Жүкті тасымалдау барысындағы көлік-экспедициялық операциялар
Сабақтың мақсаты: Жүкті тасымалдау барысындағы көлік-экспедициялық операцияларды талқылау.
Сабақтың мазмұны: Көлік-экспедициялық операциялар тобын зерттеу.
1 Жүкті тасымалдау барысындағы көлік-экспедициялық операциялар
Жүкті тасымалдау барысындағы көлік-экспедициялық қызмет көрсетулер келесідей операциялар тобын қамтиды:
- экспедициялық;
- агенттік;
- жүкті жолда тексеру және тасымалдау, жүктерді жеткізу.
Экспедициялық және агенттік операциялар біріншіден тасымалдауды қадағалау жіне тасымалдау барысы жөнінде хабарлауға қатыстырылады:
- жүкті қабылдаушыны оның мекен-жайына жеткізу арқылы хабардар ету;
- жүкті тасымалдаушыға (қабылдаушыны) жүктің шекараны өтуі жөніндегі ақпаратты жеткізу;
- жүкті қабылдаушыға жүктің тағайындалған жеріне жетуі жөнінде хабарлау;
- жүкті тасымалдаушыны (қабылдаушыны) тиелген тиісті ТҚ қабылдануы туралы хабардар ету;
- коммерциялық істен шығулар жөнінде;
- жүкті жеткізу кестесін орындау туралы.
Жоғарыда аталғандардан басқа, экспедициялық түріне келесі операциялар жатқызылады:
- ордерлеу–чартерлер көрсетілмеген жағдайда, кез келген портқа жүктің жеткізілуі туралы фрахтаушының бұйрығымен байланысты операциялар;
- жүктің тасымалдау барысында тоқтап қалуы және жүкті қайтару. Су арқылы жүк тасымалдау шарты жүкті тасымалдаушының сатып алушы тауар құнын өтей алмауы немесе кез келген шығындарды өтеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүкті тоқтату құқығының болатыны жөнінде қамтиды;
- тағайындалу портының өзгерісі. Бұл операция коносаменттің жүкті жеткізу құқығының меншік құқығының өтуі жағдайында, тағайындалу портының өзгерісін жеткізу мақсатты саналатын жаңа иесіне өту мүмкіндігін қамтиды.
Бұл жағдайда кеме агенті тағайындау портының өзгерісі туралы кеме капитанымен ақылдасуы керек. Капитан кеменің жаңа портқа кіру және онда жүктерді түсіру мүмкіндігі туралы анықтаманы беруі тиіс. Кеме капитанының тағайындау портындағы өзгерістермен келіскен соң бастапқы тағайындау портындағы агент жаңа тағайындау портындағы агентке кеменің келетін күні туралы болжам ақпаратты жібереді. Жүк алушы (экпедитор) өз кезегінде жаңа тағайындау портына коносаменттің толық бірегей кешенін жіберуі тиіс. Тағайындау портының өзгерісі қосымша шығындарды сөзсіз тартады, ол шығындарды осы өзгерістерді талап ететінтараптар төлейді;
- жүру жолында жүктерді басқа мекен-жайға жіберу. Темір жолында жүк жөнелтушілер немесе жүк алушылар тасымалдау ережсінде қабылданған жүктерді басқа мекен-жайға жіберу құқығып пайдаланады. Бұд жағдайда тасымалдаушы (жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жазбаша жазылған өтініші бойынша) темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау ережесінде белгіленген тәртіпте жүк жөнелтушінің және (немесе) тағайындаудағы темір жол станциясының өзгерісі кезінде тасымалданатын жүктерд басқа мекен-жайға жібере алады. Жүктерді басқа мекен-жайға жіберу кезінде әрі қарай тасымалдау үшін жаңа жүкқұжатты ресімделеді. Жүктреді басқа мекен-жайға жіберумен байланысты туындаған тасымалдау шығындарын жүк жөнелтушілер немесе жүк алушылар төлейді, солардың бастамасы бойынша шартқа сәйкес жүктерді басқа мекен-жайға жіберу жүзеге асырылады.
Жүру жолында келесі агенттік операциялар орындалуы мүмкін:
- фидерлік кемеден теңіз кемеге жүктерді артық тиеу. Бұл жағдайда жүкті жеткізуді жүзеге асыратын кеме иесінің агенті жүкті артық тиеу портына жүргізеді;
- фидерлік кемеден жүкті қабылдау және жүкті жеткізу айлағына түсіру, айлақтан қоймаға немесе теңіз кемесі тұрған айлаққа түсіру; жүкті теңіз кемесіне тапсыру;
- шекаралық станциялардағы жолдардан жолдарға өтуде вагондарды (жүктерді) қабылдауға байланысты операциялар. Темір жол көлігінде жүктері бар вагондарды басқа вагондарға ауысу бекеттерінде, сондай-ақ темір жол көлігінен басқа көлік түрлеріне жүктерді тиеу бекеттеріндегі операциялар Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау ережесінде толық регламенттелген.
Шекаралық станцияда жүктерді темір жолдың басқа вагондарына тиеу сол жүктерді қабылдайтын станцияларда жүргізіледі. Жүктерді тапсырып жатқан тарап, өз кезегінде, жүктерді қабылдау ведомостісін құрайды, ол бір темір долдан басқа темір жолға жүктерді тапсыру-қабылдауды растайды, шекарадан сыртқы сауда жүктері қозғалысының есепке алу құжаты ретінде қызмет етеді.
Қабылдау ведомостісі алты данада құралады (әрбір үш жағы бойынша): бір дана – өз жағындағы кеден мекемесі, екінші дананы шекаралық станциянык қабылдау кеңсесінде, ал үшінші – өз жағының темір жол басқармасында.
Қабылдау ведомостісімен қатар вагон ведомістісі жазылады, ол шекарада болатын вагондардың есебі үшін және вагондарды пайдалануды есептеу үшін қызмет етеді.
Жүру жолында жүктерді тексеру және артық тиеумен байланысты операциялар, мысалы, тиеу ережесін немесе маневрді бұзған жағдайда орын алуы мүмкін. Осының салдары ТС, көлік жабдықтарының немесе жүктердің зақымдалуы болуы мүмкін, жүктреді басқа ТҚ немесе көліктік жабдықтарға тиеуді қажет етеді.
Егер ТҚ әрі қарай жүру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бұзылатындай болса, жүктердің жоғалуына немесе жойылуына әкелетіндей жағдай болса, жүктерді ауыстырып тиейді, ал бұл ауыстырып тиеусіз орындау мүмкін емес. Бұл ретте жүктерді ауыстырып тиеу жүргізілетін орын құжаттарға сәйкес жүктердің бар екендігі міндетті тексеріледі.
Жүктердің бұзылғандығы немесе зақымданғандығы анықталған жағдайда коммерциялық акт жасалады, ал ТҚ немесе көлік жабдықтарының жарамсыздығы кезінде техникалық акт жасалады.
Жүктерді қабылдауға арналған орынды, мысалы, бір ТҚ барлық жүк партиясын тиеу мүмкін емес жағдайда таңдау қажет (жеткіліксіз жүккөтергіштігі немесе жүк сыйымдылығы). Онда жүктің бір бөлігі жүктің негізгі партиясына жөнелту жукқұжаты бойынша жеке жөнелтіледі. Жөнелтудің пайда болуы коммерциялық актімен ресімделеді, онда жүктерді жөнелтуді тудыратын жағдайлар көрсетіледі.
Тағайындау орнына келген жүктердің негізгі партиясын жөнелту үшін жүк жөнелтушіге жүкқұжаты негізінде анықтама және жөнелту туралы коммерциялық акт беріледі.
Бақылау сұрақтары
1.Қандай операциялар тобы жүру жолында ТЭО енгізіледі?
2.Жүру жолындағы экспедициялық операцияларға не жатады?
3. Жүру жолындағы агенттік операцияларға не жатады?
4. Жүктерді ордерлену және басқа мекен- жайға жіберу дегеніміз не?
№3 – практикалық сабақ