Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). «Нарық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.

2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)

Сұраныс –сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:

Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда

Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)

P – тауар бағасы (price)

I – сатып алушының кірісі (табысы)

T – сатып алушылардың ұнатулары

PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы

PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы

N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru Р

D

Q

1 сурет. Сұраныс қисық сызығы

Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:

1. сатып алушының психологиясымен– сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.

2. кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен –оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.

3. кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен.Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.

Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru P

D1

D

D2

Q

2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.

Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.

1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарларнемесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.

2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.

3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.

4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.

Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:

QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда

QS – тауар ұсынысы (supply)

P – тауар бағасы

PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары

Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы

K – технология деңгейі

Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)

N – нарықтағы сатушылар саны

Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңыдеп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru P S

Q

3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).

Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru S2

P S

S1

Q

4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.

Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru P S

Q

5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).

Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru P

А1

В 6 сурет. Ұсыныс қисық

сызығының пішіні

А

S

Q

Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR – immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.

Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)

Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі - student2.ru P S P S P

S

Q Q Q

7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы.

Наши рекомендации