Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру заңды тұлға құрмастан (дара кәсіпкерлік – ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, 30 бап. Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы жеке тұлғалардың атынан жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi) және заңды тұлға құру (әртүрлі ұйымдық –құқықтық нысандағы кәсіпорындар) арқылы жүзеге асады.

Барлық заңды тұлғалар екіге бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар (1-сурет. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары).

 
 
Мемлекеттік кәсіпорындар    

1-сурет. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары

Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Оны заңды және жеке тұлғалар құра алады және құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады (оның 4 нысаны болады).

Өндірістік кооператив дегеніміз – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.

Акционерлік қоғам деп өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады.

ҚР акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларды қызметін жүзеге асыратын ҚР Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Олардың тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Қазір ҚР 13 ұлттық компаниялар қызмет етеді.

1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ;

2. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) АҚ»;

3. «Қазпошта» акционерлік қоғамы;

4. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ;

5. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, АҚ;

6. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;

7. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ;

8. «Қазақстан инжиринг» ұлттық компаниясы, АҚ;

9. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК, АҚ;

10. «Kazsatnet» ҰК, АҚ;

11. «Қазақтелеком» АҚ;

12. «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК, АҚ;

13. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы, АҚ.

Мемлекеттік кәсіпорындар.

Мемлекеттік меншіктің түрлеріне қарай кәсіпорындар:

1)республика меншігіндегі кәсіпорындар – республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР Үкіметінің немесе Ұлттық Банктің шешімі бойынша құрылады;

2)коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар – жергілікті атқарушы органның шешімі құрылады.

Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары, және жіктелуі. Дара кәсіпкерлік: түрлері және тіркеу тәртібі. Жеке кәсіпорынды құру жағдайлары мен шарттары.

Кәсіпкерлік түрлері:

1. Көлемі бойынша: шағын, орта, ірі.

2. Меншік нысаны бойынша:

2.1 Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша (толық серіктестік; командитті серіктестігі; ЖШС; өндірістік кооператив; АҚ)

2.2 Ұйымдық-экономикаклық нысандары бойынша (концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул, қаржылық-өнеркәсіптік топтар – түсініктерін практикалық сабақта қараймыз)

2.3 Мемлекеттік, жеке меншік, шетелдік.

3. Территориялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық, халықаралық.

4. Салалық бағытына қарай: аграрлық, құрылыс, сауда.

5. Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес берушілік.

ҚР-да өз ісін жаңадан бастаған шағын бизнес өкілдері дара кәсіпкерлік нысанын таңдайды. ҚР кәсіпкерлік Кодексінің 33-бабына сәйкес:

Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы жеке тұлғалардың атынан жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi.

Ол екі түрде құрылады:

1.Өзіндік кәсіпкерлік;

2.Бірлескен кәсіпкерлік: ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі, шаруа қожалығы немесе отбасылық кәсіпкерлік, жай кәсіпкерлік.

Сонымен қатар, дара кәсіпкерлерге лицензия беріледі. Лицензия дегеніміз – тиісті лицензиардың (лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның) жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты және олар ҚР барлық аумағында қолданылады.

Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:

1.Субъектілері бойынша;

2.Қызмет көлемі бойынша;

3.тауарлар экспорты мен импорты саласында.

Жеке кәсіпорынды құру тәртібі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.Кәсіпорынды құру үшін жиналу (фирманың атауы, әріптестерін анықтау, негізгі қызмет түрін және т.б.)

2.Құрылтай құжаттарын дайындау. Құрылтай құжаттарына құрылтай шарты мен жарғы жатқызылады.

3.Банктен депозиттік шот ашу және тіркелу кезінде банкке салынуға тиіс жарғылық қордың бір бөлігін енгізу.

4.Құрылтай жиналысын шақыру;

5. Кәсіпорынды тіркеген үшін алым төлеу

6.Кәсіпорынды тіркеуден өткізу үшін қажетті құжаттарды жинау және халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу (ЦООН)

Наши рекомендации