Ввввввввввввввввввввввввввв
Валюта жүйелері мен валюталық қатынастар түсінігі. Халықаралық валюталық-несиелік институттар. Пайда болуының алғышарттары, олардың мақсаты мен міндеті
Валюталық қатынастар - әлемдік шаруашылықтавалюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюталық қатынастардың кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюталық қатынастардың туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюталық қатынастар құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюталық жүйе пайда болады. Валюталық жүйе – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. Тарихи үщ түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюталық жүйесі қалыптасқан.
Әлемдік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастрыу формасы, яғни ол – халықаралық несе-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе.
1-ші әлемдік валюта жүйесі алтын монеталы стандартнегізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсіимделді. 2-ші әлемдік валюта жүйесі 1922 ж. Генуа халықаралық экономикалық конференциясында келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез-келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). 3-ші әлемдік валюта жүйесі 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлиг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етт.4-ші әлемдік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка влюта жүйесі д.а. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанымен, ол бұрынғыдай рөль атқармайды.
Қарым қатынастардың дамуы әлемдік және ұлттық валюта жүйелерімен шектелмей, аймақтық жүйелерді құрумен де ұласуда. Еуропалық Одақтың елдері 1976 ж наурызында аймақтық валюта жүйесі Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) ұүрып, оны Ямайкалық валюта жүйесіне қарсы қойды. Оны құраудың құраудың негізгі себебі экономикалық интеграцияны, тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың және ЕО елдері арасында тұлғалардың еркін қозғалысын қарастырып, қуаттау болып табылады. Осының негізінде біріккен Еуропаның ішкі нарығының қалыптасуы 1993 жылға дейін практика жүзінде аяқталды. 1994 жылы Еуропалық Валюталық институт болып өзгерген валюталық қызметтің Еуропалық қоры құрылған.
Ал, жаңа жағдайға ауысудың процесі шартты түрде үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең, 1990 ж шілде айында басталып, 1993 жылдың желтоқсанында аяқталды. Оның негңзгң міндеттері экономиканың дамуының деңгейін мейлінше жақындастырып, инфляцияның өсу қарқынын тұрақты түрде төмендетіп, валюта бағамын тұрақтандыру, мемлекеттік қаржыларды сауықтыру болып саналады. Екінші кезең 1994 жылы қаңтар айында Франкфурт-Майнда Еуропалық валюта институтын құраудан басталды, ол Еуропалық орталық банкті ұйымдастыру мен бірыңғай валюта - еуропаның эмиссиясын жасау жұмыстарын жүргізуге тиіс болды. Үшінші кезең 1999 жылдың қаңтарында басталды. Бұл кезеңде орталық банктердің Еуропалық жүйесі (ОБЕЖ) өзінің жұмыс істеуін бастады. Бұл кезең 2001жылдың 31-ші желтоқсанынан аяқталды, 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ұлттық валютамен есептелген есеп-шоттардың барлығы ресми бағам бойынша евроға конвертирленіп, ұлттық ақша бірліктерінің орнына айналымға жаңа банкноттар мен «евро» монетасы ендірілді. Осының нәтижесінде ұлттық банкноттар мен монеталар өздерінің заңды статусынан айырылып, заңды өтем құралы болудан қалды.