Ішкі несиелік саясаттың негізгі басымдылықтары
Активтердiң мөлшерi мен құрылымы - несиелiк қарызды өтеудiң тағы бiр кепiлдiгi. Бiрақ та айта кететiн жайт - барлық активтер несиенiң қайтарылымдылығын қамтамасыз ете алмайды, олардың iшiнде тек меншiк қаражаттары (меншiк капиталы) есебiнен құрылған ғана активтер бұл қызметтi атқарады. Сол себептен Банк ссуданы беру туралы шешiм қабылдар алдында меншiк қаражаттарының жеткiлiктiлiгiне назар аударады.
Компанияның табыс ала алу қабiлеттiлiгiн зерттей отырып, Банк сыртқы факторлардың да әсерiн ескеруi керек. Ол үшiн Банк қарыз алушының жұмыс iстейтiн нарық түрiн, компанияның сол салада алатын ролi мен орнын, өткiзудiң салалық жағдайларын, саладағы бәсеке жағдайын бiлуi қажет. Сонымен бiрге Банк сол саладағы пайданың нормасының төмендеуiн не жоғарлауын анықтайтын маңызды iрi компаниялар туралы хабардар болуы мiндеттi.
Қалыптасып келе жатқан экономикалық жағдай несие қабiлеттiлiктi бағалау барысында қай фактордың әсерi басым екенiн көрсете жатар. Егер экономиканың өрлеу кезеңiнде мұндай фактор пайда алу қабiлеттiлiгi болса, керiсiнше құлдырау кезеңiнде - бұл несиенiң қайтарылымдылығын қамтамасыз ететiн кепiл факторы.
Бұған қарамастан «Банк Центр Кредит» АҚ үшiн қарыз алушының жұмыс қабiлеттiлiгi мен оның репутациясы маңызды болып отыр.
Клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн талдау барысында түрлi ақпарат көздерi қолданыдлады:
- клиенттiң өзiнен алынған мәлiметтер;
- банк архивiндегi клиент туралы мәлiметтер;
- клиентпен кәсиби қатынасқа түскен жабдықтаушылардан, кредиторлардан, оның өндiрген өнiмдерiн сатып алушылардан, банктерден, т.б.алынған мәлiметтер;
- жеке немесе мемлекеттiк мекемелер мен агенстволардан алынған басқа да материалдар (несие қабiлеттiлiк туралы есеп берулер, салалық талдау жұмыстары, инвестициялар туралы анықтамалық және т.б)
Клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн анықтау бөлiмiнiң қызметкерлерi ең
алдымен Банк архивiндегi бар материалдарды зерттейдi. Егер қарыз алушы бұрын Банктен несие алса, архивте қарызды өтеу барысында клиенттiң жасаған барлық бұзушылықтары жөнiнде мәлiметтер мiндеттi түрде сақталуы тиiс.
Клиент жұмыс iстеген басқа да банктер мен қаржылық мекемелерден де маңызды мәлiметтер алуға болады. Банктер, инвестициялық және қаржылық компаниялар клиенттiң депозиттерi, өтелмеген берешегi, шоттарды төлеудегi ұқыптылығы және т.б. туралы көп материал мен ақпарат бере алады. Ал компанияның сауда партнерлерi оған берген коммерциялық несие мөлшерi туралы мәлiметтер бередi. Бұл мәлiметтер бойынша қарыз алушының оның айналым капиталын қаржыландыру үшiн бiреудiң берген қаражаттарын пайдалану тиiмдiлiгi жөнiнде пiкiр қалыптастыруға болады.
Несие қабiлеттiлiктi анықтау бөлiмiнiң қызметкерлерi сонымен қатар арнайы маманданған несие агенттiктерден заңды немесе жеке тұлғаның қаржылық жағдайы туралы есеп берудi ала алады. Бұл есеп беруде компанияның тарихы, жүргiзетiн операциялары, өндiретiн өнiмi, филиалдары, төлемдердi өтеу жиiлiгi, берешегiнiң мөлшерi және т.с.с. туралы ақпарат бар.
Ақпарат жинаудың сыртқы көздерiнiң iшiнен берiлген клиент қызмет көрсеткен банктерден және оның жұмыс партнерлерiнен алынған мәлiметтер ең сенiмдi деп айтуға болады. Себебi бұл мәлiметтер берiлген компаниямен жақын қарым - қатынас тәжiрибесiне негiзделген.
Тағы бiр айта кететiн жайт - конфиденциялды ақпаратты қасақана бұрмалау немесе дұрыс емес қолдану екi қатысушы жаққа да керi әсерiн тигiзедi, әсiресе алынған мәлiметтердi тарату. Егер клиент өз жабдықтаушысының банкке өзi туралы жағымсыз пiкiр айтқаны туралы бiлiп қалса, ол жабдықтаушымен әрi қарай жұмысын тоқтатуы мүмкiн. Егер де конфиденциялды ақпараттың тарауы туралы мәлiметтер жұртқа мәлiм болса, "Банк Центр Кредит" АҚ-на мұндай мәлiметтi ендiгәрi ешкiм бермейдi. Сондықтан iскер әлемде конфиденциялды ақпаратты беру ережелерi өте қатаң сақталады.
Несие қабiлеттiлiк туралы сұрау-талап не ауызша, не жазбаша формада жасалынуы мүмкiн. Несие беру туралы өтiнiшiн зерттей отырып несиелiк инспектор фирманың инспекциясын орнында жасап, лауазымды адамдармен сөйлесуi мүмкiн. Фирманың қаржылық,операциондық, маркетингтiк қызметiн басқарушы адамдардың мамандану деңгейiн де анықтау маңызды орын алады.
Фирманың өзiне барған кезде алғашқы интервьюде қозғалмаған көптеген техникалық сұрақтарға шешiм табуға болады, сонымен қатар компанияның мүлкiнiң , ғимараты мен құрал - жабдықтарының жағдайы туралы, қызметкерлерiнiң әдеттерi мен мiнез - құлықтары жайлы пiкiр қалыптастыруға болады.
Жеке қаржылық есеп беру формасында жеке тұлғаның активтерi мен пассивтерi туралы мәлiмет жиналған. Сонымен қатар кепiлге берiлген активтер мен қамтамасыз етiлген пассивтер бөлiнiп қояды. Активтерге мыналарды жатқызады: қолма - қол ақшалай қаражаттар, қозғалмайтын мүлiк пен т.б., ал пассивтерге - банк алдындағы берешегi, салық бойынша қарыздар, кепiлге берген мүлiк құны, контрактiлер бойынша төлемдер мен т.б. жатқызылады.
Қорытындылай келгенде, банктiк шағын қарыз алушылардың несие қабiлеттiлiгiн анықтау жүйесi «Банк Центр Кредит» АҚ –да келесi элементтерден тұрады:
1. кәсиби тәуекелдi бағалау;
2. клиенттiң жұмысын қадағалау;
3. кәсiпорын иесiмен банкирдiң жеке сұқпаттар жүргiзуi;
4. кәсiпорын иесiнiң жеке қаржылық жағдайын бағалау;
Жеке тұлғаның несие қабiлеттiлiгiн бағалау сұралып жатқан қаражаттар
мөлшерiнiң оңың жеке табысына қатынасына, жалпы қаржылық жағдайдың және мүлiктiң жағдайын бағалауға, жанұясының құрамына, жеке мiнездемесiне, клиенттiң несиелiк тарихын негiзделедi. Сонымен, несиелеу процессi несиелiк шартқа отырушы екi жақтың да мүддесiн ескеру керек. Шаруашылық қажеттiлiгiнен пайда болған банктер клиенттiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тырысады. Несиелеудiң басты мақсаты қарыз алушының шаруашылығын, оның несие қабiлеттiлiгiн және пайдалылығын дамыту үшiн алғы шарттар жасау, өндiрiс пен айналым процесстерiнiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен бiрге клиент мүддесi несиелiк операциялардың жүзеге асырылуының шешушi факторы болып табылмайды. Несиелеу процессiнiң тағы бiр шарты - несиелiк қарым - қатынастарда банк - кредитордың да мүддесi де ескерiлуi керек.
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның несиелік портфелін басқару тәжірбиесі
«Банк Центр Кредит»АҚ Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банк. Банктің несиелік саясаты әртүрлі деңгейдегі сараптаулардан өткен клиенттердің қаржылық ресурстарға деген қажеттілігін қанағаттадыруына, кәсіпкерліктің дамуына, жаңа үлгідегі, жемісті жұмыс жасайтын нарықтық құрылымдардың қалыптасуына барынша ықпал жасауға бағытталған. Бұндай шешімге банк активтерінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі итермеледі. Несиелердің шоғырлануы өте жоғары: 10 ең ірі клиентке шаққанда несиелік портфельдің 54% сәйкес келеді.
Банктің пайымдауынша, бизнесі тұрақты дамып келе жатқан және банкпен бірнеше жылдар аралығында тығыз қарым-қатынаста болған клиенттерде несиелердің шоғырлану концентрациясының тәуекелі, банкке белгісіз жүздеген ұсақ кәсіпкерлерді несиелеу тәуекелінен әлдеқайда ұтымды. Банктің көзқарасы бойынша, мұндай шешім алға қойылған мақсаттарға жетудің бірден-бір дұрыс жолы.
Қарыз алушымен жұмыс істеу барысында банк жәй ғана дәстүрлі кредитор қызметі ауқымынан шығып, ендігі жерде кәсіпорынның қаржылық ағымдарды рационалды ұйымдастыру, несиелік ресурстарды тиімді орналастыру сияқты сұрақтар төңерегіндегі негізгі кеңесшісі рөлін атқарады.
«Банк Центр Кредит»АҚ-ның ішкі несиелік саясатының негізгі факторинг, форфейтинг, лизинг т.с.с несиелік операцияларды белсенді жүргізу барысындағы тәуекелдер деңгейін мейілінше азайтуда жатыр.
«Банк Центр Кредит» АҚ-ң несиелік саясаты несиелік қатынастардағы негізгі басымдылықтарды, шешім қабылдаудағы стандарттар мен параметрлерді анықтай отырып, банктің несиелік қызметтерін келесідей мәселелерді шешуге бағыттайды:
- Тиімді жобалар мен тұрақты дамып келе жатқан субьектілерді қаржыландыру негізінде сапалы несиелік портфельді қалыптастыру;
- Несиелік портфель мен баланстан тыс міндеттемелердің оптималды құрылымы мен көлемін қамтамасыз ету;
- Орналастырылған банк активтерінің тиімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Ішкі несиелік саясатты анықтайтын жалпы шарттар:
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік, қамтамасыздандыру және қарыздың мақсатты қолдану негізінде іске асады.
Банк, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Жарғыға және ішкі ережелерге сәйкес экономиканың барлық секторларында, мемлекеттің барлық аумақтарында несиелік қызметті іске асырады.
Несие нарығында ақшалай қаражаттарды орналастыру мақсатында, банк өзіне тиесі қаржылармен қоса, корпорациялардан, мекемелерден, халықтан жинаған (депозит түрінде) ақшаларды, сондай-ақ ішкі және халықаралық қаржы нарықтарынан алған несиелермен депозиттерді және ресурстардың басқа да көздерін (несиелеуге келетін) қолдана алады.
Банк коммерциялық, инвестициялық, тұтынуға арналған несиелеуді іске асыра отырып, келісім-шарттарға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің,банктік мекемелердің, корпорациялардың және халықаралық қаржы ұымдарының несиелік және басқа да несиелеуге болатын ресурстарды мақсатты орналастыру жөніндегі агент қызметінде орындайды.
Банктің несиелік саясатын, банк басқармасы және директорлар кеңесі анықтап белгілеген құзірет аясында, банктің несиелік комитеті іске асырады.
Ішкі несиелік саясаттың негізгі басымдылықтары
Банктің қабылданған даму стратегиясын және мемлекеттегі экономикалық ахуалды ескере отырып, банктің несиелік саясатының негізгі басымдылықтары келесідей:
Бір қарыз алушыға бір-бірімен байланысы байқалатын компаниялар топтарына берілетін несие бойынша тәуекел мөлшерінешектеулер;
Кесте 4. Несиелерді мерзімі бойынша шектеу
Берілетін несиенің мақсаты | Несиенің шекті мерзімі |
Мекеменің айналым капиталын толықтыру | 1,5 жылға дейін |
Жеке тұлғаларға берілетін түтыну несиелері | 2 жылға дейін |
Банк қызметкерлеріне берілетін несие | 15 жылға дейін |
Инвестициялық қаржыландыру | 5 жылға дейін |
Ломбардтық несие | 1 жылға дейін |
Лизинг | 5 жылға дейін |
Несие желісі бойынша берілетін несиелер | Несиелік желінің шарттарына байланысты |
Несие алушыларға қойылатын негізгі талаптар
А) банктер
1. Конрагент банктің Қазақстан Республикасының территориясындағы және шет мемлекеттердегі банктердің қызметтерін реттейтін барлық нормативті талаптарды орындауы
2. Оң бағаланатын несиелік тарихтың болуы. Бұрындағы банкаралық несиелік нарықтан тартылған барлық міндеттемелердің орындалуы
3. Қарыз алушы банктің тұрақты қаржылық жағдайы
4. Қаржылық ағымдар бойынша берілген ақпараттардың дұрыстығын растайтын аудиторлық тексерудің нәтижесі
5. Тәуекел Менеджмент Департаменті қабылдайтын, активті операциялар жүргізу лимитінің болуы
Б) жеке тұлғалар
1. басқа мекемелердің алдындағы міндеттерінің болмауы
2. несиені өтейтін тұрақты табыс көзінің болуы
3. өтімді кепіл
4. несие алушының жауапкершілігі
Коммерциялық банктің несиелік портфелі- оның табысының, әрі активтерді орналастыру тәуекелінің негізгі көзі.Несиелік портфельдің сапасы мен құрылымынан банктің қаржылық тұрақтылығы, беделі, болашақтағы жағдайы – тәуелді. Сондықтан да кез-келген коммерциялық банк несиелік портфеліндегі несиелер сапасын қатал бақылаудың астында ұстайды. Белгіленген стандарттардан әртүрлі аутқулардың бар-жоқтығын тәуелсіз анықтайды.
Несиелік портфельдің жағдайын қадағалайтындар:
- Несиелік бөлімшелердің жауаптв қызметкерлері;
- Несиелік бөлімдердің басшылары мен филиалдар директорлары;
- Банк төрағасының несиелеуге жауапты орынбасары;
- Банктің несиелік коммитеті;
- Банк басқармасы;
Несиелік портфельдің сапасы туралы есеп Несиелік Комитетке және Банк Басқармасына тапсырылды.
Несиені қадағалау несие алушының қаржылық есептері қайта талдау, кәсіпорын жұмысын, кепіл затын тексеру арқылы жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тексеру кезінде, несиенің банктік несиелік саясатының аясында болуы тексеріледі.
Кесте 5. Несиелеу көлемінің динамикасы
Мерзімі
| Несиелердің көлемі | Соның ішінде | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бас банк | Филиалдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Несие- лердің саны | Сомасы мың тг. | Несие- лердің саны | Сомасы мың тг. | Несие- лердің саны | Сомасы мың тг. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бұл таблицадан 2015 жылдың наурызындағы берілген несиелердің көлемі осы жылдың ақпанына қарағанда асып түскен, бірақ наурыздағы несиелердің сомасы 2,1%-ке кеміді.
Наурыз айында несиелерді келесідей сомалары филиалдар бойынша берілген:
- «Банк Центр Кредит» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалда-1.040.734 мың теңге. Ақпан айымен салыстырғанда 1.8 есе көп (587.743 мың теңге)
- Ақсай қаласындағы филиалда- 28 млн.тг. (ақпанда-6,4 млн.тг.)
Бірақ наурызда несиелердің жалпы сомасы 6% кеміген. Ең үлкен төмендеулер Қарағанды қаласындағы филиалда (85%), Атырауда (59%), Оңтүстік Қазақстан филиалында (51%).
1. Қарағанды қаласындағы филиалдың ірі клиенті «Қарағанды-Нан» ААҚ наурыз айында несие алған жоқ, бірақ 140 млн.тг. өтемдерін төлеген.
2. Атыраулық филиалдың ірі қарыз алушысы «Прикаспийбурнефть-Казахстан» ЖШС. Наурызда ашылған несиелік желіні олар аккредетив түрінде игереді.
3. Оңтүстік-Қазақстандық филиал несиелік қызметкерлерінің толық еместігінен несиелерді берген жоқ.
Мерзімі | Берілу көлемдері | Соның ішінде | ||||
Бас банк | Филиалы | |||||
Несиелер саны | Сомасы мың.тг | Несиелер саны | Сомасы мың.тг | Несиелер саны | Сомасы мың.тг | |
2015ж. қаңтары | 5.521.579 | 3.770.138 | 1.751.441 | |||
2015ж.ақпаны | 9.705.671 | 6.344.934 | 3.360.737 |
Кесте 6. Несиелерді беру және өтеу көлемінің динамикасы.
Кестеде көрініп тұрғандай, 2015 жылдың ақпанында 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда несие беру көлемі 75 % -ке өскен немесе 4,184,092 мың теңгеге; бас банк бойынша 68,3 %, ал филиалдар бойынша 91,9 %-ке.
Кесте 7. Несиелік портфель көлемінің былтырғы жылмен салыстырғандағы өсу динамикасы.
Мерзімі | Несиелік портфель | Соның ішінде | |
Бас банк | Филиалдар | ||
01.02.2014 ж. | 25.785.476 | 21.291.721 | 4.493.755 |
01.01.2015 ж. | 34.601.406 | 24.024.945 | 10.576.461 |
01.02.2015 ж. | 34.844.989 | 24.493.796 | 10.351.193 |
01.03.2015 ж. | 36.839.136 | 25.567.990 | 11.271.146 |
1) 01.03.2015ж. Несиелік портфельдің өсуі 5,7 % немесе 1,994,147 мың теңгені құраған; бас банк бойынша 4,6 % және филиалдарбойынша 8,9%.
2) Несиелік портфель активтер портфелінің 55,9 %-н құраған. Макроэкономикалық анализ бойынша бұл үлес 55 % болады деп жорамалданған, ал шын мәнінде 09 % артық болып шыққан.
3 НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Алдындағы бөлімдеріде банк жүйесінің үлкен алға басуларын жақсылап айта тұрып, сандық және сапалық көрсеткіштерді көрсетіп, талдау жасадық. Бірінші реттен қарағанда, барлығы керемет сияқты. Алайда ол оң жайлардың барлығы салыстырмалы сипатта екендігін ұмытуға болмайды.
- Соңғы кезде несиелер қысқа мерзімді сипаттқа ие болып кетті. Бұл республикадағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты банктердің несиелік ресурстарды қысқа мерзім аралығына ғана орналасуын жөн көрумен байланысты. Ал несие алушыларға несиенің мұндай түрлері ресурстар тапшылығын тек қысқа мерзім аралығында ғана жабуға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек қысқа мерзімді несиелер несиелік портфельдің 50%-ке дейін мөлшерін алып жатыр.
- Тағы бір үлкен проблеманың қатарына несиелік келісім-шарттыңэкономикалық дамытылмағанын қосуға болады. Дәлірек айтсақ, келісім-шартта мерзімдік талаптарды орындамауға қарсы шаралар жоқ немесе турасы көрсетілмеген. Ал құқықтық жағынан, олар тіпті, несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуін ынталандыр-майды. Материалдың сотта қаралуы кезінде де несиелік келісім-шарттардың жағдайы толық қамтылмайтыны байқалды. Көптеген келісім-шарттар заңды тұрғыдан дұрыс рәсілдемеген, кейде оларды қол қою құқы жоқ тұлғалар куәлендіреді. Батыс елдерінде несие-лік келісім-шарт қатысушы жақтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі құжат болып есептеледі. Мүмкін, сондықтан болар, келісім-шартты оқып зерттеуге несие алушылар арнайы адамдарды шақыртып, оған біраз уақыт бөледі
Коммерциялық банктердің қалыпты қызмет жүргізуі үшін, сәйкесінше дұрыс қызмет ететін құқықтық орта болуы керек.
- Келесі үлкен,әрі түбегейлі проблема – республикада қолданылатын кепіл ақаулары. Мысалы, қозғалмайтын мүлікті кепілге қоюды, жақын арада ғана қабылданған жер заңы қиындатады. Кепіл шарттарына қатысты, кредитордың алдындағы борыш кепілдің бағасымен өтеледі. Бұл жерде міндеттеме ретінде тек негізгі қарыз сомасы мен пайыз өсімақысы ғана емес, сондай-ақ өтемеу айыппұлдары мен банк шығындары да түсулері қажет.
Егер кепіл-дің бағасы жоғарыда айтылғандардың сомасын жаба алмаса, онда банк қарыз алушының басқа мүліктерін бұл мақсатта қолдануға құқылы. Бірақ, заңдар мен олардың орындалу механизмдерінің көптеген ақауларына байланысты, түбінде банк үлкен шығындарға ұшырайды.
Бұл көтерілген проблемалардың шешімі тек құқықтық базаны жетіл-діруді жатқан жоқ, көп жағдайда банк қызметкерлерінің біліктік деңгейдебіраз шешімдер шоғырланған. Қызметкер дегенде тек төменгі және орта буындарда жұмыс істейтін адамдар емес, сондай-ақ, қабылдайтын шешімдері банк үшін өте маңызды болып келетін басқарушы буындардағы тұлғалар да кіреді.Қызметкер дегенде тек төменгі және орта буындарда жұмыс істейтін адамдар емес, сондай-ақ, қабылдайтын шешімдері банк үшін өте маңызды болып келетін басқарушы буындардағы тұлғалар да кіреді.
Менің ойымша, несиелік инспектор ең басынан бастап жұмыс жүргізген несиеге толықтай жауапты болу керек. Бұнда инспектордың өзіндік, жеке мүддесі де болғаны дұрыс, яғни ол анализдеп, берген және артынан уақытында қайтарып алған несие үшін сыйақы алуы керек.Сонымен қатар керсінше, егер несие сәтсіз болып шықса,банктің басқармасы инспектордың несие бойынша кателіктерін анықтап, шара қолдануға құқы болғаны дұрыс, мысалы жалақыдан ұстау арқылы.Сонымен, инспектордың материалды қызуғышылығы, коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін төмендету тәсілі бола алады. Қорытындылай келе, несиелік портфельді басқаруды жетілдіру жолдары әр –алуан екеніне көз жеткіздік. Экономикалық дамуымыз қаншалықты маңызды болса, несиелеу портфельді басқарудың дамуыда соншалықты маңызды болмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Заңды нормативтi актiлер
1. Закон, от 31 августа 2010 г.№ 2444 О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан. 75-165 с.
2. Положение о порядке применения банках второго уровня ограниченных мер воздействия. Утверждено постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 апреля 2012 г. №9
3. Кредитная политика АО «Банк Центр Кредит» // Документы АО «Банк Ценр Кредит»
4.Положение о порядке регистраций Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантии и поручительства, выданных банками второго уровня // Вестник НБК 2013 г.
5. Адибеков М.Г. Кредитные операции: Классификация, порядок привлечения и учет / Банк внешэкономической деятельности. – М.: АО «Консалт-Банкир», 2009.
6. Панорама, №23, 15 июня, 2011г., стр.7.
7. Кредитные процедуры АО «Банк Центр Кредит », Утверждено Постановлением Совета Директоров ЗАО « Банк Центр Кредит», Годовой отчет, 2005г.