Курстың академиялық тәртібі мен этика саясаты
Жер ресурстарын басқару
Пәні бойынша оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал-2016 ж
«БЕКІТЕМІН» | «КЕЛІСІЛДІ» | ||
ИТФ деканы Кадыргалиев Н.М. | КӘС жетекшісі Кенесарина К.Х. | ||
______________ | ___________________ | ||
«___»_______20 _ ж. | «___» _______20 _ ж. |
Құрастырушы: аға оқытушы Бегайдарова К.Д.
Экология және биотехнология кафедрасы
109 кабинеті
Кредиттер саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ – 15 сағат
СӨЖО – 22 сағат
БӨЖ – 68 сағат
Тексеру түрі – емтихан
Барлығы – 135 сағат
« » ___________________ 20 ж. кафедра отырысында талқыланды, № хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Байтлесова Л.И.
1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Бегайдарова Калампыр Дуйсенбаевна- экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы.
2. Өткізу орны және уақыты:
Өткізу уақыты: 3,6 семестр 2016-2017 оқу жылы.
Өткізу орны: Орал қаласы, Ықсанов 44/1 көшесі, 109 кабинеті, уақыты: сабақ және ОӨЖ кестесіне сәйкес өткізіледі.
Пререквизиттері және постреквизиттері
Пререквизиттер: жер қатынастары және кадастр тарихы
Постреквизиттер: жерге орналастыруды жобалау
Курс туралы мағлұмат
«Жер ресурстарын басқару» - міндетті компонент
Курстың мақсаты : жер ресурстарын басқарудың өзекті сұрақтары, пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.
Пәннің міндеті: жердің қызметі, басқару объектісі және ресурсы, жер қорын басқарудың экономикалық принциптері мен міндеті. Жерді қорғау және экономикалық бағалау сұрақтары қарастыру, жерді пайдалануды болжаудың кешенді әдістері ұсынылады. Ауылшаруашылық өндірісінде жерді ұтымды пайдалану және жерді иеленудің жобалау.
Пәннің мазмұны: Кіріспе. Пәннің мақсаттары мен міндеттері . Жер ресурстарын басқару. Жер негізгі ресурс және басқару объектісі ретінде. Жердің әлеуметтік маңызы және саяси – экономикалық аспектісі. Жер қатынастарын реттеу. Қазақстан Республикасында жер реформасының дамуы. Жер реформасын реттеу бойынша экономикалық механизмдерді дамыту:жерді бағалау,жер салығы, жалгерлік төлем ақы, жер нарығы, несиелеу. Тиімді жер пайдаланудың негізгі бағыттары. Жерді басқарудың мәні,міндеті, функциялары мен қағидалары. Жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалануды кешенді шешу сұрақтары. Жерді пайдаланудың салық өзгешілігің зоналығын ескеру. Жерді бағалау:жалпы, жеке,салыстырмалы экономикалық. Негізгі көрсеткіштер-өнімділігі,шығынның өтелуі,дифференциалдық пайда, жеке бағалау үшін түсімділігі. Жерді бағалаудың ақшалай функциясы. Жерді экономикалық қорғаудың мәні. Ресурстық және аумақтық болжамдау. Жерге орналастыру жобаларындағы жер ресурстан басқару сұрақтары.
Курсты оқу барысында студенттер:
Білуі керек:жер ресурстарын басқаруды, міндеті және қызметі, әдісі және принциптері,
Істей білуі:Қазақстан Республикасында жер қатынастарын мемлекеттік реттеу әдістерін, жер ресурстарын пайдалануды жобалау және жоспарлау
Дағдысы болуы:жерді кадастрлық және нарықтық бағалауында, жерге орналастыруды жобалаудың жаңа әдістері мемлекеттік жер кадастрын жүргізуде.
Құзыретті болуы керек:жерді қорғау және ұтымды, тиімді пайдалануға мемлекеттік
бақылауды жүргізуде.
5. Баға туралы ақпараттар:
Баға жөнінде мәлімет:
Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудитория лық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау (аудитория дан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырма лары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің өздік жұмысы (бұдан әрі - ОӨЖ), аралық бақылау) 100 баллдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылау дың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Дисконт:
1. 1 сабақ қалдыруы – (-10 балл)
2. 1 тапсырманы орындамауы - (-10 балл)
3. Жұмысты уақытылы тапсырмауы - (-10 балл)
4. Сабақтағы кері ұйымдастыру мінезі - (-10 балл)
Бонус:
1. Жақсы жұмыстануы - 10 балл
2. Жауаптың нақтылығы - 10 балл
3. Жұмыстың ерте орындалуы - 10 балл
Курстың академиялық тәртібі мен этика саясаты
Курстың академиялық тәртібі:
1. Сабақ жібермеу, ауырған кезде медициналық анықтама әкелу.
2. Жіберген сабақтарды оқытушы белгіленген уақытта тапсыру.
3. Оқу процесіне белсенді қатынасу.
4. Жеке тапсырмаларды тиянақты және ұқыпты орындау.
Сабақ кезінде студенттерге мынадай талаптар қойылады:
1. Сабаққа кешікпей келу.
2. Сабаққа университеттің ішкі талаптарына сай киініп келу.
3. Сабақ кезінде сағыз шайнамау.
4. Ұялы телефонды сөндіру.
5. Сабақ өткізуге кеселдік жасамау.