Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары

Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

• салым қабылдау (депозиттер);

• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және оларды жүргізу;

• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);

• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;

• репо операциялары;

• еуровалюталық несие алу.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.

Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында

орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі

құралады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар, меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала

алады.

Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеудің жинақ салымдары құнды демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданылады.

Коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіншіліктерін пайдаланады.

Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады.

Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование) ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.

Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен (дилермен) жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі.

Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі еуровалюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар есептеледі.

Активті операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстан Респупликасының активті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

• Несиелік операциялар;

• Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;

• Қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);

• Кассалық операциялар;

• Делдалдық-комиссиондық операциялар.

Банктің активті операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

• Мемлекеттік бағылы қағаздар;

• Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

1) Акциялар;

2) Облигациялар;

3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;

4) Ипотекалық куәліктер;

5) Депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.

Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.

Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.

Қаржылық лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесе өзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.

Наши рекомендации