Арал өңірінде аудандастырылған сорттар

Асем. Автор – Б.С.Сариев, биология ғылымдары докторы, профессор. Каз егіншілік ҒЗИ – Мемлекеттік реестрге енген. Сорт жеке сұрыптау арқылы ( К – 26180 Х.Харков – 73 ) буданы және сорты арқылы шығарылған. Нутанс - әртүрлілігіне жатады. Тұзға төзімділігімен ерекшеленеді, күріш ауыспалы егістігінде егуге ұсынылады. Вегетациялық кезеңі 76-82 тәулік. Жатып қалуға төзімді. Қара күйе ауруларының түрінен әлсіз зақымдалуы 12 %. Суармалы жағдайда өнімділігі – 50,4 ц/га.

Сәуле.Авторлары : Б.С.Сариев, М.С.Құдайбергенов. Қазақ Егіншілік ҒЗИ.

Сорт жеке сұрыптау арқылы буданы және К – 26180* Харков 73 сорты арқылы шығарылған. Әртүрлілігі – нутанс, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 65 – 75 күн. Құрғақшылыққа және ерте – көктемдегі суыққа төзімді. 1000 дәннің салмағы – 39,1 г, белогі – 14,06 %. Өндіріс жағдайында өнімі 50,0 ц/га 1991 жылдан Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Арна. Авторы : Б.С.Сариев. Каз ЕҒЗИ. Сорт жеке сұрыптау арқылы будан популяциясы К26180 және Харков – 73 сорттары арқылы шығарылған. Әртүрлі – нутанс, орташа ерте, вегетациялық кезең ұзақтығы 71-77 күн. Тозаңды және қатты қара күйе ауруларына қабылдауы әлсіз. 1000 дәннің салмағы – 50,0 г., белок құрамы -- 12%. 1997 жылы пайдалануға жіберілген.

Жұлдыз. Авторлары: Б.С.Сариев, М.С. Құдайбергенов. Каз ЕҒЗИ. Сорт жеке сұрыптау нәтижесінде ҚМУ-25 Х және К – 20474 сорттары арқылы алынған. Әртүрлілік – нутанс, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 70-77 күн. Қуаңшылыққа және ерте-көктемгі суыққа төзімді. 1000 дәннің салмағы – 51,47 г ., белок құрамы – 13,07 %.Тозаңды және тасты қара күйеге қабылдауы әлсіз. Өндірістік жағдайда 40,7 ц/га. Қызылорда облысында пайдалануға 1993 ж жіберілген.

Сыр Аруы. Авторлары: Тохетова Л.А Сыр аруы сорты мал азықтық бағытта өсіріледі (var. Hordeum distrihum ). Әртүрлілік – нутанс, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 75 күннен аспайды. Ол стандарт үшін алынған Әсем сортынан 5-10 күн бұрын піседі. Тұзды топыраққа төзімділігімен ерекшеленеді, атмосфералық суыққа төзімді. Көктемгі кеш болатын суықтарға төзімді. Өнімділігі 35,0 -35,5 ц/га, стандарттан орташа 9,02 ц/га жоғары. Сорт күріш ауыспалы егісінің тұзды топырағында өсірілетін көп жылдық шөптерге жабынды дақыл есебінде ұсынылады.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Азақстанның Арал өңірінде күріш жүйесінің тұзды топырақ жағдайында жаздық арпаны өсірудің биологиялық ерекшелігі.

Арпа өсімдігі өсу кезеңінде келесі фазалардан: себу – көктеу; көктеу – түптену; түптену – сабақтану; сабақтану – масақтану; масақтану – толық пісу ( сүттену және қамырлану ).

Дәннің өсіп өнуі. Дәннің өнуі үшін құрғақ дән массасының (салмағының) 48-70% мөлшеріндей суды қажет етеді.Қолайлы жағдай болғанда дәннің өнуі 2-5 күнде өтеді. Осы кезеңде қоршаған ортаның қолайсыз агроэкологиялық факторларына –ылғалдың жетіспеушілігіне, төменгі температураға, ылғалдың өте көп мөлшерде болуына, топырақтың тығыздалуына сезімтал. Дәннің өніп өсуіне қолайлы жағдай туғызу маңызды агротехникалық шаралар.

Арпаның өсуі 1-2 Сº-та басталатындықтан, оны ерте көктемде себеді. Бірақ көктеу кезеңі ұзаққа созылып көгі топырақ бетіне ұзақ уақыт шықпай, олардың кейбір бөлігі аурулардың зақымдауымен өліп қалады. Жоғарғы температурада көктеуі жоғарылайды, оптималды температураға 18-25 Сº жатады. Себу мен көктеу кезеңінің ұзақтығы орташа кезеңде 8-11 күндей.

Өскіннің тебендеп шығуы. Тұқым себілген кезден дән тебендеп толық шыққанға дейін уақыт агротехника шараларына, топырақтың температурасына және ылғалына тікелей байланысты. Тұқымды тереңге сіңіру және топырақ бетінің қабыршақтанып қатып қалуы зиянды әсер етеді, өйткені топырақта өттегі аз болады да өскін әлсіз болып өсіп, қатып қалған топырақ бетін тесіп шыға алмайды.

Дән өсе бастаған кезде алдымен ұрық тамырлар, сосын сыртынан колеоптилемен қоршалған алғашқы жапырақ өседі. Колеоптиле жер бетіне тебендеп шыққан кезде жиырылған алғашқы жапырақ колеоптилені жарып, сыртқа шығып жазылады. Себілген дәннің жиі әрі біркелкі өніп шығуына тұқымның сапасы, топырақта ылғал және қоректік заттардың жеткілікті болуына зор әсер етеді. Жақсы толысқан біркелкі тұқымның өну энергиясы жоғары болады және де біркелкі жиі болып шығады.

Түптену фазасының басталуы – негізгі сабақтағы үшінші – төртінші жапырақ және өсімдіктің сабақтану фазасының басталуы мен аяқталады. Түптену фазасының көрсеткіші Қызылорда облысы жағдайында 1,3-1,8 , ол себу мерзімі мен сортына байланысты. Көктеу мен түптенудің ұзақтығы 6-10 күндей.

Арпаның сорттарының түптену темпі әртүрлі. Жаздық арпа түрлері ішінде екі қатарлы түрлері күштірек түртенеді. Түптеніп, жанама сабақтарының пайда болуы кейбір жағдайда пайдалы емес. Мысалы қуаңшылық аймақта өскен арпаның көп түптенуі әсерінен ылғалды және қоректік заттарды пайдасыз шығындайды, өйткені жанама сабақтар арасында масағы жоқ сабақтар болуы мүмкін. Нәтижесінде бас масақтың өсіп дамуы нашарлап, өнімділігі төмендейді. Ал суармалы егіншілік жағдайында арпаның көп түптенуі және жанама сабақтарының бас сабақтан қалыспай, синхронды өсуі нәтижесінде дән өнімі күрт артады.

Түптену кезеңінде (тұқым өсіп шыққан кезден 8-12 күн кейін) алғашқы масақ қалыптаса бастайды. Арпаның әдепкі өсіп даму кезеңінде топырақта қоректік заттар мен ылғал аз болса дән өнімі күрт төмендейді. Түптену кезеңінен сабақтану фазасына дейін қоректік заттарды арпа интенцивті сіңіреді.

Көктеп шыққан кезден түптену кезеңі аралығында арпаның тамыр жүйесі өсіп қалыптасады. Алғашқы ұрық тамырлар түптену кезеңінде 50-60 см тереңдікке дейін өсіп жетіледі, кейінгі буын тамырлары әрбір жанама сабақтар түбінен пайда болып қалыптасады. Дегенмен, арпаның негізгі тамыр жүйесі топырақтың айдау қабатында (5-30см) орналасады.

Төменгі буын аралықтың ұзартуы, түптенудің буыны, сабақтану фазасы келіп масақтың негізі қалыптаса бастайды. Сабақтану кезеңінде масақ бүршіктері, гүл, масақ қабықшалары пайда болады. Осы кезеңде өсімдік ылғалды, қоректі жарықты және жоғарғы температураны қажет етеді. Түптену – сабақтану фазасының ұзақтығы 22-24 күн.

Сабақтану фазасы тұқым толық шыққаннан кейін 3-4 аптада басталады. Бас сабақтың түбінде кішкентай төмпешік-алғашқы түптену буыны пайда болады. Осы кезеңде масақ және ондағы гүлдер мен гүлшелер қалыптасады. Осы кезеңде топырақта ылғал мен коректік заттардың аз, жеткіліксіз болуы гүлшелердің ұрпақсыз болуын туындатып, масақтағы дән санын азайтады.

Сабақтану фазасының аяқталуымен негізгі аргоногенез процессіне, өсімдік масақтану фазасына көшеді, осы кезеңде өсімдіктің қарқынды өсу кезеңі басталады. Гүлдену фазасы кезінде өсімдік үшінсумен қамтамасыз етудің қиын кезеңі болып табылады. Температураның күрт өзгеруі өсімдікке дән байламауға себепші болады.Сабақтану – масақтану кезеңінің ұзақтығы біздің жағдайда 14 – 20 күндей,сорт үлгілерінің экология – географиялық жағдайына байланысты.

Масақтану. Соңғы жапырақ қынабы ішінен масақтың шығуы-бұл масақтану кезеңі. Осы кезеңнің басында арпаның генеративті мүшелері-аналық, аналық аузы, тозаңқап және ондағы тозаңдар толық қалыптасады.

Арал өңірінде жазда жарық уақытының ұзақ (14-16 сағат) болуына сәйкес арпа тезірек бас алады. Ауа температурасының ыстық болуы масақтану кезеңін жылдамдататын фактор. Масақтың қалыптасуы барысында агроэкологиялық факторлар дың қолайлы болуы- масақтың ұзындығына, гүлдер санына және дән өнімділігіне әсері зор.

Гүлдену және ұрықтануы. Арпа дақылы негізінен өздігінен тозаңданатын өсімдік,сирек жағдайда қарама-қарсы тозаңданады. Арпаның гүлденуі көпшілік жағдайда масақтану фазасының бастапқы кезеңімен сәйкес келеді, сирек жағдайда масақ шыққаннан 1-3 күннен кейін гүлденеді. Ыстық, қуаңшылық жылдары арпаның гүлденуі жапырақ қынабы ішінде өтеді.

Гүлдену ортаңғы гүлдерден басталып, масақта жоғары және төмен қарай бір мезгілде тарайды. Гүлдену және ұрықтану таңертеңгі уақытта интенсивті жүреді. Ұрықтанудың барлық процесі 6-8 сағатқа созылады. Гулдену фазасынан кейін вегетативті мүшелерінің өсуі тоқтайды, осы кезеңде тамыр жүйесінің өсуі де тоқтайды.

Дәннің толысып пісуі. Үш кезеңнен тұрады: сүттену, қамырлану және толық пісу.

Гүлдену кезеңінен 10-15 күннен соң сүттену фазасы басталады және ол кезең 10-12 күнге созылады. Осы фазаның соңында дән өзінің ең үлкен мөлшеріне жетеді, ылғалдылығы 40-60 % болады. Арпа өсімдігі және дән – осы кезде жасыл түсті, және де төменгі жапырақтары өледі, ал басқаларында-сары жолақ, дақтар пайда болады. Сүттену фазасында дәнді қысса сүт тәрізді ақ сұйық шығады. Мұнан әрі дән біртіндеп кебе бастайды., көлемі шамалы кішірееді. Қамырлану фазасының басында дәннің ылғалдылығы 2 есе азаяды. Сосын, арпа өсімдігі біртіндеп сарғаяды, ал жасылдау рең, түсі сабақтың жоғары 2-3 буындарында ғана сақталады. Қамырлану фазасының соңында дән дәннің ылғалдылығы 21-24 %-ға дейін төмендейді.

Қамырлану фазасынан кейін жапырақтары және сабақ біртіндеп өледі, дәннің көлемі кішірейеді, ылғалдылығы 20 %-дан төмен болады.

Құрғақ әрі ыстық ауа райы жағдайында қамырлану фазасынан толық пісу кезеңіне 3-4 күнде ауысады (өтеді). Толық піскен дәннің ылғалдылығы 14-16 %-дан аспауы керек.

Өсу дәуірінің ұзақтығы (көктеп шыққан кезден толық піскенше) арпа сорттарының ерекшелігіне және өсіру агротехникасы деңгейіне байланысты. Астық тұқымдас дақылдардан арпа ертерек піседі.

Сорттың шаруашылық бағалығы және белгілі аймақта өсірілуі, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы мен анықталады,негізінде жеке этаптың даму сипатына байланысты.Фенологиялық бақылаудың нәтижесінде сорт үлгісі 3- топқа бөлінеді.Ерте (60-65 күндей); ерте пісетін (71-79); орташа пісетін (80-82).Ерте және ерте пісетін сорт үлгілері әртүрлі экологиялық – географиялық шығу тегі бар сортүлгілері бар.

3.2 Ауыспалы егістегі орны. Күріш ауыспалы егістігінде арпаны күріштен кейін орналастыруға болады.Арпа топырақ ылғалын өзінің өсу кезеңінің алғашқы жартысында пайдаланады. Күріш ауыспалы егісінде дақыл орналастыру ұсыныстарында арпаны мелиоративтік танаптарда орналастыру көзделген, себебі арпаны көп жылдық бұршақ тұқымдас дақылдарға жабында дақыл ретінде және таза күйінде егуге болады (6-кесте).

6-кесте. Жаздық арпаны күріш ауыспалы егістігіне орналастырудың жаңа сызбасы

1- нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа
Арпа +жоңышқа Арпа +жоңышқа Арпа +жоңышқа
2.Жоңышқа екінші жылғы 2.Жоңышқа екінші жылғы 2.Жоңышқа екінші жылғы
3.Жоңышқа үшінші жылғы 3.Жоңышқа үшінші жылғы 3.Жоңышқа үшінші жылғы
4. күріш 4.күріш 4.күріш
5. күріш Әртараптану дақылдары 5.күріш
6.Арпа +түйе жоңышқа 6.күріш 6.Арпа +түйе жоңышқа
7. Түйе жоңышқа екінші жылғы 7.Арпа +түйе жоңышқа 7.Көк тыңайтқыш+күріш
8.күріш 8. Көк тыңайтқыш+күріш 8.күріш
Арпа -25 % Күріш -37,5 % Көп жылдық шөптер -37,5 % (62,5 %) Арпа -25 % Күріш -37,5 % Көп жылдық шөптер -25 % (50 %)   Арпа -25 % Күріш -37,5 % Көп жылдық шөптер -25 % (50 %)  

Ауыспалы егістің бірінші және үшінші нұсқаларында арпа 1-ші және 6-шы танапқа ал екінші нұсқада -1-ші және 7-ші нұсқаларда орналастырады. Арпа егісінің көлеміне, топырақ климат жағдайы және орналасатын жерге байланысты жоғарыдағы нұсқаларға орналастыруға болады.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, өндіріске енгізілген ауыспалы егіс үлгілеріне (2,3 нұсқалар) қара шірінді мөлшерін өз деңгейінде ұстап түру үшін № 2 ауыспалы егістің 5,7 — танаптарына, ал № 3 ауыспалы егістің 7-танабына гектарына 30-40 тонна мөлшерінде шіріген көң беру керек. Біріншіден, бүгінгі таңда мұндай көлемде кең табу қиынға соғар еді, екіншіден, ауыспалы егістің тиімділігі, топырақтың құнарлылығы мен экологиялық жэне мелиоративтік жағдайы жылдан жылға төмендей түсетіні сөзсіз. Сол себептен, игерілген ауыспалы егіс үлгілерінде (2,3 нұсқалар) қара шірінді мөлшері 1,00 пайыздан 0,86 және 0,94 пайызға кеміп отыр. Ал, ұсынылып отырған перспективалы үлгілерде (4,5 нүсқалар) қара шірінді деңгейі тиісінше 1,03 және 1,10 пайызға дейін көтерілді.

3.3 Арпа топырағын өңдеуКүрішті жинап болған соң (қыркүйек айының үшінші онкүндігі, қазан айының бірінші және екінші онкүндігінде) сүдігерді 25-27 см тереңдікте жыртады. Егер атызда арамшөптер көп болған жағдайда сыдыра жырту жұмысы міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Сүдігер жырту сыдыра жыртумен тікелей байланысты. Арам шөптердің сыдыра жыртудан кейін шыққан көгі сүдігер айдаумен құртылады, сөйтіп егіндік арам шөптердің негізгі массасынан тазартылады. Сондықтан сүдігер жыртуды кешеуілдетуге яғни сыдыра жыртқаннан кейін шыққан арамшөптер дамып, олардың тұқымдары пісіп, тағы да төгіліп үлгіретіндей уақытқа кешіктіруге болмайды.

Топырақты сүдігерге арнап арам шөптердің негізгі массасы көктеп шыққаннан кейін, яғни егіндік солармен көгере бастасымен-ақ жыртқан бәрінен де жақсы.

Сүдігер жыртқан кезде топырақтың үстіңгі нығыздалған және тозаңданған қабаты астына түсуі керек те, ұсақ кесекшелер құрылымды қабат үстіне түсуі тиіс.

Сүдігерді айдалған егіндік жер қысқа қарай әдетте сол жал-жал күйінде қалдырылады, яғни тырмаланбайды.

Ерте көктемде, тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабаты қопсытылады, оның беті тегістеледі кесектер ұсатылады. Мұнымен топырақтың үстіңгі қабатындағы арамшөптерді жою, және топырақта жиналған судың босқа шығын болмауын, оның артық буланбауын сақтайтын бүркеніш қабатқа айналдыру үшін екі бағытта тырмалайды. Мұның үстіне қопсыған топырақ оңай қызады және ауаны жақсы өткізеді, ал өсімдіктер үшін азық даярлауға қатысатын топырақ микроорганизмдерінің тіршілік әрекетін күшейту себепші болады.Арпаны егер алдында (Д-719, ПА-3 ) тегістегіштерімен тегістеу жұмысын жүргізілуі керек. Сонан соң минералды тыңайтқыш беріледі. Азот 90 кг/гектарына фосфор 90 кг/ гектарына мөлшерден береді. Тыңайтқышты 16-18 см тереңдікке қайырмасы жоқ соқамен топыраққа сіңіреді, немесе чизелді культиватормен (КЧН-4,0), немесе дискілі тырмамен (БДТ-3, БДТ-7) қолдануға болады. Топырақ бетіндегі қатты кесектарді ұнтауға 2 бағытта тармалауға да болады.

3.4 Тұқымды себуге даярлау, себу мерзімі және себу әдісіАрпадан мол өнім алу үшін тұқымды алдын ала даярлау керек , ең жақсы дәнді сұрыптап алу және оны сақтауды қамтамасыз ету қажет.Әрбір сорт өзінің қасиетін, дұрыс өсірген кезде ғана көрсете алады.

Агротехникалық шаралар дұрыс жасалмаған жағдайда сортта өнімді аз береді. Себуге арналған тұқымдар белгілібір кондицияға, немесе стандартқа, яғни сапалылықтың белгіленген қатаң нормасына сай болуы керек. Себер алдында тұқымның өнгіштік қасиетін анықтау, өсу энергиясы және тұқымдағы микрофлора қағаз рулон әдісі арқылы анықталды.

Дәнді рулонда өсіру үшін 2 қабат залалсыздандырылған су тартқыш қағаз 20х105 см. алып жоғары жиегіне жақын жерден карандашпен 6 см қашықтықтан сызық сызып, дәнді қоятын орынды алдын-ала белгілеп алады. Сонан соң қағазды залалсыздандырылған сумен ылғалдап, дәннің арасын 2 см етіп, ұрық қабын төменгі жағына қаратып 100 дана –тұқымды қағаздың үстіне орналастырылды. Тұқымның сыртынан 3 қабат етіп суланған лента 20х105 см сонан соң тұқым бар жолаққа коррекс немесе пергамент қағазын жауып рулонды орап сыртын жіппен байлап қояды. Рулонды шыны ыдысқа, немесе пластикалық бөтелкенің ішіне жоғарғы жағын бірдей етіп кесіп, бірдей мөлшерде су құйып бөлме ішіне терезе алдына қояды, температура 20-25ºС-та 7-8 тәулікке қалдырады, ең соңғы мерзімі 15 тәулік.

Дәннің микрофлорамен зақымдалуын есептеу келесі шкаламен бағаланады.

0- сау өскін, саңырауқұлақ жіпшелері жоқ;

1- балл- жақсы өскен өскін, тұқымда және өскінде әлсіз саңырауқұлақ жіпшесі қуысты, қонымы бар;

2- балл- тұқымда саңырауқұлақ қонымы тығыз, өскіннің өсуі нашарлаған, өскіннің ұлпасы әлсіз қарайған, сызықша немесе ұсақ дақ тәрізді;

3- -балл- өскін қисайған, ұлпа шіріген, түгел дақ басқан

4- балл- дән өсу кезінде шіриді және өліп қалады. (3-кесте)

Арпа – ерте пісетін жаздық дақыл. Себуді кешіктірген жағдайда сирек болып шығып өнім көп төмендейді. Қазақстандық Арал өңірі жағдайында арпаның масақтану –пісу кезеңінде байқалатын жаз айларындағы аптап ыстықтан (35-45 ºС) «қашу! Үшін бұл дақылды мүмкіндігінше ерте сеуіп, тұқымды 5-6 см тереңдікке сіңіру керек.

Арпаны себудің қолайлы мерзімі Қызылорда облысының оңтүстік аймағында (Жаңақорған, Шиелі аудандарында) арпа тұқымын наурыздың бірінші және екінші онкүндігінде, орталық аймақта (Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында) наурыз айының екінші, үшінші онкүндігінде, солтүстік аймақта (Қазалы, Арал аудандарында) наурыз айының үшінші онкүндігінде, сәуір айының басында сепкен дұрыс.Себудің ең жақсы тәсілі –тар қатарлы немесе қарама-қарсы әдістемелер.

Күріш ауыспалы егісінің тұзды топырағында жоғары өнім беретін арпаның қалыңдығы 240-250 өсімдік бір шаршы метрде масақтану кезінде болуы керек. Өнім беретін сабақтары 500-550 дана біршаршы метрде болады. Арпаның мұндай өнімділігі егістікте 5 млн. өнгіш тұқым сепкенде және азот 90,фосфор 90+ азот 30+фосфор 30 кг./га мөлшерде әсерлі зат енгізуге болады [9] .

3.5 Арпа сорттарын өсіру технологиясы, егістігін күтіп баптауТәжірибе алаңында тұқым себуге дайындық сәуірдің бірінші он күндігінде басталады. Көктемгі жер жырту жұмысын МТЗ – 80 тракторымен, бескорпусты соқамен жыртады және топырақты тырмалау, фрезерлеу (өңдеу) жұмыстары, сонымен қатар тәжірибе алаңын бөлу және қоршау жұмыстары жүріледі.

Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru 1 сурет 20-25 см тереңдікте жырту Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru   Фрезерлеу (өңдеу)

2012 жылдың көктемі өте өзгергіш болып келді: көктемнің басы ерте дақылдарды себуге сәйкес келді, суық күндер жалғасып, қатқақ суық 6 – 8 ºС болды. Осыған байланысты бізге тұқым себу мерзімі сәуірдің үшінші он күндігіне ауысты. Тәжірибелер 25 – 27 сәуірге қойылды. Тұқым себу маркердің қөмегімен қолмен, арпаның қатар аралары 15 см. Арал өңірі жағдайында көктемде салқын жел үздіксіз соғып, топырақ бетін кептіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан тұқым себілгеннен кейін бұдырлы катокпен нығыздаған-міндетті агротехникалық шараның бірі. Нәтижесінде төменгі ылғал дәндер орналасқан жоғарғы қабатқа көтеріліп, тұқымның біркелкі жиі болып, көктеп шығуына жағдай жасайды.

Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru

2 сурет

Күріштің суарылмалы жүйесінде тұқым себер алдында топыраққа тыңайтқыш еңгізу.

Біздің жағдайда тұқым себуді баптаудың бірден – бір басты шаралары құстардың бүлдіруінен қорғау үшін торлар орнату, бұл тұқым сепкеннен кейін бірден орнатылады. Бұл ерте дақылдарға (сәуірдің бірінші, екінші онкүндігіне) жатуына және институттың стационары тек қана бір атызда өсірілуіне байланысты, ал күріш себу мамырдың ортасында басталады.

Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru

3 сурет

Құстардан қорғау торларын орнату

Аралмаңы жағдайында себу жұмыстарының кешігуінің басты шектеулі факторлары ылғалдың жетіспеушілігі, аңызақ пен ауа температурасының өсу салдарынан болады. Осыған қарамастан толық жеткілікті егін алынды, бірақ онтогенезаның алғашқы кезеңінде ауаның температурасы 35 ºС – қа дейін жетіп, топырақ бетінің төменгі қабатында жатқан тұздардың көтерілуіне келіп жетті. Осы кезде аздап жауған жауын шашынның мөлшері жылдамдығы 20 м/с болатын күшті желмен ауысып, тұзды қабыршық пайда болуына әкеліп соғады. Бұл күтпеген, тілемеген факторлар диверсификациялық дақылды өсімдіктердің жапырақтарының тургорының төмендеуі, жапырақтың сарғаюы мен кебуі, кейде өз биіктігіне сай болмауы сияқты кері әсерін тигізді.

Осы жылғы тұқым себу кезінен басталған аңызақ, түтікшелену кезеңінің басына дейін жалғасқанын айтқым келеді. Осыған байланысты өсімдіктерді міндетті түрде баптау, түзілген қабыршықтарды жою мақсатында және егінді бір жолда арамшөптерден (тары, түйнек қамыс, қант қамысы) тазалау, қатар аралық топырақты қопсыту, гербицидтерді қолдану іс – шаралары жүргізілді. Осы кезеңнің жұмысының негізгі мақсаты – егін көгін арамшөптерден тазарту, топырақтың қопсуына қолдау жасау.

Мамырдың екінші онкүндігінде күріш дақылдарын себу және суару суларын жіберілуі, көрші чектегі жерасты суларының көтеріліп, тамыр жүйесі арқылы суарылатын арпа суарылып, бірден – бір топырақтың құрғаустрессті факторларын жояды. Осыдан кейін өсімдіктің өсуі мен дамуы қалпына келіп, жапырақтың тургоры көтеріліп, сағаю белгілері жойылады.

Қазақстандық Арал өңірінде қалыптасқан экологиялық ақуал кезек күтпейтін шараларды қабылдауды және өсімдіктің биологиялық мүмкіншілігін қамтамасыз ету, өнімділігін арттыру, топырақ тұздылығын және арамшөптермен ластануын кемітіп, құнарлығын арттыруға бағытталған ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа ресурсүнемдегіш аймақтық технологияларын әзірлеуді қажет етеді.

Арал өңірінде аудандастырылған сорттар - student2.ru Қатарараларын қопсыту арқылы тұзды қабыршықты жою   А 4 сурет Б А – қатар араларын қобсытқаннан кейін; Б – тұды қабыршықтың түзілуі.  

Қазақстандық Арал өңірінде ауылшаруашылық өндірісінің дамуын талдай келе келешекте ол бұдан да қиын жағдайда, яғни су, энергетика шикізат көздерінің, материал, финанс ресурстарының жетіспеуі жағдайында жүргізіледі деп күтілуде. Себебі аймақта жылдан жылға халық саны өсіп келеді, ал топырақ қабаты керісінше тұзданып антропогендік шөлейтке айналуда. Ауылшаруашылығының бұл саласын тұрақты, қарқынды дамытудың бірден-бір және негізгі бағыты диверсификациялық дақылдардың егістік алаңын ұлғайту болып табылады. Бұл дақылдарды өсірудің басты ерекшелігі күріш ауыспалы егіс жағдайында алдын – ала суаруды өткізбестен тұқым себу, сонымен қатар күріштен кейін топырақтың табиғи ылғалдығы жоғары егін көгін алуға, суару шығынын азайтуға толық мүмкіндік береді. Арпа ресурсүнемдегіш технология жағынан алғанда өте бағалы, күріш дақылынан кейінгі топырақтың ылғалдылығын пайдалану арқасында суды үнемдейді,ешбір суарусыз жоғары дән өнімділігін қалыптастырады. Сондай-ақ арпа белсенді алғы дақылды да қажет етпейді, басқа дәнді дақылдарға қарағанда арпа құрғаққа шыдамды және сортаң топырақты жерлерді игеруші дақыл болып табылады.

Республиканың қолайсыз аймақтарындағы қамтамасыз ететін мәселелер күріш және басқа дақылдардың экологиялық таза өнімдері, ауылшаруашылығы дақылдарының себу құрылымын, яғни күріш ауыспалы егіс сызбанұсқасын өзгертуді талап етеді.

Қызылорда облысының шаруашылықтары соңғы жылдары дәстүрлі емес және толық зерделенбеген дақылдар оның ішінде арпа дақылын өсіре бастады. Аймақтың топырақ – климат жағдайы бұл дақылдардан жөғары өнім алуға, сонымен қатар малшаруашылығы жүйесінде азықтандыру базасы және өсімдік ақуызы мәселелерін шешеді. Бұл аймақта күріш және мал азықтық ауыспалы егісінде берілген дақылдарды өсіру тәжірибесі жеткіліксіз. «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС - гі агротехнология бөлімінде жүргізілген зерттеулер мақсаты диверсификациялық дақылдармен себу құрылымын өзгерте отырып, экологиялық таза күріш алу мәселелерін шешу болып табылады. Тұзданған жерлерді дұрыс игеру, тұздануға төзімді дақылдарды таңдаумен агромелиоративтік әдістерді дұрыс қолданған жағдайда ғана мүмкін.

Осыған байланысты күріш ауыспалы егісіндегі диверсификациялық дақылдардың өнімділігін қалыптастыруда әртүрлі мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың әсері Арал өңірі жағдайында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тыңайтқыштардың түріне, мөлшеріне, енгізу мерзімі мен тәсіліне, оларды ара қатынасына және топырақ-климат жағдайларына байланысты олар өсімдік өнімділігіне түрлі әсер етеді және әсер ету мерзімі де әртүрлі. Топыраққа енгізілген тыңайтқыш ең алдымен, қоректену режиміне, өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер етеді.

7 кестеде көрсетілгендей арпа сорттарының өңгіштігіне минеральды тыңайтқыштар әсері мен елеулі айырмашылық болған жоқ, тек N90P90 нұсқасында бақылау нұсқасына қарағанда өнгіштік біршама жоғары болды 1 -1,3 %. Өсімдіктердің өміршеңдігі немесе сақталуы дақылдардың қатаң табиғат жағдайына бейімделуінің бірі. Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде өсімдіктер тұздылыққа өте сезімтал, ал тұздылық Арал өңірінде тежеуші факторлардың бірі болады, себебі өсімдіктердің көп бөлігі тамыр жүйесі арқылы судың келуі азайғаннан өліп қалады. К. Шермағамбетов, Л.А.Тохетованың зерттеулерінде [10] өсімдіктің өміршеңдігі арпада 88 % болғаны анықталды. Ал біздің зерттеулеріміз минеральды тыңайтқыштар өсімдіктердің сақталуына оң әсер екенің көрсетті. Мысалы, Сыр Аруы сортының өміршендігі 92,8 %-дан (бақылау нұсқа) 99,4 % -ға (N90P90) дейін көтерілді. Жалпы арпа сорттарының бұл көрсеткіш бақылау нұсқасымен салыстырғанда 6,0 – 6,6 % пайыз жоғары болды.

7-Кесте. Минералды тыңайтқыштың арпа сорттарынын өміршеңдігіне әсері, 2012 ж.

Тәжірибе нұсқасы   Сорттар Өсімдік саны, дана /м² Өнгіштігі, % Жинау алдындағы өсімдік саны, дана/м² Өміршеңдік қасиеті, %
1. N0 P0;     Әсем, st 254,4 63,6 234,6 92,2
Сәуле 251,9 62,9 231,4 91,9
Сыр Аруы 275,5 68,9 255,8 92,8
2. N60   Әсем, st 252,0 63,0 234,1 92,9
Сәуле 254,7 63,7 234,3 91,9
Сыр Аруы 278,2 69,6 256,8 92,3
3. N60 P60;   Әсем, st 255,0 63,8 244,0 95,7
Сәуле 250,5 62,6 243,3 97,1
Сыр Аруы 279,3 69,8 270,2 96,7
4. N90P60;   Әсем, st 257,3 64,3 247,0 96,0
Сәуле 255,5 63,9 248,8 97,4
Сыр Аруы 275,0 68,8 268,5 97,6
5.N90P90   Әсем, st 258,7 64,7 256,0 98,2
Сәуле 256,2 64,1 254,7 99,4
Сыр Аруы 278,9 69,7 277,3 99,4
НСР05   1,18 1,05 1,26 1,12

Атап кету керек, негізгі тыңайтқыш ретінде Р60 мөлшерде фосфор тыңайтқышын енгізгенде өміршендігі жоғарлағаны байқалады. Екінші және үшінші нұсқадағы өміршендігін салыстырғанда олар тек фосфор тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты ажыратылады яғни өміршендігін жоғарлағанын көреміз: Әсем сорты – 2,8 % дейін өскен, Сәуле сорты - 5,2 % және Сыр Аруы – 4,4 % көрсетті. Яғни осыдан көруге болады дәл қазіргі кезде күріш жүйесінде топырақтың фосфор тыңайтқышына қажеттілігі өте жоғары. Бірақта бізге белгілі көптеген күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар экономикалық жағдайларына байланысты жиі фосфор тыңайтқыштарын мүлдем енгізбейді немесе жеткіліксіз. Осыған байланысты азот пен фосфор арасындағы арақатынас өзгеріп отырады.

Осы жылдың ыстықтығына байланысты арпаның вегетациялық кезеңі өткен жылдарға қарағанда 7-8 күндей қысқа болды.Себебі күндізгі температура жазда 40-43ºС жоғарылады. Арпаның өсу фазасын фенологиялық бақылау тек температураға ғана емес,минералды тыңайтқыштардың мөлшеріне де байланыстылығын көрсетті (кесте 8). Жаздық арпаның дамуының фенологиясы нұсқау бойынша келесі 7 кестеде көрсетілген.


Тәжірибе нұсқасы Сорттар өсу фазасы кезеңі  
себу көктеу түптену сабақтану масақтану толық пісу барлық күн
1. N0P0     Әсем, st 18.IV 27.IV 08.V 22.V 01. VI 06. VII
Сәуле 18.IV 27.IV 07.V 22.V 01. VI 05. VII
Сыр Аруы 18.IV 25.IV 06.V 24.V 03. VI 01. VII
2. N60   Әсем, st 18.IV 27.IV 07.V 23.V 03. VI 08. VII
Сәуле 18.IV 27.IV 06.V 23.V 03. VI 06. VII
Сыр Аруы 18.IV 25.IV 05.V 25.V 05. VI 03. VII
3. N60P60 Әсем, st 18.IV 27.IV 05.V 24.V 04. VI 10. VII
Сәуле 18.IV 27.IV 04.V 23.V 03. VI 08. VII
Сыр Аруы 18.IV 25.IV 04.V 26.V 07. VI 05. VII
4. N90P60   Әсем, st 18.IV 27.IV 05.V 26.V 06. VI 12. VII
Сәуле 18.IV 27.IV 04.V 25.V 05. VI 09. VII
Сыр Аруы 18.IV 25.IV 04.V 27.V 07. VI 05. VII
5.N90P90   Әсем, st 18.IV 27.IV 05.V 27.V 08. VI 13. VII
Сәуле 18.IV 27.IV 04.V 25.V 06. VI 09. VII
Сыр Аруы 18.IV 25.IV 04.V 29.V 09. VI 07. VII

8-кесте. Жаздық арпаның даму фазасы минералды тыңайтқыштардың мөлшеріне байланыстылығы, 2012 ж.

Арпаның алғашқы көктеу кезеңі сепкен соң 9 күннен кейін, сонан соң 9 күнде толық көктеу кезеңі анықталды, минералды тыңайтқыш әсері айтарлықтай байқалған жоқ. Бырақ түптену, сабақтану, масақтану және пісу кезеңдерінде әсері байқалды. Кестеде көрсетілгендей 3,4,5 нұсқаларда түптену фазасында өсімдікте үш жапырақ пайда болу ерте болды.

Арпаның өсуінің алғашқы кезеңдері жабынды дақыл ретінде маңызды екені байқалды, ал фосфор тыңайтқышын енгізу арпа өсімдігінің тез және қарқынды өсуіне жағдай жасады. Ол әрине көпжылдық шөптердің жақсы дамуына, оларды ң көлеңкелеуіне жағдай жасаумен қатар тікелей түскен күн көзінен қорғайды және топырақ бетіне тұздың көтерілуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар минералды тыңайтқышты әсіресе фосфорды, енгізу түптену және сабақтану фазаларын 7-8 күнге ұзартып генеративті мүшелерінің қалыптасуына көмектеседі.

Арпаның 3,4,5 нұсқаларында масақтану 3-7 күндей бақылау нұсқасына қарағанда кейін болды, яғни арпаға тыңайтқыш енгізу дәндегі құрғақ заттарды жинауға кері әсері болған жоқ.

Наряду с формированием оптимального стеблестоя на засоленных почвах особое значение имеет интенсивность начального роста ячменя, в частности, при использовании его в качестве покровной культуры для многолетних трав. Следовательно, в условиях засоления в формировании потенциала общей адаптации сорта решающая роль принадлежит начальным этапам онтогенеза. Наши исследования показали, что внесение минеральных удобрений способствовало интенсивному отрастанию растений, в частности, в фазе кущения, что создавало лучшие условия для роста и развития многолетних трав, затеняя их от прямого попадания солнечных лучей, а самое главное препятствовало поднятию солей на поверхность почвы из низлежащих слоев вследствие высокого испарения, а также равномерному протеканию последующих фаз развития. В целом, с увеличением дозы минеральных удобрений происходило удлинение вегетационного периода на 4-7 дней, в зависимости от сортов.

Наши рекомендации