоспарлау.Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын түрін және стилін таңдап алу керек.

Жарнамалық слоган тауардың сапасын фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг.

70.Жарнама берушілер –бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады.

Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

Жарнама мәтінің мазмұны AIDA (attention – назар, interest – қызығу, desire – тілек, action — әрекет) формуласына сәйкес жасалады. Адамдардың назарын аударып, қызықтыру үшін тауардың артықшылығы мен тигізетін пайдасын атап көрсеткен жөн. Сатып алушының ықыласын тудыру үшін оны белгілі бір әрекеттерге апаратын жарнама объектісін сенімді дәлелдермен көрсету керек.

Үндеулерді таратуға бағытталған шығармашылық тәсілдер:

1. Сауда маркасының нарықтағы позициясына шоғырлану. Мысалы «Philips» компаниясының: «Өмірді жақсартайық» деген үндеуін келтіруге болады.

2. Жарнамалық үндеу сатып алушының талғамына әсер ететін мотивациялық ыңғайға негізделеді.

3. Тауарды қолданудың жаңа саласы мен мүмкіншіліктері. Reebok компаниясының жарнамаларында өзінің кроссовкаларының тек спортпен шұғылданғанда ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалануға болатындығын көрсетеді.

4. Жарнамаланатын тауар мен бәсекелестердің тауарлары арасындағы айырмашылықтар. «Burger King» компаниясы өзінің бургерлерін майда қуырмай, отқа қақталатынын хабарлайды.

5. Үндеу идеясы тұтынушыларды бақылау негізінде және олардан пікір сұрау жүргізгенде пайда болуы мүмкін.

71.?????

Наши рекомендации