Жұмсалымы бюджетін оңтайландыру.
Инвестициялық жобаның ақша ағымдарын болжау
1.Ақша ағымдарын бағалау
2.Ақша ағымдарын сипаттаушы негізгі түсініктер
3.Кәсіпорынның ақша ағымдарын жіктеу
4.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
5.Теңсіздік мерзімінде әрекет жасаушы жобаларды бағалау
1. Ақша ағымдарын кәсіпорын жұмысындағы рөлін,орнын және экоромикалық табиғатын зерттеу Қазақстан қаржылық менеджментінде жаңа бағыт болып саналады.Шетелдердің корпорацияларында ақша қаражаттарының бағытын басқару- қаржы директорларының (бас қаржы менеджерлерінің маңызды жұмыстарының бағыты болып есептелінеді).
Нарықтық экономикада Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында ақша қаражатының қозғалымына жүйелі есептеу,талдау және басқаруды жүргізу олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ақша ағымдарын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
а)- тауарларды сатудан (қызмет көрсетуден) түсім
б)- пайда
в)- ақша қаражаттарының ағымы
Аталған көрсеткіштердің абсолюттік мөлшері және олардың жыл басында серпінді өзгеруі кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (жыл,квартал,ай) жұмысының нәтижелілігін сипаттайды.Бірақта созылмалы төленбеген төлем жағдайында,кәсіпорнға әзтүрлі жұмыстың бірінен түсетін,ақша қаражаттарының ағымының маңызы бар.
Ақша қаражатының түсімінің,кәсіпорынның төлемінен артуы,кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы дамуына қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі.Бұл артықшылықтың ерекшелігі сонда,кәсіпорын бас ақша қаражаттарын қосымша табыс алу мақсатымен,бизнестің табысты саласына салуға мүмкіндік тудырады.Сонымен қатар тұрақты ақша қаражатының болуы,ағымдағы төлем қабілеттілігін белгілі деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Кәсіпорынның қардылық-шаруашылық жұмысын сипаттаушы,ең маңызды түсініктерге жататындар келесілер:
1.Тауарларды сатудан түсім
2.Сатудан пайда
3.Ақша қаражаттарының түсімі (тауарларды сатудан түсім,аванс алу,кредиттер және заимдар алу,қаржылық салымдардан пайыздар және дивиденттер алу)
4.Ақша қаражаттарының шығысталуы және инвестициялануы
5.Таза ақша қаражатының түсуі (барлық ақша қаражаттарының түсуі мен төлемнің айырмашылығы).
Кәсіпорында ақша қаражаттарын басқару саясаты жасалынады,мұндай саясаттың нәтижесі келесідей:
банктегі шотта және кассада қажетті мөлшерде ақша қаражаттарының қалдығы болуы қажет
кәсіпорында сондай активтер және пассивтер балансының құрылымын қалыптастыру керек.Нәтижесінде оларкәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,төлем қабілеттілігін жыл бойы қамтамасыз етеді.
Сонымен ақша ағымы – бұл есепті және жоспарлы кезеңдегі кәсіпорынға түсетін және төленетін ақша қаражаттарының көлемі.
Ақша қаражаты қаржылық экономикада ең дифициттік ресурс болып есептелінеді,кәсіпорынның табыстылығы көп жағдайларда оның басшыларының қабілеттілігіне ,ақша қаражаттарын тиімді пайдалануына байланысты.
Ақша ағымдарын басқару келесі шиеленістерді қамтиды:
ақша қаражаттарының қозғалымын есептеу
бар ақша ағымдарын талдау
ақша қаражаттары қозғалымы бюджетін жасау
ақша қаражаттары қозғалымының бюджеті
Бұл басқару кәсіпорын жұьысының маңызды бағыттарын,айналымнан тыс және айналымдағы активтерді,меншікті және қарыз капиталын басқаруды қоса қамтиды: (сурет......)
Айналымнан тыс активтер Меншікті капитал
Материалдық
өндірістік АҚША ҚАРАЖАТЫ Кредиттер және
қорлар заимдар
Дебиторлық Кредиторлық
Қарыздар қарыздар
Сурет: кәсіпорындағы ақша қаражататрының қозғалысы
Демек,инфляция және кризис жағдайында ақша қаражатын басқару кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ең бір актуалды міндетінің бірі.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпорын жұмысын бақылауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
«Ақша ағымдары» түсінігіне анықтама келтіңіз.
Ақша ағымдарын басқару міндетін және мақсатын атаңыз.
2.Кәсіпорындағы ақша ағымдарын жіктеу
Жиынтықты ақша ағындары,сондай ақ оның жекелеген элементтері қаржыны басқару объектісі ретінде қаралады.Кәсіпорында ақша қаражаттарын ұтымды басқрудың маңыздылғы келесі жағжайлармен анықталады:
ақша ағымдары-шаруашылық жұмыстарын барлық түрлеріне қызмет етеді
оларды ұтымды қалыптастыру-өндірістік және қаржылық кезеңдердің ырғалықтығын қамтамасыз етеді
ақша ағымдарын ұтымды басқару-қаржылық тепе-теңдікті және стратегиялық дамуды сақтайды
ақша ағындарын мақсатты бағытпенен басқару-қарыз капиталына қажеттілікті кредитор қарызға қызмет ету шығындарын қысқартады
ақша ағындарын басқару-айналым капиталын жылдамдатудың маңызды құралы болып есептелінеді
ақша ағындарын басқару-ағымдағы және болашақ кезеңдегі төлем қабілеттілігінің тәуекелін азайтуды қамтамасыз етеді
ақша ағындарын басқарудың қарқынды түрі-қосымша пайда алуға мүмкіндік етеді.
Осы аталғандар ақша ағындарын арнайы басқару объектісі ретіндеқалауды талап етеді.
Жұмыс істейтін кәсіпорынға ақша ағындары
а)ағымдағы жұмыстардан
б)инвестициялық жұмыстардан
в)қаржылық жұмыстардан түседі
а)Ағымдағы жұмыстарда кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметін орындауды қамтамасыз етуге ақша қаражаттарының түсуін және қолдануын қарастырады.Ағымдағы жұмыс басты пайда көзі болғандықтан,ол ақша қаражаттары ағынының негізгісі болып табылады.
б)Инвестициялық жұмыс айналымнан тыс активтерді сатып алумен және сатумен байланысты ақша қаражаттарының түсуі және пайдаланылуы қарастырылады.Кәсіпорнның инвестициялық жұмысы үшін ақша басты көзі болып есептелінетіндер:
-ағымдардағы жұмыстардан түсім
-тартылмаған пайда
-амортизациялық төлемдер
-инвестициялық түсімдерден түскен табыс
-ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері есебінен түсімдер
в)Қаржылық жұмыс өзіне қысқа мерзімді кредиттер және заимдар немесе қысқа мерзімді сипатындағы бағалы қағаздарды шығару арқылы ақша қаражаттарының түсуін қарастыру.
Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындарының ақша ағымы – инвестициялық және қаржылық.,бағалы қағаздар пайыздарын төлеуге,капиталдың активтерді алуға және т.б.
Қазақстан Республикасының көптеген кәсіпорындарында ағымдағы жұмыстар көптеген жағдайларда инвестициялық және қаржылық жұмыстар арқылы іске асырылып жатады.Мысалы,күрделі салымдарға бітпеген объектілерді салуға қаржы бөлінбейді.
Кәсіпорынның ағымдағы инвестициялық және қаржылық жұмыстары арасындағы байланысты схема түрінде қарастыруға болады,бірақ олардың өз ерекшеліктері бар:
Күрделі активтерді сатып алуға
Пайдаланылған ақша қаражаттары
Инвестициялық қаржылық
жұмыс жұмыс
Ағымдағы (операциялық)
Жұмыс
Күрделі салымдарға бағытталған Негізгі қарыздарды
Ақша қаражаттары дивиденттер
Кредиттер және
Заимдар төлеуге
Ақша қаражаттары
Сурет Кәсіпорынның ағымдағы,инвестициялық және қаржылық жұмыстары арасындағы өзара қаьтынасы.
Есептеу әдісіне – ақша жалпы және таза ақша ағымдары болып бөлінеді.Біріншісі,барлық жиынтықты ақшаның түсімдерін және қозғалған кезеңдегі уақыттағы ақша қаражатының төлемін қарастырады.Ал таза ақша ағындары түсімнен және қозғалағн кезеңдегі ақша қаражатыныңкөлемінің айырмасын көрсетеді.Таза ақша ағымының мөлшерін келесі формула арқылы есептеледі:
Таа-Ек атс – Ек акт
Мұндағы:Таа – таза ақша ағымы
Ек атс – есептеу кезеңіндегі ақша түсімі сомасы
Ек акт – есептеу кезеңіндегі ақша қаражатының төлемі
3.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін қажеттілер:
белгілі уақытқа (ай,маусым,жыл) олардың мөлшері
олардың негізгі элементтері
қозғалған кезеңдердегі ақша ағындарының жалпы көлемін тарату
ақша ағындарын қалыптастыруға әсер етуші ішкі және сыртқы сипаттағы факторлар.
Тәжірибеде ақша ағымдарын есептеудің екі әдісі қолданылады:
тура
жанама
Тура әдіс – экономистер және қаржыгерлер түсінігі.
Кәсіпорын ақша қаражатының қозғалымы маусымдық есептеу түрі тура есептеу әдіске негізделген.
Ұзақ мерзімді болашақта аұша ағымдары мөлшерін тура есептеу әдісі кәсіпорын өтімділік деңгейін бағалауға мүмкіндік тудырады.
Оперативтік басқаруда тура әдіс өнімдерді сатудан түсімдерді қалыптастыру процесін бақылау үшін қолдануға болады.
Аталған бұл әдістің кемшілігі сонда,ол алынған қаржы нәтижесі мен ақша қаражаттарының абсолютті мөлшерін өзгертуі өзара байланыстылықты ескермейді.
Жанама әдіс – аналитикалық көзқарас бойынша дұрысырақ өйткені алынған пайда ақша қаражатының өзгеруімен өзара байланысты анықтауға мүмкіндік тудырады.Жанама әдіспен ақша ағымдарын есептеу әдісі ақша қаражаттарының ағымын талдауға негізделгенжәне кәсіпорынның пайдасы қайдан алынған және қайда салынғандығын көрсетеді.
Жанама әдіс пайда және шығындар есебі зерделеуге негізделеді кей кезде төменгі деп атайды,ал тура тура әдіс жоғарғы әдіс деп атайды. өйткені пайда және шығындар төлем қалай пайдаланады.
Кәсіпорынның ақша қаражаттар ағындарына талдау
Талдаудың негізгі мақсаты – ақша қаражаттарын дифицит болу себебін анықтау,кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттігін ақша қаражаттарын түсімін және шығындар ағымын бақылау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – көп жағдайларда нақтылы ақша айналымына байланысты болады. Сондықтан ақша қаражаттарының қозғалымын талдау кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалауға және нақтылы қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау әдісін барынша толықтырады.
Ақша ағындарын талдауға қажетті бас құжат тура әдіс негізінде жасалған ағымының ақша қаражаттарының есебі.
Ақша қаражаттары ағымының есебі
№ | Көрсеткіштер | Сомасы | ағымдағы | инвестициялық | қаржылық |
Жыл басындағы ақша қаражаттарының қалдығы | |||||
Ақша қаражатының түсуі-барлық оның ішінде: | |||||
Тауарлар сатудан,қызмет көрсету | |||||
Негізгі құралдарды сатудан | |||||
Сатып алушыдан алынған | |||||
Бюджеттік қкаржы бөлу | |||||
Алынған кредиттер | |||||
Алынған заимдар |
Ақша ағымдарын бағалау
Инвестициялық жобаларды экономикалық жолдардың маңызды міндеті өндірілген өнімдерді сатудан пайда болатын болашақ ақша ағымының есебі.
Тек қана түсетін ақша ағымды ғана инвестициялық жобалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ете алады.Басқа сөзбен айтқанда инвестициялық шешім ақша ағымдары түріндегі табыстар мен шығындарды зерттеуге негізделіп қабылдауы тиіс.
Әрбір жекелеген инвестициялық жобаларға табыс (салық төлемдерін қоса есептегенде) туралы ақпарат қажет.Ондай ақпараттың сиаптын келесі мысалда көреміз:
Кәсіпорын жаңа технологиялық желі туралы инвестициялық жобаны қарастырады. Желінің құны (сатып алу бағасы+жеткізу+монтаж) – 30млн. Тенге.Пайдалану мерзімі – 5 жыл.Амортизациялық төлем 20 пайыз жылдық..Жабдықтарды жоюдан түскен түсім сомасы,оларды демонтаждау шығындарын жабады.
Осы желіденөнімдерді сатудан түскен түсім жылдар бойынша келесі көлемде болжамдалады:(мың тенге) 20400, 22200, 24600, 24000, 20600.
Жыл сайынғы ағымдағы шығындар келесі мөлшерде бағаланады: бірінші жылғы пайдалану шығыны 4 пайызға ұлғаяды,пайдаға салық ставкасы 40 пайыздан.
Ағымдағы шығындарда еңбек ақы,шикізат,материалдар,энергия және басқа да пайдалану шығындары есепке алынған.
Өнімдерді шығару көлемі ұлғайған сайын пайданың көлемі ғана өспей,сонымен бірге салықтың да көлемі өседі.Нақтылы аұша ағымын есептеу үшін амортизация таза табысқа қосылуы тиіс.Таза ақша ағымының түсімінің есебі келесі кестеде көрсетіледі:
№ | Көрсеткіштер | 1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші |
Сату көлемі | 20400,0 | 22200,0 | 24600,0 | 24000,0 | 20000,0 | |
Ағымдағы шығындар | -10200,0 | 10608,0 | -11032,3 | -11473,6 | -11932,6 | |
Амортизация | -6000,0 | -6000,0 | -6000,0 | -6000,0 | -6000,0 | |
Салық салынатын пайда | 4200,0 | 5592,0 | 7567,7 | 6526,4 | 2067,4 | |
Пайдаға салық | -1680,0 | -2236,8 | -3027,0 | -2610,6 | -827,0 | |
Таза пайда | 2520,0 | 3355,2 | 4540,7 | 3915,8 | 1240,4 | |
Таза ақша түсімі | 8520,0 | 9355,2 | 10540,7 | 9915,8 | 7240,4 |
Біздің мысалда ақша ағымдары жағымды