Тақырып. Логистиканың шет елдік тәжірибесі

Жоспар

1. Логистика дамуының шет елдік тәжірибесі

2. Ғаламдық логистикалық жүйелер

Негізгі түсініктер:концепция, дайын өнім, жабдықтаушы, сапа.

Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет.

Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан қарау мәселелері толығынан төменде қарастырылады. Шикізат және жұмыс күші арзан елдердегі өндірістік бөлімшелерді дұрыс орналастыру, қойма шаруашылығының орналасуын және құрылымын оңтайландыру, шикізатты, бөлшектерді және дайын өнімді дұрыс тасымалдау әдістерінің, қосалқы бөлшектермен жабдықтауды және логистикалық сервисті ұйымдастыру есебінен корпорациялардың логистикалық шығындарын төмендету мәселелері қарастырылды.

Соңғы жылдары нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, логистика атты жаңа ғылыми практикалық ағым пайда болып, белсенді түрде даму үстінде. Бұның барлығы логистикалық бағыттың капиталистік елдер экономикасында дамып, елеулі нәтиже беруі арқасында. Логистика көптеген IBM, Proctor&Gamble, General Motors, Ford Motors, Johnson&Johnson атты корпорациялардың бизнес құралына айналды.

Бұл бөлімде логистикалық концепциялардың өндірістік үрдістің рентабельдігін көтеріп, оны оңтайландыру, сонымен қатар, өндірілетін тауарға немесе қызметке бәсекелестер тауарынан артық қасиеттер беру жағдайлары қарастырылады.

Батыс мамандар мен ғалымдар көптеген кәсіпорындарда тиімді, бәсекелестерден артықшылық беретін, әрі кеңінен қолданылатын көптеген логистикалық концепцияларды құрастырған болатын. Төменде келтірілген концепциялар отандық кәсіпорындарға одан әрі өнімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық концепция “just-іn-tіme” – JIT (“дәл мерзімде”) концепциясы болып табылады. Бұл концепция 1950 жылдың соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы және басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға “Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар, сондай-ақ бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты — автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің және жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Бастапқы тәртіп келесідей болды: егер өндірістік кесте берілсе, онда барлық материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар керекті көлемде, қажетті орында және дайын өнімді өндірудің дәл белгіленген мерзімінде жеткізілетіндей етіп материалдық ағымдар қозғалысын ұйымдастыру қажет. Мұндай жағдайда сақтандырушы қорлар керексіз болып қалды.

Логистикалық тұрғыдан, JIT — бұл қорлардың минимум талаптары шексіз қорларды басқарудың бинарлы логикасы, мұндағы материалды ресурстар ағымы өндірістік кестемен берілетін қажеттілікпен синхрондалған. Мұндай синхрондау-бұл екі базистік логистикалық функциялардың, яғни жабдықтаудың және өндірістік менеджменттің үйлесуі. Кейіннен JIT идеологиясы бөлуге, дайын өнімді өткізу жүйесіне табысты түрде енгізілді, ал қазіргі уақытта макрологистикалық жүйеде де өз дамуын алып отыр.

JIT - ның қазіргі бизнестің түрлі салаларында кең дамуын ескере отырып, оған келесі анықтаманы беруге болады:

“JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы” JIT концепциясы алдыңғы бөлімде қарастырған логистикалық циклмен және оның құрамдастарымен тығыз байланысты. Идеалды жағдайда материалды ресурстар, жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер логистикалық тізбектің (арнаның) белгілі бір орнына, оларға қажеттілік туған мезетте жеткізілуі тиіс, бұл өндірістегі бос қорларды болдырмайды. JIT әдісіне негізделген қазіргі логистикалық жүйелер логистикалық циклдың қысқа құрамдастарына бейімделген, бұл жүйе звеноларының сұраныс өзгерісіне және сәйкесінше өндірістік бағдарламаларға тез әсер етуін талап етеді.

12 дәріс.Логистиканы ұйымдастырудың перспективті формалары мен әдістері

1. Логистикалық шығындардың негізгі түрлері

2. Логистикалық компромис түрлері

Негізгі түсініктер: логистика инфрақұрылымы, фирма, интернет желісі, компромисс.

Қазіргі кездегі логистика-бұл копьютерлі-интегрирленген логистика. Логистикалық инфрақұрылымның жағдайы әлемде нарықтық дамудың, инвестициялық тартымдылықтың және қандай да – бір территорияның экспортты-активизирлеуші факторы болып табылады. Көлік, қойма, сауда және сервис бірігеді және өзара бір-бірін дамытады. Сенімді сауда-көліктік инфрақұрылым-аймақтардың шаруашылық интеграциясының мықты негізі, мемлекеттің дезинтеграциясына қарсы әсер етудің қажетті факторы.

Сондықтан шет елдердің көпшілігінде сауда-көліктік және оған сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның дамуы мемлекеттің қатаң бақылауында болады, ол тек тура бюджеттік ассигнациялар түрінде ғана емес, сонымен қатар заңдылықты ұйымдық-экономикалық реттеу және координациялау арқылы.

Сонымен, Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастар негізінде интенсивті көтеру мақсатында тауар қозғалысын өндірушіден соңғы тұтынушыға жеткізуді максималды түрде жеделдетуге әрекет ететін кешенді логистикалық сауда-көліктік объектілер мен желілер құру қажет. Осы мәселе бойынша мәліметтерді талдау және жүйелеу келесідей шешімдерге әкеледі:

1. Әртүрлі фирмалар өздерінің іс-әрекетінде электронды коммерция тәсілдерін қолдану көлемін әрі қарай жоғарлату тенденциясы болып отыр;

2. интернеттің желілік технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

3. қазақстандық нарық электронды коммерциямен әлі жаулап алынған жоқ, Батыстың әсерін есепке алмағанда іс-әрекеттің бұл түріне өте үлкен басымдылық бар;

4. интернеттің желілік технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

5. логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет. Енді келесі схема түрінде тауар нарығының инфрақұрылымын логистикалық интеграция арқылы жетілдіруді қарастырайық.

6. интеграцияға деген қажеттілік аумақтық және салалық құрылым түріне қарамастан барлық өндірістік-коммерциялық кәсіпорындарға тән болып келеді. Қазақстан экономикасының дамуының бүгінгі жағдайы нарық нарық инфрақұрылымына қызмет көрсететін өнеркәсіптік, сауда кәсіпорындары мен компанияларын интегрирленген жүйеге біріктіру бойынша жағдай жасауды талап етеді. Мұндай біріктірудің басты себебі-өндіріспен байланыссыз шығындар көлемін жоғарылатату жағдайын тудыратын шикізат пен матеиал көзінің тұтынушылардан географиялық алыс орналасуы.

7. тауар нарығының инфрақұрылымын тауар қозғалысының логистикасы есебінде алып, осы интеграциялау жолдарын көрсетіп отырмыз, бірақ біздің елде бұл процесті енгізу үшін бүгінгі күні мемлекеттік қолдау қажет, себебі логистикалық жүйені тиімді құрып, оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етеін мамандар дайындауға, логистикалық интеграцияны басқару органын құруда мемлекеттің алатын орны зор.

Біздің елімізге басқа шетелдік капиталистік елдерде қолданылатын логистикалық жүйелер мен концепцияларды қайталаудың қажеті жоқ. Олардың жинаған тәжірибесін және өзіміздің потенциалды және елдің спецификаық ерекшелігін ескере отырып, біз тез қарқынмен заманауи логистикалық көзқарасты және отандық бизнестегі нарықтық бағытталған құрылымдардағы жүйені енгізуіміз қажет. Дүние жүзінде таңымал, кең қолданылатын JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б. концепцияларын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ерекшеліктерін ескере отырып, енгізу, жетілдіру жақсы болар еді.

Қазақстан үшін оның үлкен территориясымен қайта шығарудың жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы транспорттық және транспорттық-экспедициялық кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды: транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер, транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар және т.б.

Тұтынушыларға нәтижелі қызмет көрсету, көптеген транспорттық-логистикалық фирмаларды және аудандардағы делдалдардың жұмысын басқару және координациялау жергілікті транспорттық-логистикалық жүйесіз мүмкін емес. Осы жүйелердің түзетуші және біріктіруші потенциалды белгілі аудандардың әлуметтік-экономикалық дамуына, транспорттық-логистикалық қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелілігін ұлғайту, олардың әлемдік стандарттарға жақындауы, жергілікті материалдық және оларды ақпараттық және қаржылық ағыммен қамтамасыздандыратын заманауи логистикалық басқару технологияларын енгізу.

Еліміздің экономикасында қалыптасқан жағдай принципиалдық жаңа жүк ағымын басқарудың терминалды технологияға және тауар қозғалысының логистикалық принципіне негізделген жаңа жүйенің пайда болуын талап етеді. Жергілікті жүйенің логистикалық қызмет көрсету қалыптастыру стратегиясы ірі қалалардың жан-жағында жүк өңдеуші және жүк жинаушы терминадар желісінің және көпмақсатты мультимодальдық терминалдық кешендердің, сонымен қатар олардың тасымалдаушылар, экспедиторлар және жалпыға бірдей ақпараттық қолдау және телекоммуникация арқасында басқа да логистикалық серіктестермен жұмысын басқару және кординациялауды жүзеге асыратын логистикалық орталықтардың құрылуына негізделуі қажет. Жергілікті макрологистикалық жүйе клиенттерді әлемдік стандарттарға өндірістік технологиялық деңгейімен және тұтынушыларға логистикалық қызмет көрсету кешенділігі және сервистілігімен жауап беретін транспорттық-экспедициялық, қоймалық, жүк өңдеуші, кедендік және сервистік қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етуі қажет.

Біріншіден мультимодалді транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау жүйесінің жетілдірілуі маңызды.

Қазақстанның жергілікті макрологистикалық жүйесінің құрамындағы транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау көрсетуі мыналарды қамтамасыз етеді:

· аудандардың әлеуметтік-экономикалық сауалдарын шешу, жаңа жұмыс орындарын туғызу және инвестиция тарту арқылы халықтың жұмыс істеу деңгейін жоғарылату; қала бюджеттеріне түсімнің көбеюі макрологистикалық жүйенің жұмыс жасауынан және тұтынушы транспорттық-логистикалық сервис нарығының кеңеюінен;

· тұтынушыларға транспорттық-логистикалық қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қызмет көрсету сапасының заманауи біріккен логистикалық тенологияларды енгізу және логистикалық сервистің жергілікті өндірістік техникалық базасының дамуы арқасында әлемдік стандарттарға жақындату;

· сыртқы экономикалық байланыстарды шетелдік инвестицияларды және серіктестерді қалыптасып жатқан макрологистикалық жүйеге тарту, әлемдік стандарттарға сай экспорттық-импорттық операциялардың транспорттық-логисткалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Транспорттық дәліздер арқылы жүзеге асырылатын интермодальді тасымалдаудағы әлемдік нарықтағы Қазақстандық тасымалдаушылар мен логистикалық фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

· логистикалық орталықтар және сертификациялау орталығының транспорттық-логистикалық фирмалардың атқарушы билік органдарының қадағалауымен қызметтер жүйесі арқылы мониторинг жүйесінің, транспорттық-логистикалық қызметтердің нарығын қалпына келтіру, қадағалау және нарықтың нәтижелі қалыптасуы;

· транспорттың қоршаған ортаға кері әсерін азайту жергілікті материалдық-транспорттық ағымды рационалды қалыптастыру, тасымалдаудың оңтайлы маршрутты таңдау, қозғалмалы құрамның және технологиялық тасымалдаудың халықаралық стандарттарға сәйкес рационалды таңдау арқылы;

· ауданда отандық және халықаралық биржалық және банктік іскерлікті жүзеге асыру;

· отандық және шетелдік транспорттық және логистикалық фирмалары үшін бір нормативті құқықтық базаны және кепілдік жүйесін дайындау;

· логистикалық координация және оның жұмысының мультимодальдық және интермодальдық тасымалдау арқылы оны қолдау арқасында ауданда транспорт жұмыс жасауының нәтижелілігін жақсарту.

Логистика белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады.

Қазақстандағы логистиканың басқа да болашағы бар даму бағыттарын алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.

13 дәріс.Логистикалық менеджмент

1. Логистикалық менеджменттің ұйымдық аспектілері

2. Логистикалық талдау

Негізгі түсініктер:логистикалық басқару, логистика саласындағы қызмет, логистикалық ассоциациялар.

Қазіргі таңда логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы компаниялардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

АҚШ компанияларының 75%-ында осындай логистикалық бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді сондықтан бұл команиялар нарықтық бәсекеге жақсы бейімделген.

Шикізаттың бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды ағымдардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен, ораумен және материалды ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты шығындар құрайды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда. Сонымен,логистикалық әдістерді қолдана отырып төмендегі артықшылықтарға жете аламыз: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау, өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау, материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау, өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау, логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру;дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі логистиканың рөлі өте зор.

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында "Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет, ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр.

Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі — бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.

Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын, себебі кәсіпорынға логистиканы жүргізу беймәлім белгісіз зат, оны қалай өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген сұрақтар туындайды бұл сауалдардың әр бірі өз бетінше тағыда сұрақтар туғызады, ал осының бәрін дұрыс қолданбауы нақты мәліметтердің бетін ашпайды, яғни сондықтан нарықтағы кәсіби маманданған логистиканы жүргізумен айналысатын ұйымдарға жүгіну дұрыс шешім болады.

Наши рекомендации