Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі

Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру, резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.
Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сактаудың формалары түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) және т.б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі белгілі бір сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей, орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де ұзартылатын. Егер осыған дейін менялдар несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.
Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне — бұрынғыша несиелік ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту жатады.
Ақша — жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т.б. жинақтар секілді депозиттерге түрлендіреді. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозит деп түсіндіреді. Оған орналастырылған қаражат көздері әр түрлі. Бұл корпорациялық клиенттердің, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат және уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.
Бүгіндері коммерциялық банктер әр түрлі депозиттің түрлерін ұсынады. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:
1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің қолайлығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлем орындаудағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ ол алғашқы талап етумен ақшаны қолма-қол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Чек депозиттері қымбат тұратын есептік операциялар мен өткізулерді жүзеге асыруды қажет етеді, сондықтан да банктердің көбісі осы қызмет көрсетулер үшін белгілі бір төлемді белгілейді. Оның мөлшерінің өзгеруі бір айдың ішінде жазылған чектер санының және депозиттер мөлшерінің өзгеруімен қатар жүреді. Бірақ банк өзінің коммерциялық мақсаты үшін, мысалы, ссуданы 60, 90, 120 күнге және контокорренттік несиені беруде пайдаланатын, олардың көзқарасынша жеткілікті болып табылатын баланс қалдығын салымшы бір ай бойы шотта сақтайтын болса, бұл төлемді өндіріп алудан банктер жиі бас тартады.
Чек депозитінің негізгі типтерінің біріне өз ерекшелігі бар талап етілгенге дейінгі салым жатады:
• жарнаны және ақшаны өндіріп алу қандай да бір шектеусіз, кез келген уақытта бөлшек немесе толықтай жүзеге асырылады;
• ақша шоттан қолма-қол ақша түрінде немесе чектің көмегімен алынуы мүмкін;
• банк комиссиялық сыйақыны пайдаланғаны үшін шот иесіне нақты бір айлық мөлшерлемеде немесе әрбір жазылған чек үшін белгілейді;
• шот иесінің шотындағы қалдықтың бұрын ескертілген орташа мөлшерін клиенттің қолдау шартымен шотты пайдаланғаны үшін клиенттен комиссияны өндіріп алудан бас тартудың формасында оған "жасырын" пайыз төленеді, алайда салымшы бұл шартты бұзатын болса, ол шотты жүргізумен және әрбір чекті өндірумен байланысты банктің барлық операциялық шығындарын төлейді.
• талап етілгенге дейінгі депозит бойынша банк ең аз шамадағы резервті орталық банкте мерзімді депозитке қарағанда үлкен пропорцияда сақтауға міндетті.
Банктің көптеген клиенттері депозиттердің мұндай типтеріндегі ақша қаражатының мөлшерін ең аз шамаға жеткізуге ұмтылады, өйткені талап етілгенге дейінгі салым ақша бойынша эксплициттік (яғни, анық тұлғаланған) пайыз табысы төленбейді. Ең аз шамаға жеткізудің бір тәсілі — автоматты түрде тазаланатын шоттардың мүмкіндіктерін пайдалану. Онымен ағымдағы операцияларды жүзеге асыра отырып, банк клиентпен ескерілген ең аз шамадан асып түсетін кез келген ақша сомасынан шотты "тазалайды" (немесе оларды аударады). Әрі оны пайыз табысын әкелетін қаржы құралдарына, мысалы, кері сатып алу келісіміне орналастырады. Мұндай операцияны банк әрбір жұмыс күнінің аяғында жүзеге асырады. Бұл операцияны жүзеге асыруға қажетті төлем чектері банкке түсетін болса, қаражат тура осы талап етілгенге дейінгі салымға кері аударылады.
Талап етілгенге дейінгі салымдағы несие қалдығын ең аз шамаға жеткізудің басқа да, яғни қаражатты ATS-шотқа (automatic transfer service) — автоматты аудару шотына орналастыру болып табылатын әдісі бар. Бұл депозит түрі пайыз әкелетін ақша қорларын сақтаушы шоттан чектерді өтеуге арналған чектік депозиттерге автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Банктер салымшының келісімімен несиенің артығын өтеу (овердрафт) немесе чек шоттарындағы ең аз шамадағы балансты қолдау қажеттілігінің пайда болуына қарай талап етілгенге дейінгі салымға пайыз әкелетін шоттарды автоматты түрде аударуды жүзеге асырады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы талап еткенге дейінгі салымда ұстауына, әрі бір мезгілде пайызды автоматтық аудару шоты бойынша алуына мүмкіндік береді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контокоррент болып табылады. Контокоррент - банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан алынатын барлық төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б. түрінде түсетін барлық қаражат та банк ссудасы ретінде көрініс табатын бірыңғай шот. Бұл шот қолданылуына байланысты активті-пассивті деп аталады. Контокоррент бойынша несие сальдосы клиенттің өз қаражатына өкім етуін, ал дебеттік сальдода — айналымға қарызға алынған қаражаттың тартылатынын және шот иесі банк борышқоры болатынын білдіреді. Банк несие сальдосы бойынша клиенттің пайдасына пайыз есептейді. Ал дебеттік сальдода - банк берген ссудасы үшін пайызды өз пайдасына өндіріп алады. Шот иесінің пайдасына шешілетін пайызға қарағанда, банк пайдасына шешілетін пайыз ең жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі. Мұндай шоттар тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарыз алушыларға ғана айрықша сенім білдірудің белгісі ретінде ашылады. Қаражат түсімінен шығын артып кеткен әрбір жеке жағдайда шот иесі несиені арнайы ресімдеусіз-ақ банкпен арадағы келісімшартта ескертілген белгілі бір сома шегінде ала алады.

Билет

Наши рекомендации