Пияздың ауруының дамып таралуы

Кесте

р/с № Ауылдық округ аттары Тексер-ні, мың га Қоныстанғаны, мың га Таралуы, % Дамуы,%
барлығы Дәрежесі бойынша
төмен орташа жоғары
Көгершін 0,002            
Құмарық 0,004            
Барлығы: 0,006

Болжам:2016 жылы пияз егістігінде ақ ұнтақ ауруының дамып таралуы ауа-райы жағдайларына агротехникалық іс шараларға байланысты болады. Сонымен қатар топырақтағы инфекция қорына да байланысты болады

Пияз егісінде кездесетін зиянкестермен аурулардың күресу шараларының мерзімін хабарлау.

Күресу шаралары біріншіден агротехникалық: егіс айналымы; пиязды ерте мерзімде отырғызу; қатарларды негізгі жер бағытына, қалыңдықсыз, бірақ жақсы желдендірілетін аумақтарда орналастыру; көп жылдық пияздар мен тұқымдықтарды тауарлықтардан жекелеуді қамтиды. Пияздың ауруының алдын алу үшін жүйелі түрде 12-14 күнде бір рет, ал ылғал ауа райында 7-8 күндік аралықпен байланыстық фунгицидтармен профилактикалық өңдеуді жүргізу керек (мыс хлортотығы, поликарбацин, купроксат, дитан М-45 және т.б.). Аурудың пайда болуына жағымды жағдай туған кезде және аурудың алғашқы белгілері көрінгенде системалық фунгицидпен өңдеу жүргізу керек (мысалы, альетт, акробат МЦ, ридомил МЦ, курзат Р). Болашақта байланыстық және системалық фунгицидтарды міндетті түрде алмастыру, сонымен қатар әр түрлі әрекет ететін препараттарды алмастыру қажет. Пероноспорозға дитиокарбоматтарды, хлороралонил, алюминий фосетилі, металаксил және оларға ұқсас заттарды қамтитын препараттар жақсы әсер етеді. Пияздың ақ шірігі (склеротиноз) –Sclerotinium cepivorum Berk қоздырушысы. Барлық жерге таралған микоз. Ерекше қауіпті жауындардың мөлшері көп жылдар төндіреді. Вегетация кезінде және қоймаларда кездеседі. Егісте ақ шірік жай дамиды, бірақ ол сақтау мерзімінде де дамуын жалғастырады. Жапырақтарында белгілер тек патоген сабақ ішінде және пияздарда көбейгеннен соң ғана көбейеді. Белгілері, кейін жапырақтардың өлуі басталатын, жапырақтың ерте сарғаюын және ескі жапырақтардың кебуін, дамуының тоқтауын қамтиды. Егер топырақ қатты жұқпаланған болса пияз өте үлкен алаңдарда кенеттен өлуі мүмкін. Ерте белгісі болып, пияз немесе сабақ түбінің айналасында ақ «мамық» жіпшумақтың пайда болуы табылады. Жаз аяғында пиязшық қабығы жұмсарады, сулы болады. Олардың беткейінде немесе қабық арасында, олардың көмегімен саңырауқұлақ көрші пияздарға тікелей қатынаста көшетін ақ сауыттәріздес жіпшумақ пайда болады.

Орытынды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстігі ғана таулы. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстігі қуаң болып келеді. Т.Рысқұлов ауданы бойынша ерекше қауіпті зиянды организмдерге жүргізілген систематикалық бақылау бойынша ерекше қауіпті зиянды организмдер: пияз шыбыны, темекі трипсі сонымен қатар шыбын күйесі болып табылады. Бұл зиянкестердің салдарынан өсімдіктер өсуінен кешігеді, жапырақтары солады, сары-сұр түске ие болады, содан соң кебеді. Зақымданған өсімдіктер жерден оңай суырылады. Зақымданған жуашықтары жұмсарады, шіриді, жағымсыз иіс шығарады.Әсіресе шыбын кеш мерзімде отырғызылған пияздарды қатты зақымдайды екен. Ал пияз аурулары арасында жалған ұндық шық (пероноспороз), церкоспориоз, ақ және басқа да шіріктер кең тараған екен. Оның белгілері таңертең шық бар кезде, ескірек жапырақтарда жақсы анықталады. Салдарынан зақымданған жапырақтар сарғаяды және кебеді. Зақымданған пияздар саулардан баяу өседі. Өнімділік кенет азаяды. Залалданған пияз қабықтары еттілігімен және беткейінің тегіс еместігімен ерекшеленеді. Күресу шаралары біріншіден агротехникалық: егіс айналымы; пиязды ерте мерзімде отырғызу; қатарларды негізгі жер бағытына, қалыңдықсыз, бірақ жақсы желдендірілетін аумақтарда орналастыру; көп жылдық пияздар мен тұқымдықтарды тауарлықтардан жекелеуді қамтиды. Пияздың ауруының алдын алу үшін жүйелі түрде 12 - 14 күнде бір рет, ал ылғал ауа райында 7 – 8 күндік аралықпен байланыстық фунгицидтармен профилактикалық өңдеуді жүргізу керек.

Наши рекомендации