Бөліп тарату әдістері

Көмекші цехтардың өзара қызметін бөліп таратылуы 4 әдіспен жүргізіледі:

(1) тікелей әдіс;

(2) қадамдық әдіс;

(3) қайта-қайта бөліп тарату әдісі;

(4) сызықтық теңестірулер жүйесін құру әдісі.

Үстеме шығындарды бөліп таратудың тікелей әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдісте бір көмекші цехтың екінші көмекші цехқа көрсеткен қызметтері еленбейді, көмекші цехтардың қызметтері тікелей негізгі өндірістік цех шығындарына жатқызылады.

Қадамдық әдісінде көмекші цехтардың шығындары тізбектілікпен бөліп таратылады. Бөліп тарату циклы тұтынуға қарағанда көбірек қызмет көрсететін көмекші цехтан басталады. Әрі қарай келесі көмекші цехтың шығындары бөліп таратылады да және қадамнан қадамға бөліп тарату тізбектілігімен жалғастырады. Әрбір қадамда бір көмекші цехтың шығындары бөліп таратылады. Цикл ең аз көлемінде қызмет көрсететін көмекші цехпен аяқталады.

Үстеме шығындарды қайта-қайта бөліп тарату әдісінде көмекші цехтардың бір-біріне көрсеткен шығындары алдын-ала берілген проценттік үлесте қайта-қайта, бөліп таратылып жатқан шығындар көлемі ең төменгі шек болғанға дейін жүргізіледі.

Сызықтық теңестірулер жүйесін құру әдісінде теңестіру жүйесі құрылады, онда қанша көмекші цех болса, сонша теңестірулерден құралады. Белгісіздер ретінде әрбір көмекші цехтың жинақталған үстеме шығындары белгіленеді.

Материалдық шығындардың есебі және

Материалдық қорларды бағалау әдістері

Бөліп тарату әдістері - student2.ru

Материалдардың есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындағы материалды босату және алу тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлаудың бірінші сатысы – қорлардың оптимальді деңгейін анықтау. Қорлардың оптималды деңгейі керекті кезде керекті материалдың керекті мөлшерінде болғанын мақсат тұтады, бірақ оның да барынша ең аз шығынмен қамтамасыз етілгені жөн. Ол үшін әр түрлі материалдар бойынша қолда бар мөлшерінің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есептік ақпарат материалдардың қоймалық есебі карточкасында жинақталады (5.1-сурет) [11, 66б.; 34, 111б.].

Оймалық есеп карточкасы

Түрі_____________ Серия № ____________

Тапсырыс беру мөлшері___________ Код № _____________

Максимум_____________

Минимум_____________

Тапсырыс беру нүктесі_____________

Қабылдап алынды Босатылды Баланс
күні ТАХ № мөлшері күні талап № мөлшері мөлшері
             

5.1-сурет. Қоймалық есеп карточкасы

Материалдық қор бөлімі алынған тауарларды тауарды алу туралы хабарламасына (ТАХ) енгізеді және қойма карточкасының графасына «Қабылдап алынды» деген жеріне сәйкес қажетті жазуларды жазады. Тауарды алу туралы хабарламаның көшірмесі сатып алу бөлімі мен бухгалтерияға жіберіледі. Сатып алу бөлімінде тапсырыс орындалды деп белгі соғылады, ал бухгалтерияда тауарды алу туралы хабарлы нақты алынған тауарларға төлем жасау үшін жабдықтаушылардың шотымен салыстырылып тексеріледі. Сосын ТАХ-на аударылған тауарлар туралы жазулар, Бас кітаптің қорлар есебі кітапшасына материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің саны мен құны жазылып қояды.

Оймадан босату талабы

Талап етілетін материалдар___________

(тапсырыс және үстеме шығындар ведомосы)

Цех:_____________ Күні_____________

Мөлшері (саны) Түрі Код № Салмағы Тариф Бағасы, теңге Ескертулер
             

Мастер:_____________

Наши рекомендации