Ндірістік есептің шоттар жүйесі
Ндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Ндірістің түрлері мен типтері
Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын, күрделі механизм [31, 546-547б.]:
1) негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;
2) көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б);
3) қосымша цехтар - негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді;
4) қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын өнім өндіреді (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар);
5) эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне (тұрпатына) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді. Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс (ауыр машина жасау, кеме жасау, турбина жасау). Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады (машина жасау өнеркәсібі, металл өңдеу). Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі (маталар, киім, аяқ киім, сағат жасау, тамақ өнеркәсібі).
Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қалмайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
ндірістік есептің шоттар жүйесі
Өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың шығындарын есепке алуға арналған 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құны калькуляциялау жүзеге асырылады.
8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімі 4 бөлімшеніі қамтиды.
8100 «Негізгі өндіріс» бөлімшесі:
8110 «Негізгі өндіріс», онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізатқа және материалдарға, еңбек ақы төлеуге және негізгі өндірісте тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақы сомасынан алынатын аударымға, негізгі өндіріске және басқаға жататын үстеме шығындарына арналған шығындар ескеріледі;
8200 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» бөлімшесі:
8210 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар ескеріледі;
8300 «Көмекші өндіріс» бөлімшесі:
8310 «Көмекші өндіріс», онда өндірістердің шығындары ескеріледі, ол ұйымның негізгі өндірісі үшін көмекші болып табылады;
8400 «Үстеме шығындар» бөлімшесі:
8410 «Үстеме шығындар», онда негізгі және көмекші өндірістер, сондай-ақ өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша үстеме шығындар көрсетіледі.
Кәсіпорын өзінің есептік саясатын жасаған кезде бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында әрбір өндірістік шоттардың тобы бойынша (8110, 8210, 8310, 8410) бір шолушы (жинақтаушы) шоты және бірнеше бір элементтік шоттарды қарастырыуы мүмкін. Өз кезегінде бір элементтік шоттарды үш категорияға жіктеуге болады:
(1) материалдарға кеткен тікелей шығындар;
(2) жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар;
(3) үстеме шығындар.
Материалдарға кеткен тікелей шығындарға сол өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) кіретін материалдар жатады (мысалы, болат, ағаш). Жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. Үстеме шығындар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар мен өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығындардың қатарына амортизация шығындары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру, уақытша тоқтап қалудың шығындары т.б. жатады.