Артық дене салмағы
Көптеген медициналық зерттеулер артық салмаққа немесе семіздікке шалдық -қан адамдарға қуантарлық жаңалықтар әкелмеуде. Дене салмағының сәйкес емес ұлғаюымен қоса көптеген аурулар қаупі де артады. Олардың тізімі келесі -дей: жүрек-қантамыр аурулары, артериалдық гипертензия, екінші типті диабет, кейбір онкологиялық дерттер (сүт безінің, қуық асты безінің, бауырдың, тоқ ішектің, т.б. қатерлі ісіктері), бедеулік, жүктіліктің асқынулары, өт немесе несеп жолдарында тас байлануы, ентігу және ұйқы апноэсі (ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтап қалуы), т.б. Салмақ азайту жолында әрекетті шаралар қолданба ған жағдайда артық дене салмағы семіздікке айналады. Дене бойында жинақтал ған артық маймен күресуге қарағанда артық килограм қосудың алдын алу барлық жағынан алғанда оңайырақ және тиімдірек.
Артық дене салмағының артуына төмендегі жағдайлар себеп болады:
1.Көміртегісі мол жеміс жидектерді (жүзім, інжір, банан,қауын құрма т.б.) мол пайдалану.
2.Ақ нан, макарон өнімдерін мөлшерден артық қолдану
3. Аз қозғалыс
4. майдық көп болуы да зиян
Сондықтан төмендегі режимді сақтау керек:
-қияр, қызанақ, баклажан,қарбыз, қырыққабат, редис, шалқан көкөністерін бар-
ша мол жеуге тырысқан жөн.
- Бұршақ, фасоль, лобияда қан құрамындағы қанттың молаюына еш әсерін тигізбейді.
-Майды тәулігіне 30 грамнан артық пайдаланбаған дұрыс.
- Тамақ ішу режімі күніне 5-6 рет, әр 3 сағат сайын аз-аздан, бөліп-бөліп тамақтану ұйқы безінің организмде қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тамақты әрдайым бір мезгілде жеуді де әдетке айналдырған жөн.
-Тұзға да абай болған дұрыс. Өйткені, оның молаюы организмде ылғалдың көбеюіне, артериальдық қысымның жоғарлауына соқтырады.
- Науқастың ғұмыр бойы ем-дәм тәртібін сақтауы шарт.
Сонымен, денсаулық пен сымбат үшін тамақтану рационының қайсысыаса пайдалы болмақ? Күнделікті ас мәзіріне қосу қажет: 5-6 үлес көкөністер, әр 3-4 үлес тазартылмаған тұтас дәнді жармалар мен олардан жасалған өнімдер (мысалы, тұтас-дәнді нан, кебек қосылған ірі тартылған ұннан жасалған нан); 2 үлес жеміс-жидек; екіден бір - 1 үлес кез келген бұршақ тұқымдастар; бір уыс жаңғақтар мен дәндер; 4-5 шәй қасық пайдалы өсімдік майлары (зәйтүн, рапс (канолдық), т.б.); 2-3 үлес сүт өнімдері (сыр 40 гр артық емес, сары май 30 гр артық емес); 2 шыныаяқ көк шәй; розмариннен, зімбірден, куркумадан жасал -ған, қара бұрыш қосылған татымдықтыр; Аптасына бірнеше рет жеу қажет: балықты, жұмыртқа және құс еті. Күнделікті ас мәзірін құрастыра отырып, әр адамның сыртқы пішіні мен мінезінің алуан түрлі келуі секілді тағамдық қажет -тіліктерінің де ерекшеліктері бар екендігін ескеру қажет. Біреуге ет жеуге бол -майды, басқаның өсімдік тектес ақуыз- глютенге (бидайда,қара бидайда,арпада, ақ күріштің кейбір сұрыптарында болады) аллергиясы болуы ықтимал. Хал-жайыңызға қарай организмнің жеке мұқтаждығын ескеретін тамақтану рацио- нын құрастырып алуыңызға болады.!
Есірткі қолдану
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.Нашақор-
лық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!
Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?
Баланың болашағы – елінің болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін ұмытпағанымыз абзал.
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы.
Сонымен қатар жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналы -сып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.