Орытынды бақылау үшін материалдары

Аралық бақылау сұрақтары

1. Қаржы саясатының мәні мен мазмұны

2. Қаржы стратегиясының анықтама

3. Қаржы тактикасының анықтама

4. Қаржы саясатының басқарудағы қызыметі

5. Қаржы саясатының әлеуметтік-экономикалық саладағы рөлі

6. Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары

7. Қазіргі жағдайда қаржыны басқару.

8.Қаржы қызметі мен қаржылық есеп-қисаптары басқарудың автоматтандырылған жүйелері.

9.Қаржы қатынастарын құқықтық қызметін қамтамасыз ету.

10.Қаржы саясатының мақсаттары

11. Қаржы саясатының міндеттері

12. Қаржы саясатының қағидалары

13.Қаржылық саясатты жүзеге асыру процесінде қаржы жүйесімен шешілетін негізгі мәселелер қандай

14. Қаржы саясатының негізгі субъектісі

15.Қаржы механизмінің түсінігі

16.Қаржы механизмінің блогі

17.Қаржы механизінің элементі

18.Қосалқы жүйелер түсінігі

19.Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлары

20.Қаржы механизміне тән ерекшеліктері

21. Бюджет саясат түсінігі

22.Мемлекеттің қаржысының қалыптасуы

23Бюджеттен тыс қаржы қорларының құрылуы

24.Қаржылық қатынастарындағы бюджет саясатының рөлі

25.Бюджет кодексінің жалпы ережелері

26.Бюджет жоспарын жасау, бекіту және орындалуына сипаттама беру.

27.Мемлекеттің салық саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.

28.Қосылған құнға салынатын салық: жұмыс істеуі және даму проблемалары.

29.Мемлекеттің акциз саясаты.

30.ҚР-да жер-қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдер жүйесінің дамуы.

31.Жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қамтамасыз етудегі салықтар мен міндетті төлемдердің рөлі.

32.Ресурстар үшін төлемдер мен мемлекеттің кірістері жүйесіндегі алынатын орны.

33.Салық кодексі салық жүйесінің іс-әрекет етуінің негізі ретінде.

34.Корпорациялық табыс салығы және оның бюджет кірістерін қалыптастырудың рөлі.

35.Қаржы қорларына халықтың табыстарын жұмылдырудың әдістері.

36.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.

37.Мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі.

38.Қазақстан бюджетін қалыптастырудың ерекшеліктері.

39.Қазқстанның бюджет жүйесінің дамуы.

40.Бюджет жүйесінің жеке буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу.

41.Мемелекеттік бюжетке табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және олардың жетілдірудің міндеттері.

42.Жергілікті бюджеттер және аумақтарды дамытудағы олардың рөлі.

43.Бюджетаралық қатынастар: жай-күйі мен дамуы.

Аралық бақылау сұрақтары

1. Салық саясатының түсінігі

2. Мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы

3. Бюджеттен тыс қаржы қорларының құрылуы

4. Қаржылық қатынастарындағы салық

5. Ақша-несие саясатының түсінігі

6. Ақша-несие саясатының мақсаты мен міндеттері

7. Құрылымдық саясатының түсінігі

8. Қаржылық қатынастарындағы ақша-несие саясатының рөлі

9. Валюта саясатының мәні

10. Валюта саясатының мақсаты мен міндеттері

11. Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары

12. Валюталық саясатты жүзеге асырудың құралы

13. Қаржылық қатынастарындағы валюта саясатының рөлі

14. Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

15. Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялары

16. Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары

17. Ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттарын

18. ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қызыметі

19. ҚР Қаржы министрлігі және оның комитетінің қызыметі

20. ҚР Қаржы бақылау органдарының қызыметі

ГЛОССАРИЙ

Жалпы әдістемелік нұсқаулар:

1) ұғымдардың түсініктемелерін зейінмен оқыңыз;

2) анықтамаларда түсініксіз терминдер кездессе, толық мағлұмат беретін анықтамалық, энциклопедиялық сөздікті немесе шет ел сөздерінің сөздігін қараңыз;

3) жұмыс барысында алдымен ұғымның мазмұнын, мәнін, оның ерекшелік белгісін айқындаңыз.

1. Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару іісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

2. Аллонж –вексельді үшінші бір тұлғаға аударып жазуға арналаған қосымша бет.

3. Айырбастау бағамы – шетел валютасына бейімделген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

4. Ақша базасы– орталық банктің бақылауында болатын елдегі ақша ұсынысының бір бөлігі.

5. Биметаллизм– жалпыға балама рөлi екi бағалы металға (алтын мен күмiске) негiзделген ақша жүйесi.

6. Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы СДР, еуро.

7. Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.

8. Валюталық саясат - валютаға, валюта бағасына, валюталық операцияларға әсер ету арқылы елдің ішінде және тысқары жерлерде жүргізілетін мемлеттің экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.

9. Валюталық операциялар - шетел валютасының сауда саттық жасау, шетел валютасын төлемі құралы ретінде пайдалану, ұлттық валютаны сыртқы экономалық қызметі жүзеге асыру барысында пайдалану шетелден валютаны әкелу және шетелге шығару валюталық құндылықтарды аударып жіберумен байланысты операциялар.

10. Валюта нарығы (валютный нарығы) - сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарықтық бағалар бойынша шетел валютасы, чектер, вексельдер, аккредитивтермен сауда-саттық жасалатын орын. Валюта нарығы биржалық (Қазақстан қор биржасы) және биржадан тыс (банкаралық) болып бөлінеді. Ең ірі дүниежүзілік ваюта нарықтары АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Франсияда, Швейцаряда, Японияда, Сингапурде орналасқан.

11. Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеудi, салық механизмiн қолдану арқылы мемлекеттiк шығыстарды азайту, несие үшiн пайыз мөлшерiн реттеу және ақша массасын шектеу әдiстерiнiң жиынтығы.

12. Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жылсайын төлеп отыратын және акционерлер (акция иелері) арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

13. Дисконт– төлеу мерзімі жеткенге дейін вексельді есепке алу және қайта есепке алу барысында алынатын пайыз.

14. Инфляция(латын. inflatio, аудармасы - “қабыну”, “iсiну”) - бұл бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ ұлттық валютаның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi.

15. Инвестициялық банк - ірі жобаларға күрделі қаржы жұмсау, ұзақмерзімді несиелер беру және өндірістік корпорациялардың акцияларын сатып алу арқылы инвестициялық саясатты жүргізетін маманданған банк.

16. Қаржылық механизм.Қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. .

17. Қаржылық механизмнің элементтері.Қоғамдық өндіріске қатынасушылар қалыптасатын қарапайым шаруашылық нысан.

18. Қаржылық нормалар мен нормативтер.Қаржылық ресурстарды құру, бөлу, реттеу және бөлістіруде қаржылық жоспарлауға ықпал ететін минималды, орташа және максималды шекті өлшемді көрсеткіштер

19. Қаржылық резервтер.Кәсіпорындарда, банктерде, экономика салаларында кездейсоқ шығындар мен арнайы қажеттіліктерді жабу мақсатында резервте жинақталатын ақшалай қаражаттар

20. Қаржылық реттеу.Жоспарлы тапсырмаларды орындау үшін қаржы ресурстарын шебер және икемді жұмсау

21. Қаржылық саясат.1.Субъектінің қаржылық қатынастарын жүзеге асыру мен қорғау қағидасын білдіреді.

22. Қаржылық стратегия.Алға қойылған мақсатқа жету үшін пайдаланылатын қаржылардың жалпы бағыттарын анықтайды яғни қоғамның әлеуметтік дамуы мен экономиканың ірі көлемді міндеттерін атқару үшін дайындалатын, ұзақ мерзімді келешекке бағытталған жоспар.

23. Қаржылық тактика.Алға қойылған мақсатқа жету барысындағы жеке байланыстар мен қатынастардың жүйесі яғни күтуді қажет етпейтін міндеттерді шешуге, елдің, аймақтың, экономикасының және қалыптасатын қаржылық ауытқуларды шешуге қатысты жеке байланыстардың жиынтығы және стратегияның нақтылануы.

24. Міндетті-шығын саясаты.Экономикалық субъектлердің мемлекеттік тауарға салық түріндегі төлем қатынастарын (қорғаныс, ұлттық басқару және ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз ету) сипаттайды

25. Нақты төлемдер.Ұжымның қызметіне байланыссыз факторлардың негізінде қалыптасқан кәсіпорынның пайдасының бір бөлігінің мемлекеттің кірісіне алыну нысанын айтамыз.

26. Нарықтық қатынастарды дамыту мен баламалы экономикалық құрылымдарды ұйымдастыруға және әр түрлі меншік нысанында кәсіпорындарға қолдау көрсетуге бағытталған қорлар.

27. Оперативті жоспарлау.Белгілі бір уақыттағы ағымдағы жоспарлау

28. Өзін-өзі жабу. Бұл шаруашылық жүргізудің негізгі қағидасы болып табылады және ол шаруашылық субъектінің өнімін өткізуден түскен табыс негізінде өнімді өндіру мен жеткізуге кеткен барлық шығындарды жабуға міндетті болып табылады.

29. Өзін-өзі қаржыландыру.Кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге қатысты шығындарын өздерінің меншікті қаражататарының негізінде жабу мүмкіндігі

30. Өнімнің өзіндік құны.Өнімді өндіру мен өткізумен байланысты ақшалай түрдегі ақшалай шығындар.

31. Резервтік қор.Ұйымның кездейсоқ қалыптасатын шығындарын жабуға және арналған және бөлістірілмеген пайда негізінде қалыптасатын ақшалай қаражаттар болып табылады

32. Сақтандыру саясаты.Қоғамда сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану барысындағы экономикалық субъектлердің материалдық қатынастарын жүзеге асыру және қорғаумен байланысты қатынастар.

33. Салық саясаты.Салықтың әр түрі бойынша салық құрамын, мөлшерлемесін, көлемін анықтауды жүзеге асыратын саясат түрі

34. Салықтық емес түсімдер.Республиканың актілерімен бекітілген бюджетке төленетін міндетті қайтарымсыз төлемдер

35. Салықтық түсімдер.Салық кодексімен бекітілген бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер

36. Сұраныс инфляциясы.Заңды және жеке тұлғаларда ақшалай қаражаттардың массасының көбеюіне байланысты тауарлар мен қызметтерге , өнімдерге сұраныстың арту жағдайы

37. Табыс саясаты.Субъектінің қоғамдағы, ұжымдағы орны мен әлеуметтік-экономикалық қызметімен сипатталады және аз шығын шығарып, көп пайда табу қағидасына негізделеді.

38. Тактикалық жоспарлау.Стратегиялық жоспарлаудың нақтылануы

39. Теңдестірілген инфляция.Инфляция кезінде әртүрлі таурлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады

40. Теңдестірілмеген инфляция.Инфляция кезінде әртүрлі тауарлар мен қызметтердің бағасының бір-біріне арақатынасы жиі өзгеріп отырады.

41. Трансферт.1.Шет елдік валютаны бір елден екінші елге ауыстыру

42. Трансферттік төлемдер.Мемлекеттік бюджеттен халыққа, жеке кәсіпорындарға олардың мемлекеттік қызметті атқаруына байланыссыз түрде бөлістірілуі

43. Тұтыну қорлары.Өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға, сонымен қатар өндірістік емес аядағы ұйымдарды қаржыландыруға пайдаланылатын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Материалдық игіліктер мен қызметтерден тұратын тұтыну қорының негізгі көздеріне қажетті көлемдегі өнім мен қосалқы өнім жатады.

44. Тұтыну саясаты.Жеке тұлғалармен, заңды тұлғалармен, мемлекетпен мемлекетаралық құрылымдармен жүзеге асырылатын ЖІӨ қоғамда пайдалынуы.

45. Ұйымдардың қаржысы.Негізгі капитал мен айналым қаржыларының қалыптасуы мен пайдалануы, өнімді өндіру мен өткізу, ұлттық шаруашылықта ақшалай қаражаттарды жинақтау үрдісіндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

46. Ұйымдастыру. Басқарудың барлық буындарының айқындығын, қаржылық аппараттың жоғары нәтижелігін және басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігінің жоғарылығын білдіреді.

47. Ұйымның балансы.Қаржы көздерімен (пассив) олардың пайдалану бағыттарын(активтер) сипаттайтын заңды тұлғаның арнайы қаржылық құжаттары

48. Ұйымның қаражаттары.Қоғамның экономикалық субъектлері арасында ақшалай қаражаттарды құру және пайдалану бойынша қалыптасатын қатынастары

49. Фискалдық саясат.Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясаты және оны экономикалық процестердегі жүзеге асыру механизмі.

50. Халықаралық төлем құралдары.Әр түрлі мемлекеттер арасында сыртқы экономикалық байланыстар мен халықаралық есеп-айырысудағы ақшалай бірліктер.

51. Шаруашылық субъектлердің қаржылары.Өнім мен қызметті өндіру мен өткізу барысында ақшалай кірістерді, жинақтар мен қорларды пайдалну мен бөлуге қатысты экономикалық қатынастар жиынтығы

52. Шаруашылық субъектілер. Өздері активтерді басқарып, міндеттемелерді алып, экономикалық қызметтерді және басқа да операцияларды жүзеге асыратын экономикалық бірліктер

53. Шығын саясаты -әр түрлі тауарлар мен қызметтердің шығындарына қатысты субъектлердің өзара байланысы

54. Шығындар инфляциясы.Шаруашылық субъектлердің еңбекақы шығындарының, несие бойынша пайыз мөлшерлемелерінің, шикізаттар мен материалдарға бағаның, қызметтерге бағаның артуына байланысты шығындардың артуы

55. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.Бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер етуі үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың күнделікті үрдісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектіге мемлекеттік қаржылық ықпал етудің әдістері мен нысандары.

Наши рекомендации