Ызмет көрсетуші жұмысшылардың еңбек шартын сараптамалау
Жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, осыған байланысты оны ұйымдастыру үшін, төрт адам қызмет ететін “операторлық бөлме” қажет. Бөлмеде дербес компьютерлері, мониторы және принтері бар екі жұмыс орны орналасқан.
Бөлменің жалпы сипаттамасы: бөлме ұзындығы L=10 м; бөлме ені B=8 м; биіктігіH=4 м.
Бөлме қабырғасында өлшемдері 2000x2000 мм. болатын екі терезе орналасқан. Бөлме сұлбасы 4.1 суретте көрсетілген.
Қызмет көрсету жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылату және еңбек шарттарын жақсарту үшін жасалған, санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешенінде, өндірістік бөлмелерде оңтайлы жарықтану маңызды болып саналады.
1 – жұмыс компьютері; 2 – орындық; 3 – үстел; 4 – терезе; 5 – есік
4.1 сурет – Бөлме жоспары
МЕСТ 12.1.005-86 “Жұмыс аумағының ауасы, жалпы сантиралық- гигиеналық талаптарға” сәйкес, бұл бөлмеде адамдар жұмысы отырыс күйінде болады және ауыр жұмыс талап етпейтіндіктен, Iа санатына жатқызылады. Жарықтану өндірістік операциялардың нақтылығын қамтамасыз етеді, жұмысшыларды жасалатын жұмысқа қарай назарын шоғырландырады, көз шаршауын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайтады.
4.1 кесте – Ағзаның қуат шығынына байланысты жұмыс санаты
Қызмет | Санаты | Ағзаның куат шығысы, Дж/сағ | Жұмыс сипаттамасы |
Жеңіл | I a | <140 | Отырыс күйінде болады және ауыр жұмыс талап етпейді |
Жыл мерзіміне тәуелсіз бөлмеде микроклиматтық көрсеткіштер, белгіленген рұқсат берілген мәндерден аспайды:
- жаз мерзіміндегі температура+24 ;
- қыс мерзіміндегі температура +22 .
4.2 кесте – Микроклиматтың оптималды нормаланған көрсеткіштері
Жұмыс мерзімі | Жұмыс санаты | Температура, | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с |
Суық | I a | 22-24 | 0,1 |
Жылы | I a | 23-25 | 0,1 |
Қызмет көрсету қызметкерлердің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылату және еңбек шарттарын жақсартуға бағытталған, санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешенінде, өндірістік бөлмелерде оңтайлы жарықтану маңызды орын алады. Жарықтану өндірістік операциялардың нақтылығын кепілдік етеді, қызметкерлерді жасалатын жұмысқа қарай назарын шоғырландырады, көз шаршауын және де өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетеді. Бөлмеде, III а санатына жататын жұмыс түрі жүргізіледі, сондықтан СНиП РК 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтану” сәйкес нормаланған жарықтану = 300 лк-ға тең. Күндізгі уақыттағы табиғи жарықтануды ғана емес, сондай-ақ жасанды жарықтануды да есептеу керек.
Жарықтануды есептеу
Жұмыс бөлмеге терезелер арқылы кіретін жарықтың ауданын тауып, осы жарықтардан жұмысқа керекті жарықтың мөлшерін анықтаймыз.
Жұмыс бөлмесінің берілген өлшемі: ұзындығы , ені , биіктігі . Жұмыс жасайтын жердің еденінен есептегендегі биіктігі – 0,7 м, терезе 0,8 м биіктікте болады. Жұмыс бөлмесі IV сағаттық белдеуде болу керек. Айналасында үлкен ғимараттар орналаспауы қажет.
ТЖК – бөлме ішін, және бөлме беттінің белгілі бір нүктесіндегі табиғи жарықтың (тікелей түсетін немесе шағылған), сыртта күн ашық болған кездегі көлденең жарықтануға қатынасы. ТЖК келесі формуласы арқылы анықталады:
(4.1)
мұндағы – белгілі бір территорияда төрт сәулелі белдеулер бар,
табиғи жарықтандыру коэффициенті;
– ТЖК-нің 3-ші дәрежеге қатысты мәні, =1,2;
– жарық климаты коэффициенті;
– күндік климаттының коэффициенті, егер жарық тесіктер ғимараттың сыртқы қабырғаларында болса.
4.3 кесте – , коэффициенттер шамасы (ҚР СНиП 2002)
Жарықтық климат сызығы | ||
IV оңтүстік және солтүстік ендігі | 0,9 | 0,75 |
Табиғи жарықтандыруды есептеу үшін, жарық түсетін орындардың аудандарын анықтау қажет:
= 1,2 0,9 0,75.
Бүйірден жарықтандыру кезінде, ТЖК-нің нормаланған мәнін қамтамасыз ететін терезелердің ауданын келесі формуламен есептейді:
(4.2)
(4.2) формуласы арқылы жарық түсу қимасының ауданын табамыз:
, (4.3)
мұндағы – бүйірден жарықтандыру кезінде, ТЖК-нің нормаланған
мәнін қамтамасыз ететін терезелердің ауданы;
– бөлме ауданы, ;
– ТЖК-нің нормаланған мәні, 1,2;
- терезелердіңт жарықтық сипаттамасы;
– жарық өткізудің жалпы коэффициенті;
– қор коэффициенті;
– терезелердің көрші ғимараттармен көлеңкелену коэфициенті.
Жарық өткізуші материалдың түрі: дара әйнек үшін, 0,9.
Переплет түрі: қосарланған жеке әйнек үшін, 0,6.
Конструкция негізінің түрі: темірбетонды тіркеші құрылым үшін, 0,8.
Күннен қорғайтын материалдар: Реттемелі жалюздер және перделер үшін, 1.
– жарық өткізудің жалпы коэффициенті келесі формуламен табылады:
. (4.4)
Яғни, жалпы коэффициент 0,432.
–жұмыс орнынан терезенің жоғарғы деңгейіне дейінгі қашықтық:
= B – 1 = 8 – 1 = 7 (м).
3,3, =1,4 деп аламыз;
(2+0.8) – 1=1.8 (м);
мәнін алу үшін ұзындықтың тереңдікке қатынасын алу қажет:
1,42, (4.5)
4,44, (4.6)
мұндағы – жұмыс орнынан терезесінің жоғарғы деңгейіне дейінгі қашықтығы:
17.
Терезелердің жалпы ауданын (4.3) формуласы арқылы анықтаймыз:
Яғни, терезелердің жалпы ауданы =14 болады. Терезе қимасының биіктігі 2,5 м болса, ені 2 м. Бір қабырғада екі терезе болады. Ол нормаға сай келмейді. Сондықтан жасанды жарықтандыру есептелуі тиіс.