Опырылып құлаудан, көшкіннен, селден, қар көшкінінен болған төтенше жағдайларда.

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету – ол табельдік және қолда бар құралдарды пайдалана отырып, зардап шеккендерге жарақат алған орындарында құтқарушыларды, саннұсқаушылардың және құтқару бөлімшелерінің дәрігерлерінің орындайтын қарапайым медициналық іс-шараларының кешені, сондай-ақ зардап шеккендердің өздеріне өздері және өзара көмек көрсетуі

Алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі мақсаты – жарақат алғанның өмірін сақтау, жарақат салу факторының жалғасып жатқан әрекетін жою және жарақат алған аймақтан жарақат алғанды эвакуацияға дайындау.

Алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолайлы мерзімі - жарақат алғаннан кейін 30 минутқа дейін. Демалуы тоқтаған кезде оның уақыты 5...10 минутқа дейін қысқарады.

Алғашқы медициналық көмек көрсету зардап шеккен қандай жағдайда екенін, яғни өлі ме әлде тірі ме екенін анықтаудан басталады. Ол үшін келесілерді анықтау қажет:

– есінін бар екенін анықтау;

– артериядан тамырдың соғуын басып көру, ал қолдары зақымданған жағдайда – жанбас немесе ұйқы артериясынан тамырдың соғуын басып көру.

Тамырдың соғуын білектің төменгі бөлігінде алақан беті жағынан оның ортасынан үлкен саусақ жағына қарай білезік буынынан 2...3 см-ге жоғары тұсынан анықтайды. Егер бұл жерде тамырдың соғуын анықтау мүмкін болмай жатса, (мысалы, жара болған жағдайда), тамырдың соғуын мойынның бүйір жақ бетінен, иықтың ішкі жағының ортасы тұсынан, жанбастың үштен бір бөлігінің ішкі жағынан анықтауға болады;

– зардап шеккеннің демалып жатқандығын анықтау; сау адамның демалуы минутына демді 20 рет ішке татып, шығаруды жүзеге асырады, жарақат алған адам нашар әрі жиі демалуы мүмкін;

– көз қарашығының жарыққа кішіреюін анықтау, оның көлемін анықтау.

Тамыр соқпауы, демалмауы және есінен танып жатқаны, көз қарашығының жарыққа әсер етпеуі - қайтыс болғанның белгісі. Егер үш белгінің (есі, тамыр соғуы, демалуы) екі белгісі болса, көз қарашығы жарыққа әсер етсе – зардап шеккен тірі, оған алғашқы көмек көрсетіледі.

Бірінші кезекте зардап шеккеннің басын және кеудесін қысымнан босатқан жөн. Үйіндінің астында қалған аяқ-қолдарын босатқанға дейін немесе басылып қалған аяқ-қолдарын босатқаннан кейін басылған орыннан жоғары жерге жгут салу немесе қатты орап тастау қажет. Зардап шеккенді сынықтардан айырып алғаннан кейін оның денсаулығының жағдайын бағалау қажет.

Егер зардап шеккеннің халы өте мүшкіл, ессіз жатса, ең алдымен оның тыныс алу жолдарынан демнің өтуін қалпына келтіру, аузын, жұтқыншағын топырақтан, құмнан, құрылыс қоқысынан тазалау қажет, содан соң қолдан дем алуды және жүрегіне жанама түрде массаж жасау қажет. Тек зардап шеккеннің өз бетінше демала бастаған кезде және тамыр соғуы пайда болған кезде ғана оның басқа жарақаттарымен айналысуға болады.

Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде қолда бар құралдармен жгут, орағыш немесе қысып тұратын танғыштардың көмегімен жұмсақ тканьдердің жаралануы, терінің зақымдануы кезінде қанның ағуын тоқтатады, күйген немесе үсіп қалған кезде танғышпен орайды, сүйектері сынған, тканьдерінің басылып қалған, жаралап алған кезде қозғалтпауға жағдай жасайды, дененің үсіген учаскелерін қызарған пайда болғанға дейін жылытады, ауырғанын сездірмейтін дәрілер енгізеді, басқа іс-шараларды жүзеге асырады.

Су басу, су тасқыны аймақтарында.

Су тасқыны аймақтарында құтқару жұмыстарын жүргізу барысында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге басты назар аударған жөн.

Су тасқыны аймақтарында адам ағзасына екі негізгі жағымсыз фактор әсер етеді:

– тыныс алу жолдарының суға толуы;

– суда ұзақ уақыт болған кезде денесінің тонуы.

Зардап шеккенді судан алып шыққаннан кейін негізгі міндет келесі іс-шараларды жүргізу болып табылады:

– зардап шеккеннің аузын құмнан және шырыштан тазарту;

– тыныс алу жолдарын судан тазарту;

– қолдан демалдыру тәсілдерімен: ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға.

Екінші мейлінше маңызды фактор – зардап шеккенді жылыту іс-шараларын жүргізу. Адам ағзасы ұзақ уақыт бойы суда болған кезде тез суиды (ауадағыға қарағанда 20-30 есе тезірек) және қатты тону қауіпі болуы мүмкін. Зардап шеккенді судан алып шыққаннан кейін оны жылы орынға апару керек, киімін шешіп, құрғатып сүрту керек.

Ауыр әрі өміріне қауіпті жарақат алған кезде медициналық көмек көрсетуді адам жарақат алғаннан кейін алғашқы сағаттарында алғаны өте тиімді. Зардап шеккендердің өмірі үшін күресте естен тандырарлық жарақат бір сағаттан кейін қайтымсыз болуы мүмкін екенін баса ескеру қажет.

Сонымен қатар, есінен айыруға қарсы жүргізілген іс-шаралардың алғашқы 6 сағатында жүргізу өлімді 25-30 %-ға төмендетеді. Қайтыс болатындардың арасында үштен бір бөлігі баяу өледі, алғашқы алты сағаттың ішінде оларды құтқарып қалуға болады.

Су астында қалған аймақтарда зардап шеккендерге медициналық көмекті көрсету жұмыстарын үш фазаға (кезеңге) бөлуге болады:

– ұзақтығы бірнеше минуттардан бірнеше сағаттарға дейінгі су басудың басынан бастап құтқару жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізгенге дейінгі оқшаулау фазасы (адамдар қауіпті аймақтарда қалған кезде олар қараусыз қалады, бұл жағдайларда зардап шеккендер өз-өздеріне және өзара көмек көрсетуді уақытылы жүргізген маңызды рөл атқарады);

– су басу аймағынан зардап шеккендерге құтқару жұмыстарынан эвакуация аяқталғанға дейін құтқару фазасы;

– зардап шеккендерге ақыр соңына дейін жоспарлы емдеу және оңалту жұмыстарын жүргізумен қалпына келтіру фазасы.

Бірінші кезекте зардап шеккеннің басы мен кеудесін судан шығарған жөн. Зардап шеккенді судан шығарғаннан кейін оның денсаулық жағдайын бағалау қажет. Ол үшін келесілерді анықтау қажет:

– есінін бар екенін анықтау;

– артериядан тамырдың соғуын басып көру;

– зардап шеккеннің демалып жатқандығын анықтау;

– көз қарашығының жарыққа кішіреюін анықтау, оның көлемін анықтау.

Наши рекомендации