Ірі шошқа кешендерінің тізімі

«Рубиком» ЖШС

"Артари« ЖШС

"ПКФ Медео« ЖШС

"АПК Волынский« ЖШС

Луговской жылқы зауыты« ЖШС

"Щапов« ШҚ

"Парижская коммуна XXI" ЖШС

Шығындар құрамы және өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістемесі

Өзіндік құн – өнім өңдіруге және өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.

Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

Б = ӨҚ + П + ҚҚС

Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

- Бағаны анықтау үшін

- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

- Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.

Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:

- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:

Ø Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

Ø Еңбек ақы.

Ø Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.

Ø амортизация.

Ø Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

- шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.

Ірі қара өсіру

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.[1]

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.

Наши рекомендации