Тақырып. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелін талдау.
Нарық экономикасында капиталдың құнын анықтау негізгі үш факторға байланысты жүргізіледі:
1. Капиталды құрастыруға кеткен шығындардың төмен болуы.
2.Инвесициялық шешімдерді бағалау және қабылдау процесіндекапиталдың максимилизациялануы анықталады.
3. Капитал өсімділігін анықтау үшін әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынас негізінде шығындарды төмендету.
Капитал салымдық шешім қабылдау әр түрлі жобаларды инвестициялау кезінде капиталды жоғарлату мақсатында ұзақ мерзімді шешім қабылдау. Салымдық шешім қабылдау, инвестиция бойынша сметаны құрастыру процесімен оларды бағалау мен қайтарымдық немесе өтемділік мерзімімен тығыз байланысты. Инвестициялық шешім қабылдау процесі төмендегі бағыттарда жүргізіледі:
Компанияның қандай инвестициялық жобаны таңдау мүмкіншілігі;
Капитал салымдық процестің жалпы сомасын анықтау және капитал салымдық соманы өткізу кезіндегі қосымша шығындарды анықтау.
Инвестициялық процесс немесе капитал салымдық жоба портфелі қандай ресурстар арқылы қаржыландырылатының анықтау.
Инвестициялық шешім қабылдау капитал салымдық жобаны әр түрлі экономикалық жағдайлардағы бағасына, оның табыстылығына және бәсекелестіктің дамуына байланысты тәуекелдерін анықтауға болады.
Инвестицияның бағасын анықтау процесі:
1. Компанияның стратегиясына байланысты инвестициялық процестің әр түрлі бағыттарын анықтау.
2.Таңдап алынған эскиздік жобалық ерекшеліктерін қарастыру негізінде құжаттарды дайындау, осы жобаны талдау, осы саланың ерекшеліктерін талдау.
3. Бастапқы негізде әр түрлі өткізілетін жобалар бойынша нақты варианттарды анықтау.
4. Барлық таңдап алынған варианттардың бағасын салыстыру.
5. Инвестициялық жобаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім анықтау.
Инвестициялық салымдарды бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
1. Дисконтталмаған әдістері
2. Дисконталған әдістері
Дисконтталмаған әдістердің іс жүзінде екі түрі қарастырылады:
өтімділік, қайтарымдылық әдісі
өтімділіктің немесе қайтарымдылықтың есепті коэффициенті арқылы бағалау.
Өтімділік немесе қайтарымдылық әдісі инвестициялық салымның қайтарымдылығын және одан түсетін ақша қаражаттарына қажет уақытты анықтайды. Егер де салынған инвестициядан әр жыл сайын таза ақша түсімдері бірдей мөлшерде болса, онда қайтарымдылық немесе өтімділік кезең алғашқы салынған инвестицияны жыл сайынғы күтілетін ақша түсімдеріне бөлу арқылы анықталады.
Өтімділік кезең = алғашқы салым / жыл сайынғы таза ақша ағымы
Егер жыл сайынғы ақша түсімдері бір қалыпты болмаса, онда қайтарымдылық ткезеңін анықтау үшін таза ақша ағымдарын алғашқы инвестиция қайтарылғанға дейін анықтау қажет. Бұл әдістің негізгі кемшілігі инвестицияның немесе капиталдың уақытқа байланысты құнының ескерілмеуі. Екінші кемшілігі инвестициялық салымның немесе капиталдың өтімділік кезеңінен кейінгі ақша ағымдарын немесе ақша тәукелділіктерін қарастырады.
Дисконтталған әдітері:
Дискотталмаған ақша ағымы әдісі ―инвестициялық салымдар үшін күтілетін ақша түсімдерінің барлығын және олардың белгілі бір мерзімге төленетіндігін анықтайды. Дисконтталмаған әдістер ақша салымының немесе ақша бірліктерінің мерзімдік белгілі бір уақытқа бекітілген құнын анықтауға бағытталған . Бұл әдістердің негізгі мақсаты инвестициялық салымдардар бойынша қазіргі кезде немесе бүгінгі күнге алынған ақша бірлігі болашақтағы ақша бірлігінен қ―мбат тұрады. Бұл мақсат, қағида ақша бірліктерінің бүгінгі күнгі мөлшерін процентке беру мұмкіншілігін анықтайды.
Капитал мен инвестициялардың болашақтағы құнын анықтау төмендеі коэфициент арқылы жүзеге асырылады.
FVn = V0``(1+ К)т , мұндағы
FVn ― инвестициялық қорлардың долашатағы құны
V0 ―инвестициялық салымның алғашқы құны
К ― салынған капиталдың табыстылықтың нормасы
n― қанша жылдағы құнын анықтау
Капитал салымдарының болашақтағы құнын ақша бірліктерінің болашақтағы құнын анықтау таблицаның негізінде анықтауға болады. Ақша бірліктерінің болашақта алынатын мөлшерін анықтау кезінде капиталдың ағымдағы құнын анықау процесін дисконттау процесі деп атаймыз. Ал алынған көрсеткішті капиталдың құнын дисконтталған деп аталады. Дисконтталған құн ағымдағы немесе келтірілген құн ретінде қарастырылады. Инвестициялық немесе капитал салымдарының келтірілген құнын анықтау үшін формуланы төмендегідей түрлендіре аламыз.
V0= FV / (1+K)n
Осы формуладан дисконттау факторын анықтауға болады:
DF= 1 / (1+K)n
Таза келтірілген құн әдісі. Таза келтірілген құн әдісі белгілі бір инвестициялық жобадан күтілетін ақша табысын анықтауға бағытталған. Бұл әдіс бойынша барлық күтілетін ақша түсімдерінен және ағымдағы кезеңдердегі күтілетін табыстылық ставкасын қолдана отырып, төлемдерді қайтару процесін дисконттауды көрсетеді