Азақ халкының қалыптасу процесі этникалық аумақтың қалыптасуымен қатар жүрді.
Ноғай ордасының саяси тарихы.
Едіге 14 ғасырдың 90 ж. Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізді. Оның басты себебі, ол, біріншіден, билік үшін күрессе, екіншіден, Ноғай ордасының беделін көтеріп, ел аумағын ұлғайтуға тырысты. Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едіге ұрпақтарының келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты. Маңғыт елі оған арнап Едіге жырын шығарды. Едіге орданы 15 жылға жуық билеген. Едігенің билік жүргізген кезінде Ноғай ордасының жері Батыс Сібір ойпатына дейін ұлғайған. Бұл аймаққа қашып келген Тоқтамыс хан қаза болғаннан кейін, бұл жердегі тайбұға тайпасы да Едігенің билігін мойындаған. Жазба деректердің мәліметі бойынша, ноғайлар(маңғыттар) 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, кейбір бекініс қалаларды жаулап алған.
ХV ғ-дың аяғында Ноғай Ордасы орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды.
Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол.
Білхайыр хандығы.
Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.
Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
Этникалық құрамы: Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Қыпшақ, Қоңырат, Қаңлы, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Территориясы: Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
33. «Қазақ»сөзінің шығу тарихы туралы пікір көп. Көптеген ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының атымен, не «еркін» сөзімен байланыстырады.
Ғалымдардың пайымдауынша, «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» секілді рулардың атаулары – «қазақ» этнонимінің туынды түбірлері. Академик Н. Марра және чех ғалымы Б. Грозный көрсеткендей, «қазақ» атауы «қасақ» жән «кесек» сөздерінен шыққан.
Зерттеуші Ә. Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» және «оғ» (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалған: «оғ» – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. «Қаз – оғ(оқ)» – қазақ тайпалары деген ұғымды білдіреді.
«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады:
– «қазақ» сөзі «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан;
– «қазақ» сөзі «ерікті адам» деген мағынаны білдіреді.
34)Ғалымдар «казақ» этнонимін «қаз ақ» («ақ қаз») қаз-дай тізілген ақ киіз үйлерден іздесе, екінші бір ғалымдар сақтардан «сақ», «қай сақ» іздейді. Басқа да болжамдар мен пікірлер де бар, бірақ казақ тарих ғылымында бұған толық, ғылыми дәлелденген жауап әлі күнге дейін жоқ.
XIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы этнонимге қатысты «қазақ» атауымен бір уакытта сол кездегі жазба деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «но-ғай», «моғол» сияқты басқа да ұғымдар кездеседі.
«Қазақ» термині тарихи жазба деректерде XIV ғасырдың орта кезінен бастап кездеседі. Кейбір тарихшылар «қазак» терминінің одан да ертерек кездесетінін айтады. Мұхамеджан Тынышпаевтың зерттеулерінде қазақ-тардың 1356 жылы Мауереннахрға шабуылда .1481 жылы Ахмет ханға «1000 қазақ-пен» Ибақ ханның және ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбыршының «15 мың қазақпен шабуылдағаны» және т.б.мәліметтер келтіріледі. «Тарих-и-Рашиди» және басқададеректерде «қазақ» атауы Әбілқайыр ханныңбилігін мойындамай Жетісуға көшіп кететін Жәнібек пен Керей бастаған саяси топты білдіру үшін бастапқы кезде «өзбек-қазақ», кейіннен «қазақ» түрінде қолданылды. Бірте-бірте «қазақ» атауы этникалық мәнге ие болып, Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның, бұрынғы Ноғай жұртының қалыптасқан түрік тілдес халқының этнонимі ретінде қодданыла бастайды.
азақ халкының қалыптасу процесі этникалық аумақтың қалыптасуымен қатар жүрді.
Көшпелі тұрмыс жағдайыңда экстенсивті мал шаруашылығы басым кезде рулар мен тайпалардың қоныстану шекаралары тұрақты болмаған. Бірақ көптеген этникалық саяси және шаруашылық факторлардың әрекеті нәтижесінде Қазақстан аумағында негізгі үш этникалық аумақтық бірлестіктер - ¥лы Жүз, Орта Жүз және Кіші Жүз пайда болды.
Аумақтық-этникалық бірлестіктің жүз деп аталуы әдетте қазақ халқына қарасты және тарихи дәстүр арқылы белгіленген жалпы қазақ аумағының бір бөлігін мекендеген тайпалардың ірі бірлестіктеріне байланысты айтылады.
Қалыптасқан үш жүздің аумағы мен XIV—XV ғасырларда өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай және Әбілқайыр хандықтарының қамтыған аумақтарын салыстыратын болсақ, Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының аумағыңда Орта Жүздің, Моғолстан аумағында Үлы Жүздің, Ноғай Орда-сыңда Кіші Жүздің пайда болғанын аңғару қиын емес. Аумақтық этникалық бірлестіктер ретінде жүздердің өмір сүргендігі туралы жазбаша деректер XVI ғасырдағы шығыс жазбаларында кездеседі. Жүздердің пайда болуын кейбір тарихшылар Қазақстанның климаттық жағдайлары мен көшпелі мал шаруашылығының экстенсивті даму ерекшеліктерімен де бай-ланыстырады.
Жүздер аумағында да нақты белгіленген шекара сызықтары жоқ. ¥лы Жүздің аумағы негізінен Сырдарияның жоғарғы ағысынан Жетісуді Қоса алғанға дейінгі жерлерді, Орта Жүз Орталық Қазақстан мен Солтүстік Шығыс Қазақстанды және Сырдарияның орта ағысы бойын, Кіші Жүз Сырдарияның тәменгі ағысынан Арал теңізі жағалауын және Батыс Қазақстан аумақтарын қамтиды. ¥лы Жүз құрамындағы ірі тайпалық топтар: Үйсіндер, албандар, дулаттар, жалайырлар, суандар, шапыраштылар, ыс-тылар, ошақтылар және басқалар болып табылады. Орта Жүз құрамына ежедден белгілі ірі тайпалар: кыпшак, арғын, найман, керей, коңыраттар-мен бірге уак, бора, шүйе, актелес, жебеней, ақмарқа, қарамарқа рулары да кіреді. Кіші Жүздің өзі үш тармақ: Әлімұлы, Байұлы және Жетіруға бөлінеді Әлімұлына — карасақал, кете, қаракесек, шекті, төртқара, шөме-кей, Байұлына — адай, беріш, байбақты, алаша, алтын, жаппас, таз, есентемір, шеркеш, қызылқұрт, тана, Жетіруға — тама, табын, жағалбай-лы, кердері, рамазан, керейіт, ноғайлы, төлеу рулары кіреді.