Дәріс. Ақпараттық құқықтың қайнар көздері. Жаңа ақпараттық технологиялар

Жоспар:

1. Негізігі ұғымдар және анықтамалар.

2. Ақпараттық технологиялардың құрылымы

3. Ақпараттық технологияның жіктелуі.

Басқару еңбегінің тиімді жоғарылауының жағдайы болып ішкі әрекеттерге икемділікті, кең көлемділікті және адаптивтілікті әсер ететін ақпараттық технология табылады.

Ақпараттық технология ақпараттармен және есептегіш техникалармен білікті жұмыс істеу білуді қалыптастырады.

Ақпараттық технология– бұл объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және тасымалдау құралдары мен әдістер жиынын қолданатын процесс.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпараттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдык өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

АҚЖ-да мәліметтерді өңдеу әдістері жүйені басқарушы сияқты, басқару объектісімен байланысқан тым көп факторлардың санына әсер етеді. Мәліметтерді өңдеуде технологиялық үрдістерді құрудың варианттар саны мәнді болып келеді. Сондықтан бұл үрдістерді жобалауды және оқуды жеңілдету мақсатымен кейбір үрдістер класын бөліп алуға болады.

Бұл жерде есептегіш жүйелерде (ЕЖ) мәліметтерді өңдеу мүмкіншілікті режимдері классификацияға мәнді әсер етеді. ЕЖ-нің жұмыс режимін және эксплуатация режимін бөлуге болады.

Эксплуатация режимі көбіне қолданушының жұмысының тиімділігінің жоғарылығымен байланысты. Жұмыс режимы негізінен ЕЖ-нің жұмысының тиімділігін анықтайды.

ЕЖ жұмысының тиімділігі оның өндірілуін жиі сипаттайды. Жүйе жұмысының енгізу-шығару құрылғысы мен орталық процессордың қалыптастыру мүмкіндігі өндірілуге үлкен көңіл бөледі. Мұндай мүмкіндікті көппрограммалы жұмыс режимінің жүйесінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бірнеше процессорлардың болуы өндірілудің жоғарылылығына әсер етеді. Мұндай жұмыс режимі көппроцессорлы деп аталады.

Есептегіш жүйелердің пайдаланудан шыққан режимдерінің кейбіреулерін қарастыру пайдалы. Оларға пакетті өңдеу режимі (off-line) (пакет деп аталатын топтарға біріккен бірнеше ҚП) жатады. Берілген режим үшін оператордың минималды кедергісі, ЕЖ жұмысының жоғарғы тиімділігі, бірақ нәтижені күту кезінде көп уақыттың кетуі мінезделеді. Нәтиженің берілуін жылдамдату пакеттік өңдеу үшін паралел өңделу немесе уақытты кванттау деп аталатын, жүйенің жұмыс режимін қолдануымен мүмкін болады. Яғни, топтан әрбір қолданбалы программаға келесі программаға басқару уақыт ағымы бойынша берілетін уақыт кванты беріледі. Бұл қысқа программалар бойынша пакеттің бәрін өңдеуді аяқтағанға шейін нәтижені алуға мүмкіндік береді.

Өңдеуді жедел режимде (on-line) жүзеге асыратын қолданушыға ену мүмкіндігі жүйенің жауабының жылдамдығын тағы көпке арттырады. ЭЕМ-ның жұмысының көппрограммалы режимінде уақытты кванттауды қолдануымен және келеңсіз ену режимімен пайда болатын режим уақыттың бөлінуі (time-sharing) деп аталады.

АБЖ-де шешілетін есептерді жылдам жауаптарды талап ететін және жауаптардың нақты тоқталуына рұқсат ететін есептерге бөлуге болады. Жылдам жауаппен берілген есептер үшін нақты уақыт режимі арналған. Ол ақпараттарды қашықтан өңдеуді немесе телеөңдеуді сипаттайды. Телеөңдеу басқа режимдер үшін де қолданыла алады (мысалы, пакеттік үшін), ЭЕМ-ді өңдеуге пакеттерді беруге және одан мағыналы арақашықтықта тұрған қолданушының нәтижесін алуға мүмкіндік туғызады. Мәліметтерді беру үшін байланыс арналары жиі қолданылады.

Есептегіш жүйені пайдаланудан шыққан режимінің соны немесе басқасын таңдау шешілетін есептердің параметрлерімен анықталады. Қолданушы кайдағы бір терминалға енуіне рұқсат алса және өңдеуде мәліметтердің аса үлкен емес көлемі қатысады.

Ақпараттардың үлкен көлемі және өңдеу уақытының критикалы ееместігі үшін пакеттік режим сипатталады. Ол қолданушыға нәтижелерді өте жылдам жеткізуін қамтамасыз ететін телеөңдеумен сәйкестенеді.

ЕЖ-де дайындалған және енгізілген ақпараттар сақтау үрдісінде ереже бойынша, ақпараттардың сыртқы жинағыштарында орналасады.

Сақтау жүйелерінің ұйымдарының негізінде салынған идеология көбіне мәліметтерді өңдеудің ішкімашиналық технологиясын анықтайды. Яғни, ақпараттық массивтердің істен шығуының өсімі, машиналық жинағыштардағы ақпараттар архивтерінің сомалық көлемінің өсуі және сәйкес машиналық уақыт пен жұмыскерлердің сандарының өсімі массивтердің өзгеруін енгізуді жеңілдететін мәліметтер банкі түрінде мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру қажеттілігіне әкеледі.

Ақпараттардың мағыналы бөлімі өңдеуге, сақтауға, беруге, жинауға, қолданушыларға дейін жеткізуге жатады, ал ақпараттардың қалған бөлімі өндіріс ішінде өндіріледі. Яғни, циркуляция үрдісі және ақпараттарды өңдеу (ақпараттық үрдістер) туралы айтуға болады.

Ақпараттық технология бағдарламалық, техникалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтылуына байланысты орналасады. Техникалық қамтылуы – ол дербес компьютер, ұйымдастыру техникасы, байланыс жүйелері, құрал – жабдық желі. Ақпараттық технологияның түрі, техникалық қалыптасу түріне байланысты (қол, автоматтындырылған, қашықтық) ақпараттың жиналуына, жүйеленуіне және таратылуына әсер етеді. Есептеуіш техника дамуда жылдан жылға олар күшейіп, онымен қатар компьютерлер арзандап, сол себепті компьютерлер көпшіліктің пайдалануына мүмкіндік туды.

Компьютерлер коммуникация кірістірілген құралдармен қамтылған: жылдамдық модельдерімен, көлемі үлкен жадымен, сканерлермен, дауысты және қолжазбаны анықтайтын құралдармен жабдықталған.

Бағдарламаны қамтылу, техникалық және ақпараттық қамтылумен тікелей байланысты болғандықтан, жүйелеу, сараптау, сақтау, интернет қызметін компьютермен таратады.

Ақпараттық қамтылу – деректер жиынтығы, компьютерге өңдеу үшін анықталған түрінде берілген.

Ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтылу – ол бірқатар іс-шара, компьютердің қызметіне бағыттылған және бағдарламалық қамтылуға, керекті іздеген нәтижені табуға арналған.

Ақпараттық технологияның негізгі қасиеттері:

- мақсаттылық;

- сыртқы айналамен қарым – қатынас;

- тұтастық;

- уақытта дамуы.

Мақсаттылық – ақпараттық технологияны іске асырудың басты мақсаты, қолдануда тиімділігін көтеруде, реттелген ақпаратты өнімдеуде, реттелген деректерді әртүрлі ақпараттық есептеуіш желі жолдарымен.

Компоненттер және құрылым :

- функциялық компоненттер – ол нақты мазмұнын, барысын (үрдіс) айналымы және ақпаратты өнімдеу;

- ақпараттық технологиялар құрылымы;

Ақпараттық технологиялар құрылымы – бұл бекту технологиясы мен білім базасы екі үлкен топқа біріктірілген, оның компоненттерін құрайтын өзара байланысты білдіретін ішкі кәсіпорын.

Тақырыптық аумақ моделі – кәсіпорынның мамандары мен өңдеушілер, яғни қолданушылар арасындағы түсінушілікті қамтамсыз ететін тізімдер жиынтығы.

Бекіту технологиясы – жүйе ішінде сақтау және ақпараттарды өңдеу негізінде жүзеге асырылатын жүйелік және инструментальдық программалық қамтамсыз ететін, автоматтандырудың аппараттық құралдарының жиынтығы.

Білім базасы ЭЕМ жадында сақталатын білімдер жиынтығын құрайды. Білім базасын интенсиональды (яғни «жалпы» туралы білім) және экстенсиональды (яғни, «нақты» туралы білім) деп бөлуге болады. Интенсиональды базасында қабықша сақталады, ал экстенсиональды базада мәліметтер базасы деп аталатын қабықша еске сақталуымен сақталады. Басқаша айтқанда, білім базасы тақырыптық аумақтың бейнесін білдіреді. Ол өзіне мәліметтер базасын (директивті ақпарат – жоспарлы ғимарат, ғылыми-техникалық ақпарат, еспші-өндірістік ақпарат, кәсіпорыннның бөлімшелерінің жұмыс режимін бейнелейтін қосалқы ақпарат).

Жүйелік және инструментальды құралдар:

- аппараттық құралдар

- жүйелік ( ОЖ, МББЖ)

- құралдық ПҚ (алгоритімдік тілдер, бағдарламалық жүйе, арнайы тілдер, бағдарламалық технология);

- ақпараттардың өңделу және сақтау түйіндерінің комплекстенуі.

Технологиялық сипаттау нәтижесінде жүйелі ақпараттық технологиялық процестердің жиынтығын таратылумен байланысты.

Сыртқы ортамен өзара әрекеті – ақпараттық технологиялардың басқару объектілерімен, өзараәрекеттесетін кәсіпорындармен және жүйелермен, ғылыммен, автоматтандырудың техникалық және өндірістік бағдарламалық құралдарымен өзараіс-әрекеті.

Тұтастық ақпараттық технология тұтастық жүйеге байланысты, есепті шешуге қабілетті, бірде – бір оның компонеттерінің қасиеттеріне тән емес.

Уақытымен таратылу – ақпараттық технологияны қарқынды дамуымен қамтылу, құрылымының өзгеруі, жаңа компонеттің қосылуы.

Әр түрлі қоғам саласында ақпараттық технологияны пайдалану, бағалау, дұрыс түсіну, сауатты дамыту үшін оларды алдын – ала жіктеу керек.

Ақпараттық технологияның жіктелуі жіктелген өлшеміне байланысты. Өлшем сапасы сол және басқа ықшамды жинақтық және көрсеткіштік белгілермен қатысты болуы мүмкін. Мысалға, бұл өлшем қолданушы интерфейске қызмет атқарады. Өз кезінде операциялық жүйе командалық, WIMP, SILK интерфейстерімен жүзеге асады.

Командалық– командаларды енгізу үшін шақыруды экранға шығарады.

WIMP-(Window-терезе, Image-бейнелеу, Menu-меню, Pointer-нұсқама).

SILK-(Speech-сөз, тіл, Image-бейнелеу, Language-тіл, Knowledge-білім). Берілген интерфейсте тілдік команданы шығару кезінде семантикалық байланысқа сәйкес бір ізденіс бейнелеуден екіншіге көшу болады.

Операциялық жүйелер бірпрограммалық, көппрограммалық және көпқолданушылық болып бөлінеді.

Бірпрограммалыққа - SKP, MS DOS және т.б. жатады. Олар ақпаратты өңдеудің сұхбаттық және пакеттік режимдерді қолдайды.

Көппрограммлыққа - UNIX, DOS 7.0, OS/2, WINDOWS жатады; ақпаратты өңдеудің сұхбаттық және пакеттік технологияларын үйлестіруді қолдайды.

Көпқолданушылыққа - (желілік операциялық жүйелер) - INTERNET, NOVELL, ORACLE, NETWARE және т.б. жатады. Олар желіде жойылған өңдеулерді, сонымен қатар жұмыс орнында сұхбаттық және пакеттік технологияларын жүзеге асырады.

Тізілген нысандар және ақпараттық технологиялар қазіргі кезде экономикалық ақпараттық жүйелерде (ЭАЖ) кеңінен қолданылуда.

Ақпараттық технология өзіне объект түрінде жеке есеп немесе экономикалық ақпараттық жүйенің элемент бола алатын автоматтандырылған жобалау жүйесін (АЖЖ) қамтиды, мысалы, CASE - технологиясы, Clarion пакетінің Designer утилиті.

Ақпараттық технологияның бір бөлігі болып қолданушылар арасында хабарламаны сақтауды және жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиынынан тұратын электрондық пошта табылады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуғе бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі — мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі — субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы —оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әнгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола түрса да «құқық негіздері» ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз — қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.

Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Құқықтық әдеттер — қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Оған дәлел «Қасымханның қасқа жолы» (XV ғ.), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан, қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де коғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. «Құқық проценті — жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінін шықкан елі — Англия. Қазіргі заманда құқык прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.

Казіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқыктың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.

Нормативтік-құқықтық акті (НКД) — мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан тө-мен — конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі — жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да, бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.

Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары салынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау күрделі құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с). Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады.

Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді, қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып, орындалып жатқан істер көлемінің ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағлұматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді. Заң халықтың қалың, бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми принциптер мен ғылыми әдістерді қолдануға негізделуі тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдарымен жұмыс істейтіндерден іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағлұматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтарын іздестіруде қажет болған нормативтік-құқықтық актіні тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру-автоматтандыру, оған қоса ақпараттық-іздестіру жүйесін жаңа техникалық негізде ұйымдастыруды өзекті мәселеге айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағлұматтарымен айналысатын қызметкерлердің жеке компьютерлері болатын мерзім жетті

Кілттік сөздер: Ақпараттық технология, кәдімгі ақпараттық технологиялар, жаңа ақпараттық технологиялар, ақпараттық процестер, ақпараттық технологияның негізгі қасиеттері, жүйелік және инструментальды құралдар, командалық, WIMP- (Window-терезе, Image-бейнелеу, Menu-меню, Pointer-нұсқама). SILK- (Speech-сөз, тіл, Image-бейнелеу, Language-тіл, Knowledge-білім).

Иллюстрациялық материал:слайд

Наши рекомендации